Презентация по казахскому языку на тему Жыл мезгілдері предшкола


“Атбасар ауданының білім бөлімі №2 орта мектебі” КММ Ашық сабақ Тақырыбы: “Жыл мезгілдері” Мектепалды даярлық топДайындаған: Жакина Ұ.С Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»   1.  Балаларға мезгіл туралы түсінік беру, жаз мезгіліндегі  табиғатта болатын өзгешеліктер туралы түсінік беру. Берілген сұраққа  жауап беруге үйрету. 2. Табиғат  туралы дүниетанымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.Сабақтың мақсаты:  І. Күз – Күзде ауа – райы қоңыр салқын болып, жапырақтар сарғайып, жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұшып, қараңғылық ерте түседі. Қар аралас жауын – шашын болады. Тірек сызба көрсету. Қыс– Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдер мұз болып қатады. Күн аяз. Жер тайғақ болады. Күн қысқа, түн ұзақ болады.Аңдар ұйқыға кетеді. Көктем – Күн жылына бастайды. Қар еріп, құстар мекеніне оралады. Аңдар қысқы ұйқыдан оянады. Түн қысқарып күн ұзарады. Күннің көзі жарқырайды. Кейде жаңбыр жауады. КӨКТЕМ Жаз – Аспан желсіз ашық болады. Күн ыстық болады. Аспан көбінесе ашық болады. Өсімдіктер, жеміс – жидектер толысып, өсіп піседі. ЖАЗ Ойын: «Кім жылдам?» (5мин)     Балалар казір мен ІV мезгіліне боялмаған, аяқталмаған суреттер беремін, Біз сол суреттің жартысын салып аяқатап бояп беремиз. Сиқырлы суреттер (Қорытынды) (5мин)- Балалар, алдарыңда тұрған конверттін ішінде әр түрлі суреттер берілген, ал біз сол суреттердің  ішінен біздің бүгінгі сабағымыз қыс мезгіліне байланысты суреттерді тауып  желімдейік. Сол жыл мезгіліндегі өзгешеліктерін айтып қорғаймыз. -         Балалар, сендерге қызықты сұрақтар дайындап келдім, соған жауап берейік.1)    Көктем мезгіліндегі ағаштың түрі қандай?А) Жапырақты          Ә) Жапырақсыз               Б)Бүршікті 2) Жер өңдеуге қандай ауыл шаруашылық машиналар пайдаланылады?А) Автобус  Ә) Трактор           Б) Такси 3) Көктемде адамдар қандай еңбек түрімен айналысады?А) Сындыру Ә) Ағаш отырғызу  Б) Қар күреу 4) Көктемде ерте гүлдейтін өсімдік?А)кактус           Ә)Бәйшешек      Б)  Раушан 5) Көктемде не жауады?А) Қар жауады  Ә) Жаңбыр жауады Б) Боран Тыныштық сәті:Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарына елестетіп, гүлдің иісін сезінеді.Балалар өздері жатқа білетін жыл мезгілдеріне байланысты тақпақтарын айтады. Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Балалар көңілді смаиликтің немесе көңілсіз смаиликтің суретін алып көрсетеді.Қорытынды: Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!!!