Урок по казахскому языку на тему : Дос /1 класс/


Сабақтың тақырыбы : Дост
Сабақтың мақсаттары: 1. Оқушыларға өзін және өз досын таныстыруды, досы жайында әңгімеледі үйрету;
2. Оқушылардың дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқушыларды тәртіпке, тапқырлыққа, достастыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: әріптер, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу, сыныпты түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
Біз сендермен қандай дыбыстармен таныстық?
Ә, ү, ұ, қ, ғ, ө, һ, ң, і, ы дыбыстарына сөздер ойлату.
Дене мүшелерін көрсету арқылы сұрап шығу.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйден жазып келген әріп және сөздерін тексеріп шығу.
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөздік жұмыс:
Көп – нурғун, көп
Өте – наһайити
Жақсы – яхши
Оқушыларға өзін таныстыруды үйрету. Бірнеше оқушыға өзін таныстырғызу. «Дос», «Достық» туралы әңгімелеу. Досқа деген адалдық, шыншылдық туралы айту. Өз достары жайында сұрау.
ІV. Жаттығулар орындау.
1-тапсырма. Монологті тыңда.
Менің атым – Әлібек.
Менің досым бар. Аты – Айбек.
Ол бірінші сыныпта оқиды.
Айбек жақсы бала. Ол өте жақсы оқиды.
2-тапсырма. Сөйлеп үйрен.
Менің досым бар. Оның аты - .................
Сенің досың бар. Оның аты - ................
3-тапсырма. Үлгі бойынша жауап бер.
Кімнің досы неше жаста?
Үлгі: Анар жеті жаста.
Сергіту сәтін жасату.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
4-тапсырма. Сөйлемдерді оқы.
Менің досым көп. Менің досым жақсы оқиды.
V. Сабақты қорыту.
- Балалар, бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
- Қане ондай болса бірден тақтаға шығып, әркім өзі және өз досы туралы айтып берсінші.
VІ. Сабақты пысықтау.
Сөзжұмбақ шешу.