Урок по психологии на тему Мені? к?ш ?уатым 7-сынып


Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: МЕНІҢ КҮШ-ҚУАТЫМ
Мақсаты:
Оқушылар өзін-өзі игере алады;
Сезімдерін басқара алады;
Стресс және оны жою тәсілдерін біледі:
Күтілетін нәтиже:
- оқушылар өзін-өзі игере алады және өз сезімдерін басқара алады, стрессті жою тәсілдерін қолданады.
Ұйымдастыру сәті
Психолог оқушыларға өздерінің көңіл-күйі мен өзіндік сезімін анықтау үшін дәптерден түрлі-түсті жолақты таңдауды ұсынады.
Біздің өмірімізде кемшіліктер қағидасы үлкен орын алады. Бізге кездесуге, көңіл аударуға, бір-бірімізбен қарым-қатынасқа уақыт жетпейді. Біз үнемі жүгіреміз, асығамыз, бір-бірімізді байқамаймыз. Бір сәтке бұл жүгірісімізді тоқтатайық және бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсейік.
– Мүмкін, соңғы уақыттарда Сізді бір нәрсе мазалап жүрген шығар?
– Немесе сіз шаршағанды сезінетін шығарсыз?
– Немесе болмашы жағдайлар Сіздің шамыңызға тиетін шығар?
Егер Сіз «иә» деп жауап берсеңіз, онда бүгін табиғат адамға өзін-өзі реттеуге қабілеттілікті сыйлағаны туралы сөйлесеміз, яғни тек Сіз өзіңіз ғана өзіңіздің эмоционалдық қалпыңызды басқара аласыз.
Өнімді еңбекті бастамас үшін Сізде қандай көңіл-күй мен сезім басым екенін қараймыз. Психолог таңдап алынған түстің мәнін түсіндіреді. «Түстің мәні» карточкасы.
«Түстің мәні» карточкасы.
Көк түс – сабырлы, қанағаттанған, басқаның жанын түсінетін, сенім, адалдық.
Жасыл – сенімділік, табандылық, бірбеткейлік, өзін-өзі бекітуге қажеттілік.
Қызыл – жетістікке ұмтылу, әрекет етуге және басқаруға ұмтылыс, жетістікке қол жеткізу.
Қоңыр –тыныштық және тұрақтылық.
Сары – белсенділік, көңілді, қарым-қатынасқа ұмтылу, бақытты сәтті күту.
Қара – қорғаныс, жабықтық.
Жаттығу «Визитка»
Топ қатысушылары өздерінің есімдерінің бірінші әрпіне өздерінің мінезін, темпераментін және өмір сүру стилін бейнелейтін анықтама-сөз жазады. Визиткалар келесі жаттығу үшін қолданылады.
Жаттығу «Молекула»
Барлық қатысушылар бөлме бойынша еркін орналасады. Психолог «екі атомды молекула» деп айтады. Балалар жұп құрайды және былай:
– Мен ақкөңілмін! – деп айтады.
– Иә, сен ақкөңілсің, сондай-ақ әдемісің! Жанында тұрған балалар айтады.
Психолог сұрақтар қояды: сіздің визиткаға жазғаныңызбен, сыныптастарыңыздың айтқаны сәйкес келді ме?
Осыған ұқсас психолог үш атомды, төрт атомды және бес атомды «молекула» жасауды сұрайды, ал балалар топ құрауға және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылады.
– Ал енді бір-біріңді қолдарыңнан ұстаңдар және хормен:
«Қандай тамаша, бүгін біз барлығымыз осы жерде жиналдық» деп айтыңдар.
Ақпарат.
Психолог сабақ тақырыбын айтады.
Әрбір адам жетістікке және жақсы жағдайға ұмтылады. Ол өзін жақсы көргенді және құрметтегенді қалайды. Бірақ айналаға қарасақ қоршаған өмірге көңілі толмайтын көптеген адамдарды көреміз. Олардың үстіне өздері шеше алмайтын мәселені артып қойған сияқты. Нәтижесінде дүрбелең, сенімсіздік, эмоционалдық күштену пайда болады.
Өзін игере алу – адамның ерте заманнан бергі арманы. Бұл босаңсу немесе шектей алу, физикалық және эмоционалдық күштенуді түсіре алу шеберлігі.
Эмоцияны күшпен басуға болмайды, бұл өте зиян. Бірақ әдептіліктің нақты шегі бар, өйткені бейтаныс адамдарға ішімізде қайнап жатқан барлық эмоциямызды үнемі көрсете бермейміз. Ал ұзақ эмоционалдық күштелудің соңы жағымсыздық тудырады.
Эмоционалдық күштелуді әрбір адамның кей уақыттарда сезініп отыратын стресімен салыстыруға болады. Бірақ стресс – бұл нәтижесі. Ал себеп — бұл сіз іштей сөндіруге ұмтылған барлық сіздің эмоцияңыз. Әрине эмоцияны бақылауды үйренуге болады, бұл басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде өте пайдалы. Бірақ эмоцияны үнемі іште ұстауға болмайтынын, сәті келгенде шығарып тұру керектігін барлығы біле бермейді. Егер бұлай жасамаса адамда эмоционалдық стресс болады.
Жаттығу арттерапия - «Көңіл-күй»
әуен ойнап тұрады.
