Саба? ?рдісін жетілдірудегі Lesson Study-ді? р?лі


Апта Күні 27. 02. 2014 жыл
Сабақ тақырыбы Сабақ үрдісін жетілдірудегі Lesson Study-дің рөлі
Жалпы мақсаты Мұғалімдерді сыни ойлау мен жазуға дағдыландыру , сабақ үрдесінде тиімді жоспарлауды енгізе отырып,оқу сапасын арттыру.
Оқу нәтижелері Lesson Study сабақты зерттеу әдістемесін меңгереді, сыни тұрғыда ойланады, әңгімелесу арқылы ой-пікірін жеткізе алады
Түйінді идеялар: Мұғалімдердің зерттеуі оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс –әрекеттегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады
Мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған,
сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.
Бағалау Формативті - «Екі жұлдыз бір тілек»
Бірлескен жұмысқа негізделген әдіс: 1. Психологиялық тренинг «Өрмек тоқу». Мұғалімдер бір шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтып шығады. ( 5 мин)
2. Топқа бөлу. Жеміс – жидек суреттерін таңдап алу бойынша
3 топқа бөлінеді. (3 мин)
3. «Абайдың 17 қара сөзі» өлеңін тыңдау
Бағыттаушы сұрақ:
Ғылымның сөзін қалай аяқтар едіңдер?
а) Жеке талдау: пікірлерін, ойларын жинақтайды, параққа
түсіреді ( 2 мин)
ә) Жұпта талқылайды (3 мин)
б) Топта талқылайды ( 5 мин)
в) Әр топ өз ойларымен бөліседі
г) Ары қарай өлең шумағын тыңдату.
4. Сергіту сәті. «Қара жорға» ( 5 мин)
а) Шульманның үш көмекшісі туралы көрсетілім көрсетіледі
б) Постерге Шульманның үш көмекшісі мен Абайдың 17 қара сөздерін байланыстырып постерге салып қорытындылайды (5 мин)
Бағалау 2 жұлдыз бір тілек арқылы стикерлер жапсырады.
Рефлексия Кері байланыс парағын толтыру
5227955-241300КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ Мукашева Узим Қызылсай ауылы
С. Бегендікұлы атындағы №4 орта мектеп
НЗМ І деңгей мұғалімі