Ашы? саба? Мені? ойыншы?тарым


Сабақтың тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Өткен сөздерді қайталай отырып,
«Ойыншықтар» тақырыбына байланысты
алған білімдерін тереңдету,кеңейту.
Дамытушылық:Оқушыларды өз бетімен сөйлем құрауға,
сұрақтарға жауап беруге үйрету және
ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:ойыншықтардың суреттері,сөздер жазылған
кеспе қағаздар және ойыншықтар.
Сабақта қолданылатын әдіс:сұрақ-жауап,ойын,әңгімелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Кезекшімен әңгімелесу.
1.Бүгін нешесі?
2.Аптаның қай күні?
3.Қазір қай жыл мезгілі?
4.Ауа-райы қандай?
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Өткен сөздерді оқушылардан сұрау.Сол сөздермен мысалдар айтқызу.
Мысалы:Менде қуыршақ бар.
Менің мәшинем бар. 2.Қазақ тіліне тән дыбыстарды есте бекіту үшін оқушыларды екі топқа бөліп «Жоғалған әріп» ойының ойнаймыз.
1-топқа:к...тап,к...з,с...т,г...л,сыз...ғыш,с...біз.
2-топқа:т...рт,өш...ргіш,са...ат,ж..зім,алм...рт,қ...с.
III.Жаңа сабақ.
а) Сөздік жұмысы.Тақырыппен таныстырамын.
Жаңа сөздерді тақтаға жазып қоямын.
Секірді-прыгал
Ойнады-играл
Не керек?-что нужно
Асық-асык
а) хормен қайталау
ә)жеке-жеке айтқызу
б) дәптерлеріне жазғызу
в)сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру
Мысалы:Мен секіртпемен секірдім.Ол қоянмен ойнады.
Содан соң Қандай? Неше? Деген сұрақтарды еске түсіріп,сурет бойынша жұмыс жүргіземін.
Қандай қоян?Қандай аю?Қандай шар?
Неше доп?Неше мәшине?Неше текше?
Екі оқушыны тақтаға шығарып,бір-біріне «Саған не керек?» деген сұрақ қойғызып,оған жауап береді.
ә)Сергіту сәті:Оң қолымды көтерем,
Сол қолымды көтерем.
Оңға қараймын,
Солға қараймын.
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды түсірем.
Аяқты топ-топ басамын,
Біраз сергіп аламын.
б) Оқулықпен жұмыс. 134бет.1-тапсырма.Мәтінді оқы,аудар.
135бет.4-тапсырма. Сөйлемдерді оқы,жаз.
5-тапсырма. Сөйлесуді оқы.
Сабақты бекіту: Рөлдік ойын. «Ойыншықтар дүкенінде»
Тақтаға екі оқушы шығады да, бірі сатушы,екіншісі сатып
алушы болып ойнайды.Үстел үстіне ойыншықтарды
орналастырамын.Оқушы дүкенге келеді.
Бала: - Сәлеметсіз бе!
Сатушы:-Сәлеметсіз бе!
Бала:-Сізде машина бар ма?
Сатушы:-Бар.
Бала:-Қанша тұрады?
Сатушы:-100 теңге.
Бала:-Бір мәшине беріңізші.
Сатушы:-Мінеки, алыңыз.
Бала:-Рақмет, сау болыңыз.
Сатушы:-Сау болыңыз!
Қорытынды:-Сонымен балалар,бүгін біз қандай тақырып өттік?
-«Менің ойыншықтарым»
-Қандай сөздермен таныстық?
Балалар жауап береді.
Бағалау.
Үйге тапсырма:Сөздерді жаттау.