Научные работы для воспитательная работа на тему Ж?зден ж?йрік (дошкольники)


Тақырыбы:« Жүзден жүйрік »Мақсаты:Денсаулыққа, спортқа деген құштарлығын дамыту.                                                                          
Эстафета, ойын арқылы көңіл-күлерін көтеру.   Балаларды еркін,
батыл секіруге жаттықтыру. Балалардың дене қимылдарындамыту, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
        Қолданылатын құралдар:2 гимнастикалық орындық, 6 құрсау, 2 ат, кедергілер, қаптар, жіп арқан.
Жүргізуші:Армысыздар, ардақты менің достарым, әріптестерім. Сіздер «Айгүл» балабақшасында ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік» ойын-сауықтық мерекемізге келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер! Ар-намысын қамшылап, маңдайдан тер тамшылаған ойыншыларымыздың қызықтарынан қапы қалмаңыздар! Енді осы сайысқа қатысатын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
(Балалар бір қатармен келіп тұрады, қонақтармен амандасады)
         Ойынымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.
(Балалар шеңбер бойымен жүреді жүгіреді, аяқтың ұшымен, өкшемен жүреді. Екі қатарға тұрады, әділ қазылар алқасы тағайындалады)
Балалар екі топқа бөленеді: 1. Қырандар          2.Тұлпарлар
Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» деген нақыл сөз бар. Командаларымыз өздерін таныстырып жіберсін.
Команда ұрандары:
«Қырандар»Қырандай күшті қанаттыБіз өрендер талапты«Тұлпарлар»  Желмен бірге жарысқан                                    Тұлпар қалмас  жарыстанЖүргізуші:Құрметті жанкүйерлер,  қонақтар көңіл-күйлеріңіз қалай? Ойынды тамашалауға дайынбызба? Олай болса ойынымызды бастайық.
 Біздің ойынымыз 5 шарттан тұрады:
1.    «Кім жылдам»
Шарты:балалар гимнастикалық орындық үстінен өрмекші болып жүріп, әрқұрсауды көтеріп, оны өзінен кигізіп, жерге түсіріп, белгіленген жерге жүгіріпбарып қайту.
1.    «Жүйрік ат»
Шарты: Балалар атпен секіру арқылы жарысады. Белгіленген жерге барыпкері қайту.
 1.    «Жүйріктер»
Шарты:Балалар  кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, белгіленеген жерден керіқайту.
1.    «Қаппен секіру»
«Арқан тартыс»
 Жүргізуші:Құрметті көрермендер, әділ қазылар, біздің сайысымыз  өз мәресіне де келіп жетті. Ендігі шешім әділқазыларда.
 Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңіздеЖүргізуші: Ардақты әріптестер, қонақтар! Біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Болашақта білімді,  спортшы балаларымызды тәрбиелей берейік. Келесі кездескенше. Қош сау болыңыздар!
«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Жүзден жүйрік»
(танымдық, ойын сауық бағдарлама)
Тәрбиешілер:А.Тынышбаева
С.Маймолдиева