План урока английского языка на тему Eating in Britain


Сабақ жоспары: 1/12
Мерзімі:11.10.2013
Кабинет: 21
Сыныбы:7 «А»
Тақырыбы: Eating in Britain.
Ұлыбритания тағамдары.
Мақсаты:Тағамдар туралы түсінік бере отырып, сыни тұрғыдан ойлауға, өз бетінше білім алуға жағдай жасау
Міндеттері:-Ұлыбритания мен Қазақстан тағамдарын салыстыра отырып, жаңа сөздерді меңгерту;
- Оқушыны ойлануға, ұғым түсініктерін зерделеуге өз бетінше мағлұмат алуына ынталандыру;
- Ынтымақтастық атмосферасын құру;
- Формативті бағалау ұғымын қалыптастыру;
Қолданылған модульдер:«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», « Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Стратегиялар:«Үшбұрыш», «Миға шабуыл»,«Кубизм», «Кім жылдам?»,«Mенталь карта».
Сабақ кезеңі Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар
Кіріспе
1-7 минут Психологиялық ахуалтудыру;
Ұйымдастыру:
Мен сыныпты қалай қарсы аламын?
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
Топқа бөліну.
Бағалау парағын тарату.
Оқушыларға әр орындаған тапсырма үшін смайликтер берілетінін және сабақтын соңында смайликтердің санына байланысты бағаланатынын ескерту. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Good afternoon children!
How are you?
Who is absent today?
Назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, «Үш бұрыш» стратегиясын өткізу, ашық хаттарды құрастыру арқылы оқушыларды шағын топқа бөлу.
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар шеңбер құрып, мүғалім берген екі үшбұрыш қағазды ашып,ішінде жазылған оқушыларға интербелсенді тақтада жазылған нәрселерді жасайды.
Мысалы:
1.Аты жазылған оқушыны қолынан ұстап, сәттілік тілейді.
2. Ауа арқылы сүйген ишарат жасайды.
3. Массаж жасап береді.
4. Басынан сипап жақсы тілегін білдіреді.
5. Мұрнынан қысып, мақтау айтады.
Топқа бөлінеді. Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
Оқушылар ашық хаттардың қиындыларын құрастыра отырып, топтарға бөлінеді.
Оқулық, плакат, топтарға бөлу үлестірме парақшалар, интербелсенді тақта, рефлексия парақтары, стикерлер, маркер.
Тұсаукесер
6 минут Білу
Мен сабақты қалай бастаймын?
Тақырыпты ашу
Өткен сабақтағы тағамдармен сусындарға тоқталу.
Түсіну
Сабақтың мақсатымен таныстыру
«Миға шабуыл» Жаңа сабаққа көшу үшін өткен сабаққа шолу жасай отырып, «Кубизм» стратегиясын пайдалану.
Допты лақтыра отырып, оқушыларға үйге берілген сөздерді қазақша айту.
«Миға шабуыл»
стратегиясын қолданып, түрткі сұрақ қою: «1.Ұлыбритания мен Қазақстанның тағамдары туралы не білесіңдер?
2.Олардың айырмашылықтары қандай?» деген сұрақты топтарға қоямын.
Оқушылар жауаптарын әр топта талдау жасап, айтып бергеннен кейін слайд арқылы сабақтың мақсатымен таныстырамын. Допты қағып алған оқушы тағамдар мен сусындар туралы мұғалімнен естіген сөздерді қазақшадан ағылшын тіліне аударып айтады
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Интерактивті тақта, доп.
Негізгі бөлім:
20 минут
2 минут
Қорытынды
10 минут
Қолдану
Жаңа тақырыпты меңгеру.
Талдау
Шағын мәтінмен жұмыс.
Сергіту сәті:
«Қызыл өрік»
«Кім жылдам?»
Жинақтау
«Ментальді карта»
Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма
Нақты тақырыпты меңгерту үшін мұғалім ақпарат көзін пайдалана отырып, оқушылардың түсінік алуына бағыт береді.
Кітаптан шағын мәтін және слайдпен жаңа сөздер көрсетіледі.
Мәтін бойынша екі топқа сұрақтар қойылады.
«Қызыл өрік» биін қойып билету
Интербелсенді тақтада тапсырмалар беріледі.
Берілген сөздерді сусындарға және тағамдарға бөліп жазу.
Food
Drink

A tea, a coffee, an apple juice, an apple, tomatoes, cheese, butter, bread.
Кітаппен жұмыс.
Берілген сөйлемдердің дұрыс бұрысын анықтау.
Оқушыларға бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында Ұлыбритания тағамдарын Ментальді картаға түсіру.
Оқушыларға сабақтан алған әсерлерін жазуға стикерлер таратылады.
Бағалау парағына жабыстырылған смайликтерді санау.
Жаңа сөздерді жаттау. «Менің сабақтан алған әсерім» эссе жазу. Шағын мәтінді оқиды, жаңа сөздерді сөздікке жазады, жаңа ақпаратты қабылдайды, түсінеді, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады.
Оқушылар мәтіннен түсінгендерін қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар биді қайталап орындайды
Оқушылар топпен, жұппен интербелсенді тақтадан берілген тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар кітапта берілген тапсырманы интербелсенді тақтада орындайды.
Оқушылар сабақтан алған ақпараттарын ватманға түсіріп, топпен ортаға шығып қорғайды.

Eating in Britian

Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.
Оқушылар смайликтерді санап, өз бағаларын шығарады.
Жаңа сөздерді жаттайды, эссе жазады.
Интербелсенді тақта, дәптер, қалам, плакат, маркер, үлестірме парақшалар.