Шерхан М?ртаза ?аза? ?дебиетінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары


Сабақ жоспары
Тақырып: Ш. Мұртаза.
Сабақтың мақсаты:
1.Біліміділік: мәтінді сын тұрғысынан ойлану арқылы меңгерте отырып, қыз бен бота туралы түсініктерін кеңейту,өз ойларын ортаға салу.
2.Дамытушылық: еріктілікті дамыту,қабілеттілігін,таным мүмкіншілігін арттыру,топта,жекелеп жұмыс істеуге үйрету;
3.Тәрбиелік: ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,сұрақ-жауап,ән тыңдау, сын тұрғысынан оқу
және жазу технологиясының стратегиялары.
Көрнекілік құралдар:ана туралы нақыл сөздер,мақал-мәтелер, ардақты,есімдері кеңшілік елге
танымал аналардың суреттері
Пәнаралық байланыс: ән-күй,тарих,бейнелеу өнері сабағы, орыс әдебиеті.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп,орындарына
отырғызу, оқушыларды түгендеу,сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
Үнтаспадан әні баяу шырқап тұрады

I. Сабақ тақырыбына қызығушылық туғызу – побуждение.
Қыз, бота деген сөзді айтқанда ойға қандай ассоциациялар келеді? Ассоциация құрастыру.

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Мәтіннің 1 бөлімімен жұмыс жасау. Алдын ала берілген тапсырма бойынша:
1 топ – қыздың бейнесін суреттеген жерді мәтіннен тауып, дауыстап оқу керек.
Дәптерге мінездеме жазу.
2 топ – әйел-ананың құдреті туралы айтылған бөліктерді тауып,дәптерлерге жазу.
3 топ – мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалу.
III. Оқушылардың ой-паікірін білу – рефлексия.
Оқушылар топ – топ болып берілген өз беттерімен жасаған жұмыстары туралы
әңгімелейді. Дәптерге жазылған мінездеме мен ана туралы сөздерді
оқиды. Мәтіннің мазмұнын айтады.
2-3 оқушы кітап көрмесі туралы әңгімелеп береді.
1-2 оқушы «Қыз бен бота» деген тақырып бойынша баяндайды.
2-3 оқушы ана туралы мақал-мәтелдерді оқып мазмұнын түсіндіреді.
2. Сабақты қорытындау.
3. Бағалау.
4.Үйге тапсырма: 106 б. сұрақтар ман тапсырмалар.