Научная работа по физкультуре ?аза?ты? ?лтты? ойындарыны? адамны? денсаулы?ына пайдасы


Қазақтың ұлттық ойындарының адамның денсаулығына пайдасы

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, бала-лардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүр-лі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған». 1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.
Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және
икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
381069215Алтыбақан. «Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады.
«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн.

Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
-72390-332105
-723901431925Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
Ақсүйек.Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады.

Хан дойбысы.Қазақтың Хан дойбысы − ұлттық спорт түрінің бірі болып табылады.  Аталмаш ойын түрінің елмізде дамуына үлес қосып жүрген Әнуар Қабдолдаұлы мен ұйым құрып, ойынға арнайы патент алуға себебін тигізген Қайрат Жақияұлы дейтін талдықорғандық азамат.  Осындай ұлт өнеріне жанашыр адамдардың еселі еңбегінің арқасында бүгінде хан дойбысы қазақ елімен қайта қауышты.
Қазақ ұғымында дойбы ойыны екіге бөлінеді. Текті және тексіз дойбы болып. Тексіз дойбы – ол өзіміздің күнде ойнап жүрген кәдімгі қарапайым дойбы ойнымыз. Мұнда қай тас бірінші болып межеге жетсе, сол би бола алады. Дәл осы ойыннан қарап отырсаңыз, ешқандайда тектілік байқалмайды. Кім мықты болса, сол ел басқарады деген сөз. Ал, текті дойбы дегеніміз – ол «Хан дойбысы». Оның жеке ханы болады. Биі болады. Бегі болады. Алаша халқы болады. Тентегі және қарашасы бар.
Әр қайсысының төрткөз тор тақтада атқаратын міндеті бар. Қандай  ерлік жасаса да, өз дәрежесінен бір елі де ауытқымайды. Ханы хан, биі би болып қала береді. Бұл ойынның тағы бір ғанибеті хан тек ханның қара қасқа жолымен жүреді. Басқа жерде ол билігін жүргізе алмайды, тек қана ықпал етеді. Ойынның жүріс-тұрысы да өзгеше. Тек алға және екі жанына қарай жүреді. Артқа қайтпайды. Қазақтың «Ер екі сойлемейді» деген дәстүр заңын сақтайды. Қазақта «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақал бар. Төртеуміз түсінікті. Ал, алтау дегеніміз кім? Алтау ол –  «Хан дойбысы» ойынының кейіпкерлері. Таратып айтар болсақ: Хан, Би, Бек, Алаш, Тентек, Қараша. Бұлар  барлығы әркез басшысына құлақ асып, қилы қыстау заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы тиіс. Қысқасы, алтауы ала болмауға тиіс.Бұл ойынға қатысушы екі адам ханның рөлін атқарады. Ал, хан болған соң, қол астында біршама халық болады, сондай-ақ жаулары да болатыны сөзсіз. Алдыныздағы төрткөз тортақтаны ертедегі соғыс алаңы ретінде қарайсыз. Кімнің ақыл айласы жоғары болса, саяси ақылы басым болса, сол адам жеңіске жететіндігі белгілі.
Қорыта келгенде еліміздің асыл мұрасы болып сақталған хан дойбысы ата-бабамыздан қалған аманат, аманатқа қиянат – күнә. Демек хан дойбысын дамытып, ұлттық ойнымызды өркендетіп биікке жеткізу, әрі ертеңгі ұрпаққа ұластыру бірнеше азаматтың ісі емес. Қайта барлық қазақтардың парызы болып саналады. Әрі ұлттық ойын түрінің салмағын арттырды.
Бірақ бұл ойын бүгінге оңай оспақ жеткен жоқ, талай аумалы-төкпелі қиындықтарға, кедергілерге ұшырап отырды. Десе де, ойынның бүгінгі жоқтаушысы Әнуар Қабдолдаұлы  алған бетінен қайтпай, табандылықпен іске асырып келеді
-5143529210
Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының көптігі соншалық, оларды адамның жас ерекшеліктеріне қарай топтауға да болады екен. Мәселен, «тоғызқұмалақ», «хан дойбысы» секілді ойындар жас-кәріні талғамайтын болса, кейбір басқа ойындар тек әр жас өкілдеріне ғана тән.
Балабақша бүлдіршіндеріне арналған ойын түрлері: «ұшты-ұшты», «қуырмаш», «сақина салу», «қуаласпақ» т.б.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «қасқыр қақпан», «қоян», «қырықаяқ», «сиқырлы таяқ», «соқыртеке», «мерген мен үйрек», «ортаны тап», «кім байқағыш?», «қоян мен қасқыр», «сап түзеген батырлар», «жануарлар қалай үндейді?», «қарғымақ», «кім жылдам?», «жанды дөңгелек», «ақсерек, көксерек» т.б.
Орта сынып оқушыларына арналған ойындар: «дәл түсір», «қызыл ту», «қашпа доп», «тоспа доп», «қазан доп», «тауық күрес», жаяу аударыспақ», «жоғалған топты іздеу», «бәлләй», асық ойындары т.б.
Жоғарғы сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «арқан тартыс», «мойын арқан», «қазақ күресі», «білектесу» т.б.
Қорыта келе, қазақтың ұлттық ойындары адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.