Мектеп жанында?ы сауы?тыру ала?ы Р?міздер к?ні


Тақырыбы: Рәміздер күні.Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.:Кіріспе бөлім:- Сәлеметсіздер ме балалар?- Балалар көңіл – күйлерің қалай? Бүгін қандай мереке?Бүгін міне сіздерге «Ешқашан жалықпайық»,
«Білім алу жолында талмайық»,
«Бір – бірімізге дос – бауыр деп қарайық» дегім келеді. Сонда ғана өз отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз.Олай болса біз отан деген сөзді қалай түсінеміз? Отан деген не? Деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.- Өте жақсы балалар. Өз ойларыңды ортаға салдыңдар. Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келеді.1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?3. Қазақстанның астанасы қай қала?4. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
5. Президенттің жұмыс орны6. Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?7. Рәміздерге нелер жатады?8. ҚР туында не бейнеленген?9. Тудың авторларын ата10. Әнұранның авторлары кімдер?- Жазғы сауықтыру алаңы жоспары бойынша бүгінгі тақырып- «Рәміздер күні » деп аталады.
- Балалар қазір біз ҚР әнұранымен бастаймыз.
- Балалар отанға,тәуелсіздікке және рәміздерге байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
- Балалар өз білетін тақпақтарын айтып шығады.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»Ережесі: Берілген сөздерден басқа сөздер құрап жазуЕлтаңба - ел, таңба, таң, аң Байрақ - бай, ай, қар, арӘнұран - ән, ұра, ұн, нан
Ән: «Көк туым желбірегені»әні Хавдулнасирқызы Айдана орындауында
Би: «Қыздар»биіОйын: «Жауабын тап»Ережесі: Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керекЕлтаңба – не? (шаңырақ,тұлпар, Қазақстан, егін, жұлдыз, т.б )Ту – қандай? (көгілдір, төртбұрышты, әдемі, белгілі)Әнұран – не істейді? (шырқайды, айтады, жаттайды)Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Ендеше сіздерді өз Отанымыздың алдында ант қабылдауға шақырамын.АнтМен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін.