Та?ырыбы:?аза? тілі п?нінен І жартыжылды? бойынша білімдерін бекітуге арнал?ан ж?мыс ?лгісі


Қазақ тілі пәнінен І жартыжылдық бойынша білімдерін бекітуге арналған жұмыс үлгісі
4033520-21209000Салихова Батима
бастауыш сынып мұғалімі
Сүйіндік жалпы орта мектебі
Құрманғазы ауданы, Атырау обл.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың І жартыжылдықта қос сөздер, біріккен сөздер, зат есімнің септелуі, біріңғай мүшелер туралы алған білімдерін бекіту.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім
Бұл жұмыс түрі бойынша осы уақытқа дейін өтілген оқу материалдары (қос сөздер, біріккен сөздер, зат есімнің септелуі, біріңғай мүшелер) қайталанады. Оқушылардың төмендегі ұлгідегідей сұрақтарға жауап ала отырып, білімдері пысықталады.
Қос сөздер қалай жасалады?
Біріккен сөздер дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше септік жалғауы бар? Септік жалғаулары сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Біріңғай мүшелер дегеніміз не? Олардың арасына қандай тыныс белгісі қойылады
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қос сөздер:
Бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қайталануы, күшейткіш буындардың қосарлануы арқылы жасалатын, қос сөздің дефис арқылы жасалатыны еске түсіріледі. Мысалы, үйір-үйір, бала-шаға, оп-оңай.
2. Біріккен сөз
Сөзден сөзді тудырыудың бір тәсілі-сөз бен сөзді біріктіріу.Ал әр алуан қоғамдық ұйымдармен мекемелердің,әр түрлі шамалардың атаулары бірнеше сөз арқылы айтып жатпай-ақ,қысқартып жазуға болатыны еске түсіріледі.Мысалы:елтаңба,дүниетану, сиясауыт, меймандостық , құмсағат, өнеркәсіп, алабұға.
3. Қысқарған сөздер:
Қысқарған сөздер сөздердің басқы әріптерінен құралатыны айтылады. Мысалы: БҰҰ, мм, ҚР.
4. Зат есімнің септелуі туралы алған білімдері пысықталады.
Атау септігінде тұрған сөздердің астын сызу.
Су сөзін жатыс септігіне дейін жазу.
Оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында тест жұмысын жүргізуге болады.
Әр топтағы сөздерді оқып, бірыңғай мүшелерді белгіле:
а) жолбарыс, қасқыр, арыстан;
ә) қағаз, сары, кішкентай;
б) жолбарыс, сары, аң, қасқыр.
Бірыңғай мүше сөйлемнің неше мүшесімен байланысады:
а) бірнеше мүшесімен;
ә) бір ғана мүшесімен байланысады;
б) білмеймін.
Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады:
а) леп белгісі;
ә) сұрақ белгісі;
б) нүкте;
в) үтір.
Бірыңғай мүшелер қай сөз таптарынан жасалады:
а) зат есім, сын есім, сан есім, етістік;
ә)зат есімнен;
б) зат есім, сын есім.
Біріккен сөздерді көрсет:
а) ҚазМУ,ҚР;
ә) ақсүйек, саңырауқұлақ,Ботагөз;
б) кг,ХХІ ғасыр.
Қайталама қос сөздерді белгіле:
а) Сатұр-сұтыр, сарт-сұрт;
ә) тау-тау, кезек-кезек;
б) тап-таза, үп-үшкір,әртүрлі.
Қосарлама қос сөздерді белгіле:
а) ертелі-кеш, мән-мағына;
ә) ұп-ұзын, қып-қысқа;
б) қыңқ-қыңқ, отар-отар.
Шамаларды білдіретін қысқарған сөздерді белгіле:
а) тонна, килограмм, грамм;
ә) Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан;
б)пединститут, ТУ;
в) т,кг,г.
Жатыс септігінің жалғауы бар сөзді тап:
а) мамыққа;
ә) мамықты;
б) мамық;
в) мамықта.