Т?рт т?лікті? ке?есі 3 класс


Төрт түліктің кеңесі
Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесіМақсаты: 1. Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыту. 2. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. 3. Төрт түлікті бағып – күтуге байланысты еңбек түрлерін ататуКөрнекілігі: төрт түлік суретіӘдісі: сұрақ - жауап, талдау.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлықІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Түйе өлеңін мәнерлеп оқыту. Сұрақтарға жауап алуІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақты мақсатымен таныстыруІҮ. Жаңа сабақ: 1. Суретке зер сала отырып, мәтіндегі тіркестерді пайдалан Мәтінді мәнерлеп оқып беру, оқушыларға мәтінді рөлге бөліп оқытуМұғалім: Қандай үй жануарларын білесіңдер?Оқушылар: Өздері білетін үй жануарларын атай бастайды.Мұғалім: Үй жануарларына жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр және тіпті қаз - үйрек, ит пен мысықта жатады екен. Бірақ біз бүгін соның ішінде төрт түлік туралы білгелі отырмыз.Мұғалім: Төрт түлік туралы, оны халқымыз неге «Төрт түлік»- деп атағанын түсіндіріп кетеді.Оқушылар: Өз түсініктері бойынша жауаптары тыңдалады. (әңгімелейді)1 - тапсырма. Суреттерге қарап отырып жұмбақтың шешуіне сәйкесін тап.І. Маң - маң басқан, маң басқан,Шудаларын шаң басқан.«Шөк» дегенде, «Бұқ» деген,Апам үйін жүктеген.ІІ. Екі айнасы бар,Екі найзасы бар.ІІІ. Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар.ІҮ. Баласын «құлын»- дейді,Шабады, жүгірмейді.Мұғалім: Иә, Балалар жұмбақтардың шешуі қандай екен.Оқушылар: Түйе, қой, сиыр, жылқыМұғалім. Төрт түлікке мінездеме бере отырып, пайдасы, оны халық қалай құрметтейтіні жөнінде қысқаша мәлімет береді.Салыстыру.Мұғалім: Адам мен малдың ерекшеліктері қандай?Оқушылар: Адам ойлайды, білімді - деген сияқты өз ойларын айтады, олар міндетті түрде адамның сөйлейтінін, малдың дыбыстайтынын атап өтеді.2 - тапсырма. Жануарлар қалай дыбыстайды? Әр жануарға сәйкесті дыбысты сызба арқылы көрсет.Үлгі: Әтеш шақырады, Мысық мияулайды.ҚойКісінейдіЖылқыМөңірейдіТүйеМаңырайдыСиыр БоздайдыСергіту сәті:Дос болып біз жүрейік,Ойнайық та күлейік,Достық деген тамаша,Міне, тұрмыз жараса.3 - Тапсырма. Суреттердегі жануарлардың қасында төлі бар, ал оларды қалай атайдыСиырдың төлі бұзау.Жылқының төлі құлынҚойдың төлі қозы.Түйенің төлі бота.4 - тапсырма. Әр жануарға мінездеме беріп көрейік. Оқушылар өз ойларын айтады.1. Түйе шөлге төзімді.2. Сиыр қорқақ, сүйкімді.3. Қой момын, кішкентай.4. Жылқы сұлу, жүйрік.Қорытындылау.а/ Ата - анаң сені жақсы көргенде қай жануардың төлінің атын атайды.Мені Анам «Құлыным» дейдіМені Анам «Қошақаным» дейдіМені Анам «Ботақаным» дейдіМені Анам «Ақ лағым» дейдіә/ Төрт түліктің пайдасын мынандай сызба түрінде дәптеріңе түсір.Жүнінен жасалатын заттар Терісінен жасалатын заттар Сүтінен әзірленетін тағамдарҮ. Сабақты қорыту. Жоғарыдағы мәтінді сахналау2. Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді теріп жаз.1. Тұрмыс жағдайы төмен адам: қоры үзілген қуға бітем.2. Еңбекқор адам: Шаруа қуған басқа бітем.3. Батыл, өжет адам: Найза ұстаған ерге бітем.4. Шаруасы жақсы, бай адам: Ел ішіндегі зорға бітем.ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуҮІІ. Бағалау