План по казахской литературе на тему М??а?али Ма?атаев (9 класс)


Сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті Күні:
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ жырының қара бурасы атанған  Мұқағали Мақатаевтың  өмірімен және шығармашылығымен  таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен  жұмыс істеуге  баулу және қазақша сөйлеу  тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ тілі, орыс тілі
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру: 
- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету
(сыныпты сабаққа әзірлеу);
- Сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу;
- Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;
- Қатемен жұмыс;
Тест алу, жаттау сұрау.
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:
- Өткен сабаққа шолу
- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру
- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқыту.
4. Жаңа сабақты түсіндіру:
Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.
Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.      Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.       Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.      1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.      1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.         Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер».  Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар.  Мұқағали – ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды. 5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.
-М.Мақатаев кім?-Қашан,қай жерде дүниеге келген?-Әкесінің аты?-Анасының аты?-Атақты жайлаудың аты?-Ақынның балалық шағы жайлы әңгімеле?-Ақын өлеңдерін ата?-Ақын поэмаларын ата?-Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
З.Серікқалиев:«Мұқағали мұрасы,маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтардың да еншісі,қастерлеп-қадірлейтін қазынасы»Ә.Кекілбаев:«М.Мақатаев-адамдар арасындағы, өмірдегі,табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.Оның өлеңдері туған ауылының табиғатына, достарына, әжесіне, жарына, балаларына, махаббатына арналған»Жаңа сабақты қорытындылау:
Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып - Мұқағали Мақатаев кім? - Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосын драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.- М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?- Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?- Оның қандай өлеңдерін білесің?- Қай жылы мемлекеттік сыйлықты алды және қандай кітабы үшін?- 2000 жылы15 желтоқсанда мемлекеттік сыйлық берілді және «Аманат» кітабы үшін. 
Махаббат диалогы.- Құс боп ұшып кетсем не етер едің?- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.- Отқа түсіп өрттенсем не етер едің?- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?- Жел боп қуып соңыңнан жетер едім!- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?- Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!8. Үй тапсырмасы:
Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.
М. Мақатаевтың өмірін оқу, өлеңдерін жаттап келу.
9. Сабақты бағалау кезеңі:
Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).
10. Рефлексия кезеңі: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара рефлексиясына жағдай жасау.