Математика п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар 8-класс Трапеция


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
ПӘН МҰҒАЛІМІ Картбаева Нурсая Айбатовна
ПӘНІ Геометрия
КЛАСЫ 8
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ Трапеция
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Бірлесе оқу арқылы трапецияның түрлерін ұғыну, трапецияның ерекшеліктерін төртбұрыш тектес фигуралардан ажырату
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Трапеция түрлерін ажырата алады, трапецияның ерекшеліктерін басқа фигуралармен айырмашылығын салыстыра алады.
Сабақ кезеңдері / уақыты Сабақтағы іс-әрекет Бағалау Ресурстар
Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)
Ұжымдық жұмыс «Амандасу» тренингі
(музыка қосылып тұрады, оқушыла ортада араласып жүреді, мұғалім нұсқаулығымен амандасады. Қызыл қол – қол алысады, көк қол – төс қағысады, жасыл қол – арқамен амандасады)
Топтық жұмыс: «Трапеция» Мозайка құрастыру арқылы оқушылар трапецияның 3 түріне байланысты топқа бөлінеді

«Ойлан – бірік – талқыла» ой қозғау
Топтарда пайда болған трапеция түрлерін ажыратады. Және оларға бірлесіп анықтама құрастырады. Сонымен трапецияның 3 түрі болатынын қорытындылайды. Ынталандыру (үш шапалақ)
Ынталандыру («Жарайсыңдар!» сөзі)
(«Керемет!» сөзі) Интербелсенді тақта, трапеция суреттері, бағалау парақшалары
Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)
Мағынаны тану:

Суреттерге назар аудару, ұқсастығын анықтау
Трапеция грек тілінен аударғанда «дастархан» деген мағынаны білдіреді.
Топтық жұмыс: «ЖИГСО» әдісі топтық таныстырылым
1-топ: «тік бұрышты трапеция»
2-топ: «тең бүйірлі трапеция»
3-топ: «әр қабырғалы трапеция»
Оқушылар трапецияның түрлері бойынша білімдерін толықтырады. Әр топ өздерінің топтық таныстырылым жасайды. Топаралық бағалау жүргізіледі. Критериалды топаралық бағалау (3 балдық жүйе)
1)Түсініктілігіне
2) Сызба сауаттылығына
Интербелсенді тақта,
плакат, маркер, стикер
Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. ) «Кестелер құпиясы» топтық жұмыс (есептер шығару бойынша)
1-топ
Есеп мазмұны Формуласы немесе теоремасы Жауабы
Трапецияның екі бұрышы 112˚ және 65˚-қа тең. Оның қалған бұрыштарын табыңдар. Теңбүйірлі трапецияның кіші табыны 8см, бүйір қабырғасы 10см, ал үлкен табанына іргелес бұрышы 45˚ болса, берілген теңбүйірлі трапецияның периметрін табыңдар. 2-топ
Есеп мазмұны Формуласы немесе теоремасы Жауабы
AD мен BC қабылғалары AВCD трапециясының табандары болып табылады және <А=42˚, <С=110˚, В мен D бұрыштарын табыңдар. Теңбүйірлі трапецияның диагоналі оның сүйір бұршын тең екі бөлікке бөледі. Трапецияның периметрі 15 м, ал үлкен табаны 6м. Трапецияның кіші табанын табыңдар. 3-топ
Есеп мазмұны Формуласы немесе теоремасы Жауабы
Теңбүйірлі трапецияның бір бұрышы екіншісінен 74˚-қа кіші. Трапецияның қалған бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар. Теңбүйірлі трапецияның үлкен табыны 10.5дм, бүйір қабырғасы 4дм, ал олардың арасындағы бұрышы 60˚-қа тең. Трапецияның кіші табанының ұзындығын табыңдар. 3) Тапсырма толыққандылығына Кеспе қағаздар, «Геометрия» 8-класс, Ж.Қайдасов, Г.Хабарова, А.Абдиева
Қорытынды Жұппен жұмыс «Автор орындығы» әдісі
Трапеция сөзіне талдау жасау
Рефлексия «Мен теңгемді сыйлаймын, ....»
Оқушылар өздерінің 100 теңгесін, бүгінгі сабақта өзіне ұнаған оқушыға сыйлай алады. Сол арқылы бірін-бірі бағалайды. Топтардағы тиындар санына қарай «Белсенді топ» анықталады. Өзара бағалау
Өзара бағалау Жұлдыз беру
100 теңге суреті
Не сәтті өтті?
Трапецияның түрлері арқылы топқа бөлу, және оның түрлерін ажырата алды. Тиынды сыйлау, бір-бірінің жақсы қырларын ашық айта алды.
Не сәтсіз өтті?
Есептер шығаруда топтағы барлық оқушылар бір деңгейде шығара алмады. Кейбір оқушылар тек түсініп көшірумен шектелді.
Нені өзгерткіңіз келеді? Нені дамыта аласыз? Есептер шығаруда оқушыларға алдымен өз білімдерін пайдалану арқылы, сосын талқылау арқылы есептер шығаруға арналған тапсырмалар ұйымдастыруым керек және сол арқылы оқушылардың бастапқы білімдері мен жетілген тұстарын анық аңғаруға болады.