Поурочный план по казахскому языку на тему Алмабек мектепте


Тақырыбы:
Алмабек мектепте Мектебі: Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ
Күні, айы: 18.10.2016 Мұғалімнің аты-жөні: Жоламанова Л.А.
1-сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.
1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:
Нешінші ?деген сұрақты түсінеді. Сұрақ бойынша өзінің нешінші сыныпта оқитынын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Неше? Нешінші? Сұрақтарының айырмашылығын түсінеді. Үлгі бойынша сан есімдерді айта алады.Өзге балалардан нешінші сыныпта оқитынын сұрай алады, өзі сол сұраққа дұрыс жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:
Өмірлік жағдаяттарда реттік сан есімдерді еркін қолдана алады, өзі иуралы мол ақпарат бере алады.
Сабақтың барысы Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут) (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығы
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Сабақтың ортасы:
(6-30 минут) (МК, Ұ) бойынша мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар нешінші сыныпта оқитынын сұрау және сол сұраққа жауап беру үлгісімен танысады:
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Мен бірінші сыныпта оқимын.
Оқушылармен диалогты тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім осы диалог арқылы оқушыларға реттік сан есімдерді үйретеді.
(МК, Ұ) «Есте сақта!» мұғалім неше? нешінші? Сұрақтарын салыстыра отырып көрсетеді.
(Т) Мұғалім оқушыларға сандар жазылған карточкалар таратады. Оқушылар неше? нешінші сұрақтарын қою арқылы сандарды тағы бір рет қайталайды.
(МК, Ұ)2-тапсырманы орындағанда оқушылар алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, олар бір-бірінші, екі – екінші, т.с.с. қатар айтып жаттығады.
(Ж) 3-тапсырмада оқушылардың берілген үлгі бойынша сөйлесу дағдыларын жетілдіруге арналған. Тапсырмада алдымени диалогты тыңдайды, қайталайды, сонан соң жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.
- Сәлем!
-Сәлем!
- Сенің атың кім?
- Менің атым - .....
- Сен неше жастасың?
- Мен ... жастамын.
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Мен ..... сыныпта оқимын.
- Сау бол!
- Сау бол!
(МК, Ұ) 4 –тапсырмада оқушылар жұмбақпен танысады. Жұмбақ сөзі түсіндіріледі.
Жұмбақты тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі. Жұмбақты жылдам естеріне сақтау үшін, суреттер , түстерге арналған карточкалар қолданылады.
Жұмбақтың шешуі: түрлі-түсті қарандаштар.
(МҚ, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсыма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады Оқулық
Аудиодиск:
2.5.1.;
2.5.3. 2.5.4.
№1 жұмыс дәптері
Қосымша
тапсырма : 2.3.
Сабақтың соңы
(31-35 минут) (Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. Қосымша ақпарат Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.
Өз сабғыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Сабақ барысында өзгертулер еңгіздіңізбе?
Неге?
2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2: