Мерекелік кеш. Та?ырыбы: Ана-?мір шуа?ы 4-сынып


Сарыбұлақ орта мектебі МДШО
Тәрбие жөніндегі орынбасары
Жолмурзаева Эльмира Айтбекқызы
Мерекелік кештің тақырыбы: «Ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету. Мейрімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
Барысы:
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар. Көптен күткен көктем келіп, соның ішіндегі ерекше күндердің бірі 8-ші наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамы да келіп жетті. Осыған орай аналар мен аруларға арналған «Ана өмірдің шуағы » атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2- жүргізуші: Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
І –жүргізуші. Көктемде құстар сайрайды,
Жерде гүлдер жайнайды.
Алақайлап балалар,
Мәз болысып ойнайды- дей келе мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Түргенбаева Мадина Тұрғанқызын «Мама» әнімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды Тохтар ағай баршаңызды, дей отырып алғашқы құттықтау сөз кезегін ауылымыздың әкімі Өмірбеков Тохтар Қабдолдаұлына береміз
1 -жүргізуші:
Шарықтасын шат көңілдің алабы
Шат жүрекке ақ көңілдер қонады.
Дархандай кең, қонақжай халықпыз
Әрқашанда төрде отырар қонағы- дей отырып келесі сөз кезегін аудандық маслихат хатшысы Суранчинов Есенбай Абдрахманұлына береміз
2-жүргізуші: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың
Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Имуханбетова Салтанат Жалқынқызына береміз.
1-жүргізуші: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
                            Ана десем, теңіз болам шалқыған                            Ана десем, ашылады қабағым                            Ана десем, әділдікті ұғамынАуылымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы Сенбаев Әділхан атаға сөз береміз
2-жүргізуші: :   Бас қосты бүгін жиынға
                            Аналардың қауымы
                           Таусылмасын әрдайым
                            Отбасының сауығы – дей отырып мектебіміздің ата – ана комитетінің төрайымы Малтабарова Роза Есжанқызына сөз кезегін береміз
«Көңілді марш» 9 сынып қыздарын қарсы алайық
1-жүргізуші: 1910 жылы 8-наурызда Данияның астанасы Копенгагедн болған социалистердің халықаралық екінші конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленуде.
2-жүргізуші: Дүниенің ең қымбаты ана екен, Ананың ең тәттісі бала екен. Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген, Ананың орыны бөлек дара екен Балаға ана еңбегі парыз деймін, Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін. Меккеге апарсада өтелмеген, Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін, Ана мерекесі құтты болсын.«Мамочка моя милая» әнімен кішкене бүлдіршіндеріміз Ақерке мен Назерке қыздарымызды қарсы алыңыздар
1-жүргізуші: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
                            Жанымды жадыратып күлдіретін
                            Сендегі маған деген махаббатты
                            Нұр толы қос жанарың білідіретін
«Ақбота» шағын орталығының орындауында «Гүл теру» биін тарту етеміз
2-жүргізуші: Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің, Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің, - дей отырып «Әже» әнімен 1 сынып оқушысы Нұрқасым Нұртолғанды қарсы алыңыздар
1-жүргізуші: Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
                            Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
                            О адамдар қадірлей біл ананы
                            Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
5сынып оқушыларын «Аррива» биімен қарсы алыңыздар
2-жүргізуші: Ана дегеніміз- өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жан ашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанында аямаған ардақтысы.Ортамызға мектебіміздің әнші қыздары Жазира мен Аишаны «Көктем» әнімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Аида , сен әйел атауына байланысты қандай сөздерді білесің?
1-жүргізуші: -Көп сөздерді білемін. Мысалы: Әже, ана, ару, қыз, жеңге, қарындас, әпке, сіңілі, келін, апа, шеше, тәте,. Ой-й-й-й-й-й!
Жадыра бұл нәзік жандар туралы шексіз айтуға болады ғой!
2-жүргізуші: Әрине , Әже.
Әже дейміз бәрімізде анқылдап,
Әже дейді жас сәби де жарқылдап,
Әже деген-бәйтерегі өмірдің.
Әже деген- алтын қазық, алтын бақ- дей келе ардақты әжелерімізді, аналарымызды, қыздарымызды құттықтап «Әжемнің шайы» әнімен «Ақбота шағын орталығының» бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

1 –жүргізуші: Бірақ қалай дегеніменде – ана үйдің шырағы мен тірегі. Осыған орай бүгінгі кешке қонаққа келіп ортырған аналарымыздымерекелерімен құттықтап, «Заманауи» биімен 8 сыныптың биші қыздары ортамызда.
2-жүргізуші: Аяулы да алтын нұрлы анашым.
Жүрегіңмен мәңгі бірге боласың,
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің,
Сен дархансың, сен жомартты данасың -дей келе аналарымызды құттықтап келген 5 сынып оқушысы Сағатова Гүлзатты «Ұстазым» ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым.
Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың,
Өміріме нәрін бердің ақ сүтін,
Кең құшағың аясында гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махабаттың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрыңдай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Ер жеткізіп елге берген баласын.
Ақылдысың, ардақтысың, данасың,
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрем, анашым.- дей келе ортамызға
«Гүлдерайым » әнімен 11 сынып түлетеріміз Үміт пен Айдананы ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Әйелдерді еркектерден көп дейді,
Ойбай-ойбай бола берсін көп мейлі,
Әйелдер ол, әдемі ғой-әдемі.
Әдемілік бізге көптік етпейді - дей отырып мектебіміздің 8 сынып оқушысы Керимкулова Айзат «Анаға хат» әнімен осында отырған барлық аналарды мейрамымен құттықтайды
Жүргізуші. Көрініс: «Ана туралы баллада»
2-жүгізуші: Ана сутінен жаралған,
Ана сүтінен нәр алған.
Агаға бас иеміз.
Туған елдің тілі дем,
Туған жердің үні деп.
Анаға бас иеміз! – «Үнді» биімен 5 сынып оқушысы Досембай Гузелді қарсы алыңыздар
1 жүргізуші:
Ару қыз уылжыған алмадайын.
Қызыл гүл аппақ тілек бар маңдайын.
Құлаш ұр арманыңнан асқарына
Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын.
Көрінер толған айдай, жүзі жарқын.
Үлкеннен алдын орап сөз сөйлемес.
Халықтын сақтай білген ізгі салтын- дей отырып, 9-10 сынып қыздарын «Көктемгі вальспен» ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Қыздар –қыздар кімсіңдер?
Күлімдеген күнсіңдер,
Шұғылалы шуақты,
Таңғажайып дүрсіңдер?
Қыздар-қыздар кімсіңдер?
Мына бізбен бірсіңдер,
Осынау дархан өмірді.
Думандатып жүрсіңдер- «Қыздар, қыздар» әнімен Түргенбаева Мадина Тұрғанқызын қарсы алыңыздар
 1-жүргізуші:  Қанаттанса балапан,
                            Қалайынша ұшпайды
                            Әр бір қыз, әр бала.
                            Мамасына ұқсайды- дей отырып 3 сынып оқушысы Аусынахун Камшатты «Қарлығаш» әнімен қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:  5-сыныптың «Қазақ биі»
1-жүргізуші:  Хор «Мереке күніңмен»
2-жүргізуші:  Аналарды ардақтаған бабалар
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнап тұрындар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар! – дей отырып бүгінгі өздеріңізге арналған «Ана – өмір шуағы » атты мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет.