Ашы? саба? ?аза? тілі 2 сынып Мені? ойыншы?тарым


Қазақ тілі 2-сынып.(ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы. Менің ойыншықтарым.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және қазақша атауларымен таныстыру;
ә ) Ой – өрістерін кеңейтіп, сөйлеу дағдыларын дамыту;
б ) Оқушылардан өздерінің сүйікті ойыншықтары жайында әңгіме тарқату.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, аударма, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы суреттер,көрнекілік, үнтаспа,ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Саламатсыздар ма балалар? Отырыңдар.
* Кезекшімен сұхбат?
- Сыныпта кім кезекші?
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
II.Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үй жұмысы тексеріледі.
-Ал,өткен тақырыбымызға қысқаша тоқтала кетейік.
- Өздеріңнің сүйікті істерің жөнінде кім айтады?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бүгінгі күннің жатысы?
-Аптаның қай күні?
III.Жаңа сабақ.
1)Фонетикалық жұмыс.
Үнтаспаға жаңа сөздер жазылып,оқушыларға тыңдатылады.қ-ғ дыбыстарының өзгеруі
Туралы, Мысалы: ойыншық – ойыншығым, қонжық – қонжығым, қуыршақ –
қуыршағым, мысық – мысығым сөздері туралы айтылады,оқушылар қайталайды.
Айтылған сөздер дәптерге жазылады.
2)Тақтаға «Менің ойыншықтарым» плакаты ілінеді.Мұғалім ойыншықтарды көрсетіп,
айтып,таныстырады.Оқушылар хормен қайталайды.Орысшаға аударма жасалып,
түсіндіріледі.
3).2- тапсырма.Санамақты оқушыларға оқытып,шешуін табу.
Санамақ
Қуыршақтар, ойыншықтар,
Бәрің қатар тұрыңдар.
Екі аю мен Буратино,-
Әрі әдемі Чипполино!
Көжек пенен мысық,
Тағы екі күшік.
Қане, бәрін қосып шық,
Нешеу екенін ойыншық? (8 ойыншық)
4)Диалогты оқушыларға жұптастырып оқыту.(Оқушылар өз аттарын айтады).
- Сәлем,Женя! - Сәлем, Оля!
- Сенің ойыншықтарың бар ма? - Иә, бар.
- Олар қандай ойыншықтар? - Менің қуыршағым бар.
- Аты кім? - Аты – Барби.
- Ол әдемі ме? - Иә әдемі.
- Сау бол,Женя! - Сау бол, Оля!
Осы диалогқа ұқсастырып,оқушыларды өзара өз ойыншықтары туралы сөзге
тартып,қазақша сөйлету.
Тақтада «Менің ойыншықтарым» суреті ілулі тұр.Сол ойыншықтардың кіші суреттерін
жапсыру керек.Кіші суреттер:машина,қонжық,қуыршық,қоян,мысық,текше,доп,
секіртпе оқушыларға үлестіріп, беріледі.Оқушылар әрқайсысын өз қатарына
жапсырулары керек. Тез жапсырған оқушы «жеңімпаз» атанады.
IV.Сергіту сәті.
5) Дәптермен жұмыс.
4-тапсырма. «Сенің сүйікті ойыншығың не?» .
Тақтаның жанындағы үстелге үстіне ойыншықтар қойылып қойған.Оқушылар бір –
бірден шығып,
Мысалы: Менің сүйікті ойыншығым – қуыршақ, - деп айтып, оны тақтаға жазады.
Екіншісі:Менің сүйікті ойыншығым – машина.
Келесі: Менің сүйікті ойыншығым – лего.
V.Жаңа сабақты бекіту.
Сөздік диктант
Қонжық, қуыршақ, машина, қоян, мысық, күшік, текше, доп, секіртпе, асық, лего, аю.
Осы сөздерді жаздыру арқылы жаңа сабақты бекіту.
- Бүгінгі тақырыпты пысықтай келе,оқушылардан түсінгені туралы сұрақ қою арылы
білу.
Сабақтың тақырыбы?
Ойыншықтарды атаңдар?
Сүйікті ойыншықтарың?
Өз ойыншықтарын ұқыпты ұстауға үйрету.
VI.Үйге тапсырма беру.
7) Қуыршақ , машина, сөздерінен сөлем құрау.
Мысалы:
1.Қуыршақ. 1.Машина.
2.Қуыршағым бар. 2.Машинам бар.
3.Менің қуыршағым бар. 3.Менің машинам бар.
4.Менің әдемі қуыршағым бар. 4.Менің үлкен машинам бар.
VII.Бағалау.