Т?рбие са?аты Т?уелсіздік — ел м?раты


Күні: 3.12.2016 ж. Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел мұраты»(менерлеп оқу сайысы) Тәрбие сағатының мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизм мен тағаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік-рухани қалыптастыру, өзі дүниеге келген туған жеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Білімділік: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер-нышандармен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбәр бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау. Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой-өрісін кеңейту, сана-сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, одан әрі дамыту бағытында түрлі сұрақтар беру арұылы ой-өрісін дамыту. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақстанның картасы плакатта «Менің Отаным – Қазақстан» , Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, презентация. Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Биыл 2016 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды. Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік – ел мұраты» атты мәнерлеп оқу сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Шарықта, шарла көкті, көк байрағым, Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым. Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым. (Әнұран орындалады) Кіріспе сөз:
Жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер, Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер. Жүргізуші: Бостандық! – деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмене тарих дейді. Ендеше тарих
ЖЫЛДАР ЖЫЛНАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?
- 1991 ж 16-желтоқсанда тәуелсіздік алды.
2. Н.Назарбаев қашан президент болып сайланды?
- 1991 жыл 1-желтоқсан
3. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы бекітілді?
- 1992 жылы 4 маусымды
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы – теңге қай жылы айналымға енгізілді?
- 1993 жылы 15 қараша
5. Тілдер күнін қашан тойлаймыз?
- 22 қыркүйек
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?
-1995 жылы 30 тамыз
7. Желтоқсан құрбандары кімдер?
- Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ
Қазақстан Республикасының Туының түсі қандай?
Қазақстан Республикасының Туында не бейнеленген?
Тудың көк түсі нені білдіреді?
Тудағы күн нені білдіреді?
Тудың авторы?
-( Ш. Ниязбеков. )
МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБА
Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?
Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?
Елтаңба авторлары.?
(Жандарбек Мәлібекұлы., Шотаман Уәлиханов)
Әнұранның авторларын білесіз бе?
(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев , әні: Ш.Қалдаяқов)
Елтаңбаларды зерттейтін ғылымды қалай атайды?- Жауап: Геральдика
Енді қазір оқушыларымыздың өлеңдерін тыңдайық.
Оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Ән « »
Оқушыларды мадақтау.
Жүргізуші: Тәуелсіздіктің байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім.
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік- ел мұраты» атты мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз.