Эссе М??алімні? ?мірдегі ма?ынасы


Эссе.
Мұғалімнің өмірдегі мағынасы.
Мұғалім сөзін қалай түсінеміз? Әрине, мұғалім дегенде есімізге мектеп түседі. Әр мектеп оқушысы ұстазды балалық шақтағы, шектеулі уақытта серіктес болар тұлға ретінде қабылдайды. Қазір өзім де сол киелі атқа ие болдым. Жұмысқа тұрмай тұрып, менің ойым былай болатын: алдымнан жүздеген немесе мындаған оқушы өтеді. Олардың барлығы өтпелі кезеңдердің бірі болар дедім. Алайда мектепке келгеннен кейін ойым қате екендігіне көзім жетті. Әр оқушы кешегідей көз алдымда тұр. Мүмкін олардың әр қайсысы менің ұстаздық жолымда біраз ғана жыл мезгілін алған болар, бірақ жұмыс барысында жинаған тәжірибем бүкіл өміріме сақталды. Әр оқушының айтқан сөзі, жіберген қателігі өткеннің естелігі болып, жадында орын алады екен. Ұстаздық жолдың осындай жеріне келіп жекенде, мұғалімнің өмірдегі мағынасы туралы ойлана бастадым. Біз, ұстаздар, балапандай кезінде өз қарамағымызға оқушыларды аламыз. 11 жыл өткеннен кейін мүмкін көп нәрсені аңғармай, оларды жан-жаққа ұшырамыз. Қазіргі таңда біздің әр сөзіміз, әр әрекетіміз оқушының өміріндегі шешімдерге әсер ететініне көзім жетті. Оған бірден бір дәлел - менің тандаған мамандығым. Оқушы күнімде физика мұғалімім Нұғыспанова Салиха апай осы сенен бірдеңке шығады кел тақтаға деп есепке шығаратын, ол кісі өте қатал мұғалім болды, сол кісінің екі-үш ауыз сөзі арманыма қанат бітіріп, сенімділігімді арттырды. Сол кісінің арқасында осылай мектеп қабырғасын жағалап жүрген болармын. Алайда мені аландатыны сол сөздің өткірлігі, біреуі оқушыны көкке көтеріп, асқақтатса, екінші жүрегіне дөп тіип, кеудесінен басады. Қанша оқушының дұрыс бағдар алмауына себепкер болып қалдым екен деген ойға шомылып кететінім де бар. Бұл мәселені ой елегінен өткізе отырып, біздің әр айтқан сөзіміздің құнын түсіндім. Тіл тас жарады, тас жармаса да бас жарады деп босқа айтылмаған ғой. Сол себепті әр айтқан ақылымызды , шешімізді жеті рет өлшеп бір рет кесу керек. Осы әлемдегі ең маңызды мамандық қайсы деген сұраққа мұғалім деп жауап беруге жасқанатын едім, алайда қазір бұл сұрақтың тек қана бір жауабы бар екенін түсіндім Ол-мұғалім. Иә, мүмкін ұстаздар адам өмірін құтқармайды, ғарышқа ұшпайды. Мейлі! Бірақ дәрігер де, ұры да, президент те мұғалім алдынан өтеді. У. Черчилль айтпақшы мектеп мұғалімдері премьер-министрлер армандайтын билікке ие. Сол билікті дұрыс қолдану біздің қолымызда. Абайды тәрбиелеген керемет ұстазадар, алайда Гитлер де мектеп партасынан шыққанын ұмытпаңыз! Осынша қауіпті де жауапты деп мұғалім жұмысын ешкім ойламайды, онымен санаспайды, алайда Әлем құтқарушы да Әлем құртушы да мұғалім алдынан өтеді. Сондықтан біздің болашағымыз біздің алдымыздағы оқушыларымыз, оларға мұқият әр сөзімізге мән бере отырып дұрыс жолға қою біздің міндетіміз.
Информатика пән мұғалімі:Карибасова Г.Н.