Та?дау курсы Ы?тималды?тар теориясы ж?не комбинаторика элементтері (9-класс)


Жағыпарова Арай Бақытқызы
Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз ауданы
«Горный жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика-информатика пәндерінің мұғалімі.
Жағыпарова Арай Бақытқызы
«Ықтималдықтар теориясы мен комбинаторика элементтері»
таңдау курсының бағдарламасы
Түсінік хат
Математика - нақты ғылым, бір қарағанда кездейсоқтыққа ешқандай қатысы жоқ сияқты. Алайда, осы кездейсоқтықтың сандық сипаттамасын, ықтималдық ұғымын берген математика ғылымы екені белгілі. Ықтималдықтар теориясы өмірдегі кездейсоқтықтарды зерттеп, олардың заңдылықтарын ашады. Қазір ықтималдық теориясының әдістері қолданылмайтын сала жоқ. Ықтималдық статистика әдістерін қолдану көптеген ғылым салаларында дәстүрлі бағыт болуда. Оларға физика, геодезия, өлшеу теориясы және т.с.с.жатады. кейінгі кезде ықтималдық теориясын медицина және биология, әскери ғылым мен космонавтика, лингвистика, психология теориясы мен оқыту теориясы, т.б.ғылымда да қолдана бастады. Одан басқа ықтималдық әдістерінің негізінде ықтималдық теориясын шыққан жаңа ғылымдар қатары пайда болуда. Бұлар – ақпарат теориясы, сенімділік теориясы, сапаны статистикалық бақылау, тәжірибені жоспарлау және т.с.с.
Міне, осы орайда мектеп математика курсында ықтималдық теориясы мен комбинаторика элементтерін оқытуға сағат саны аз берілетіндіктен, тереңірек оқып-үйрену үшін осындай курстарды өткізудің маңызы зор.
Бұл таңдау курсы нақты өмірде статистиканың заңдылықтары туралы түсініктер алуға және әртүрлі тәсілдерін үйренуге мүмкіндік береді.
Мақсаты:
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерінің негізгі ұғымдарын кеңейту, игеру, жалпылау;
Ғылыми-техниканың қарқынды дамуында ықтималдықтардың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Комбинаториканың қарапайым есептерін шешудегі формулаларды игеріп, ерекшеліктерін білу;
Ықтималдық статистика әдістерін мәліметтерді өңдеуде қолдана білу;
Кездейсоқ шамалардың талалу заңдылықтарының өмірдегі, қоғамдағы маңызы жайлы білу.
Күтілетін нәтижелер. Таңдау курсты оқытудың соңында оқушылар:
Ықтималдық, арифметикалық орта, мода, медиана, ауытқу ұғымдарын білу;
«Статистика», «басты жиынтық», «таңдау», «статистикалық қорытынды» ұғымдарын тану;
Кестені, диаграмманы оқу және құра білу;
Ықтималдықтың классикалық анықтамасы бойынша есептер шығара білу;
Элементар оқиғалардың сандарын комбинаториканың формулалары арқылы есептей білуді;
Математикалық болжам, дисперсия және квадраттық ауытқу ұғымдарын білу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.
Бағдарлама мазмұны:
9 - класс
Аптасына 1 сағат
Жылына 34 сағат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
№ Тақырыптар Сағат саны Өтілу формасы
Кіріспе (1 сағат) 1 Ықтималдықтар теориясы мен комбинаторика элементтерінің тарихынан мағлұматтар 1 Дәріс
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдары (11 сағат) 2 Элементар оқиғалар. Оқиғаларға қолданылатын амалдар. 1 Дәріс
3 Өзіндік жұмыс 1 Практикалық жұмыс
4 Оқиғаның ықтималдығы. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. 1 Практикалық жұмыс
5 Ықтималдықтың қасиеттері. 1 Практикалық жұмыс
6 Өзіндік жұмыс 1 Практикалық жұмыс
7 Геометриялық ықтималдық 1 Практикалық жұмыс
8 Статистикалық мәліметтерді кескіндеу 1 Дәріс
9-10 MS Excel-де тәжірибелік жұмыс 2 Практикалық жұмыс
11-12 Статистикалық мәліметтердің сандық сипаттамалары 2 Практикалық жұмыс
Комбинаторика элементтері (12 сағат) 13 Қосынды ережесі 1 Практикалық жұмыс
14 Көбейтінді ережесі 1 Практикалық жұмыс
15 Қайталанбалы орналастырулар 1 Практикалық жұмыс
16 Қайталанбайтын орналастырулар. Алмастырулар 1 Практикалық жұмыс
17 Қайталанбайтын терулер 1 Практикалық жұмыс
18-20 Комбинаторика формулаларын оқиғалардың ықтималдықтарын есептеуге қолдану 3 Практикалық жұмыс
21-22 Ньютон-Бином формуласы 2 Практикалық жұмыс
23-24 Бернулли теоремасы 2 Дәріс. Практикалық жұмыс
Кездейсоқ шама(8 сағат) 25-26 Кездейсоқ шаманың таралу заңдылығы 2 Практикалық жұмыс
27-28 Математикалық болжам 2 Практикалық жұмыс
29-30 Дисперсия 2 Практикалық жұмыс
31-32 Орташа квадраттық ауытқу 2 Практикалық жұмыс
33 Қорытынды сынақ жұмысы 1 Сынақ жұмысы
34 Жобалық іс-әрекет 1 Шығармашылық жұмыс
Барлығы:34 сағат Пайдаланылған әдебиеттер:
Жаңбырбаев Б.С. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері» Алматы, 1988 жыл
Бектаев Қ. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» Алматы, «Рауан»б 1991 жыл
Қасенов А., Әбенов М., Қойлышов У. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика бойынша есептер жинағы» Алматы, 1999 жыл
Студенецская В.Н. «Решение задач по статистике, комбинаторике и теории вероятностей. 7-9 классы» Волгоград, «Учитель», 2005 год.