Р?міздерім ма?танышым концерная программа


№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты
Рәміздерім – мақтанышым
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін оқушыларға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған салтанатты жиын
Дайындаған: тәлімгер М.Нәлібаева
2015-2016 оқу жылы
Рәміздерім – мақтанышым
Салтанатты жиын
Өтетін күні: 23 сәуір 2016 жыл
Өтетін орны: мектеп акт залы
Жауапты: тәлімгер
Мақсаты: Отан, Қазақстан, жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Барысы: слайд жүріп тұрады.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім - мақтанышым» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!.
Баяндама: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері. А.Нәзікбаева
Жүргізуші:
Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер – жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырылған.
Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары – Н.Назарбаев, Ж.Нәжімединов, Ш.Қалдаяқов.
ҚР-ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
Ән «Қазақ елі». Орындайтын Хабибуллаева Дүрдана
Жүргізуші:
Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?
Ту – бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу – өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
1992 жылы 4-маусым-тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР – ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевұлт Туына тағзым етті.
Оқушы: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабағының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Ән «Жаным қазақ» орындайтын – Дүйсенбеков Бекзатхан
Жүргізуші:
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба.
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Ән «Толғау» орындайтын Мақсұт Лаура
Жүргізуші:
Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Қорытынды: сөз кезегі мектеп-интернат директоры К.Х.Шакетоваға беріледі.
Жүргізуші:
Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күместер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!
Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер – азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін.
Хор. «Атамекен» орындайтындар мектеп оқушылары