Қалағандар ватманмен пломастер дайындалған үстелге жақындайды. Абстрактілі оқиғаны – сызық, түсті дақтар, фигуралар салуды бастайды. Ең маңыздысы толықтай өз күйзелістеріңізге ену, түсті таңдап және қанша сызық сызғыңыз келеді, соны өз көңіл-күйіңізге сай жасаңыз. Сіз өзіңіздің мазасыздығыңыз бен дүрбелеңіңізді қағазға ауыстырғаныңызды елестетіңіз. Қағаздың бетінде бос жер қалмағанша сурет салыңыз және сіз тыныштықты сезінесіз.
Сосын дәптерге сіздің көңіл-күйіңізді білдіретін бірнеше сөз жазыңыз. Көп ойланбаңыз, сіздің сөздеріңіз еркін, басқа біреудің бақылауынсыз туындауы керек. Суреттер басқа жаққа қойылады.
Жаттығу «Қала туралы ертегі» құраймыз, яғни жанжал жоқ, барлық адамдар бақытты да сүйікті. Ол үшін мен сіздерді 2 топқа бөліуді жөн көріп отырмын. Ал ертегі былай басталады: Бір тамаша қалада керемет жанұя өмір сүріпті....
Әрбір оқушы кезекпен, жұмсақ ойыншықты бір-біріне бере отырып ертегі құрау үшін бір сөйлем ұсынады.
Біздің барлығымыз сол қалада тұрғымыз келеді. Сол кезде біз бақыттымыз, біз өзімізді дені сау және толық адам ретінде сезінеміз. Бірақ бұндай болмайды!
Мүмкін әрқайсымыз стрестік жағдайларға түскен шығармыз.
Стресс – бұл сыртқы физикалық және эмоционалдық тітіркендіргіштерге біздің ағзамыздың реакциясы. Адамдар стресті басынан әртүрлі өткізеді. Біреулер – «дабыл фазасын» жылдам өткізеді және бірден «өз-өзін қолға алады». Бұл сабырлы, салмақты адамдар тез, аяқ астынан шешім қабылдамайды. Басқалар – тез «беріледі». Бұл адамдар шыдамсыз, өз-өзін ұстай алмайтын, олардың қимылдары тез және жылдам.
Егер сіз стрестік жағдайға тап болсаңыз, ең бастысы – сабырлылық, тіпті сырттай болса да. Өз-өзіңді игеруді сақтау. Сіз өз-өзіңізге күшті адам екеніңізді дәлелдейсіз. Ең бастысы Сіз өз денсаулығыңызды сақтайсыз.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам ауруының 90% стреспен байланысты.
Жаттығу «Лимон»
Мақсаты: бұлшықеттік күштелу қалпын басқару және босаңсу. Ыңғайланып отырыңыз: қолыңызды тізеңізге еркін қойыңыз (алақан жоғары), иығыңыз беп басыңызды салбыратыңыз, көзіңіз жұмулы. Ойша елестетіңіз, сіздің оң қолыңызда лимон жатыр. Оны ақырын қысыңыз, қашан барлық шырынын «сығып» алғанын сезінгенше қысыңыз. Денеңізді босатыңыз. Не сезінгеніңізді есте сақтаңыз. Енді лимон сол қолыңызда жатқанын елестетіңіз. Жаттығуды қайталаңыз. Денеңізді босатыңыз және не сезінгеніңізді есте сақтаңыз. Сосын жаттығуды екі қолыңызбен бірге жасаңыз. Денеңізді босатыңыз. Тыныштық сәтімен рахаттаныңыз.
«Көңілді күн» сергіту сәті
4-тапсырма. «Сабын көпіршіктері»
Сол жақтағы көпіршіктерге жағымсыз ойларды, ал оң жақтағы көпіршіктерге – жағымды ойларды жазыңыз.
Сол Оң
Мен бұны жасай алмаймын
Мен жасамаймын, бұл өте қиын
Мен бұны ешқашан жақсы жасамаймын, не үшін әрекеттенемін Мен жасай алмаймын, қашан... Сабақтың басында сіздер өз көңіл-күйлеріңізді салдыңыздар. Қағаздарыңды алып өзіңіздің салған суреттеріңізге қараңыздар. Өз көңіл-күйіңіздің суретін салып және оны сөзге аударғаннан кейін, оны рахаттанып тұрып жыртыңыз да қоқысқа тастаңыз. Болды! Сіз өз күштелуіңізбен қоштастыңыз. Сіздің күштелуіңіз суретке айналды және сізге жағымсыз сурет ретінде көз алдыңызда жоғалды.
Рефлексия

-Қалай эмоционалдық күштелуді түсірсе болады?
Эмоционалдық күштелуді түсіру өнері – өз ойларымызды, сезімдерімізді, эмоцияларымызды игеруге көмектесетін негізгі әдіс.
- Сіз қалай ойлайсыз жаттығуды тұрақты түрде жасап тұру арқылы стресті өзбетімен жеңуге бола ма?
Қорытынды: Мен бүгінгі сіздермен жасаған жаттығу сіздерге көмегін тигізеді деп сенемін. Иә. Жаттығуды тұрақты түрде жасау арқылы сіздер стресті өзбетімен жеңе аласыздар. Сабақ соңында сіздерде қандай әсер қалдырғанын мына смайликтермен көрсетіп ағашқа ілуге болады.
3