Геометриялы? денелерді? сызбалары 9-сыныптар


Сызу
Тақырыбы:Геометриялық денелердің сызбалары
Мақсаты:
а) Білімдік:Оқушыларды геометриялық денелердің сызбаларын жазықтық
Бетінде проекциялауға үйрету қосымша тапсырмаларды сыздыру.
ә) Дамытушылық:Сызбалар макеттер ,қима қағаздар арқылы геометриялық денелерді
Сала отырып қосымша сұрақтар қою арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту.
б) Тәрбиелік:Ұқыптылыққа ,нақтылыққа ,тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Геометриялық денелердің сызбаларын жазықтық бетінде проекциялауға үйренеді.Берілген жұмысты топта бірлесе жасауға дағдыланады.
Көрнекілігі:А4 пішіміндегі қағаздар ,қарындаштар ,сызғыш,өшіргіш, шеңберсызар, геометриялық денелердің макеттері.
Пәнаралық байланыс:Геометрия,бейнелеу өнері.
Сабақтың түрі:Практикалық –танымдық сабақ
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1)Амандасу және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2)Психологиялық ахуал
3)Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы)
1-тапсырма
Сұрақ-жауап
Егер проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса проекциялау әдісі қалай аталады? (Орталық проекциялау әдісі)
Тетікбөлшектердің көлденең пішінін қандай кескін анықтайды?
(Қима)
Егер проекциялаушы сәулелер жазықтықтан 900-тан түссе проекциялау қалай аталады?
(Тік бұрыш)
Алдыңғы жазықтық қалай аталады?
(Фронталь)
Призма, пирамида, конус, шар бұл
(геометриялық денелер)
Үстінен қарағандағы көріністің басқа атауы қандай?
(Горизонталь)
W әрпімен не белгіленеді?
(профиль. проекциясындағы жазықтық)
Профиль тілігі сызбада қай жерінде орналасады?
(Сол жақ)
Жиі кездесетін қиманың түрі
(оқшауланған)
Егер проекциялаушы сәулелер өзара паралель болса проекциялау қалай аталады?
(параллель проекциялау әдісі)
Фронталь, горизонталь, профиль тіліктер бұл
(қарапайым тіліктер)
Проекциялаушы сәулелер жазықтыққа сүйір бұрышпен түссе, проекциялау қалай аталады?
(қиғаш бұрышты)
Қиюшы жазықтықтағы және оның аржағындағы кескінді көрсететін кескін қалай аталады?
(тілік)
Аксонометриялық проекциялардың 2 түрі
(тік бұрышты изометрия, қиғаш бұрышты фронталь диметрия)
Қандай қима көрініспен бірге сызылады?
(қабаттасқан)
Өлшемді түсіру үшін қандай сызықты қолданамыз?
(жіңішке тұтас)
А4 пішімдегі қағаз өлшемдерін көрсет
(210*297)
Нақты масштабты көрсет
(М 1:1)
М2 5:1 қандай масштабты көрсетеді?
(үлкейту)
А2 пішімдегі қағаз өлшемдерін көрсет?
(420*594)
Шығару және өлшем сызықтарын қандай сызықтармен көрсетеміз?
Жіңішке тұтас
2-тапсырма
Геометриялық денелердің сызбаларының 3 көрінісін техникалық суретін түсіру

3-тапсырма
Тетікбөлшектің техникалық суретін сал

Көрнекі кескінді пайдаланып горизонталь және профиль проекцияларды салыңдар

Тетікбөлшектің фронталь тілігін көрсет

Көрнекі кескінді пайдаланып үш көрінісін түсіру

Берілген көрініс бойынша үшінші көріністі салыңдар
?
Геометриялық денелер тобының техникалық сызбасын орында

Пластинада 3 тесік ойылған. Нәрсенің әр қабырғасымен бұрғанда барлық 3 тесікті жабатын техникалық суретін орында.

Детальдың берілген 2 көрінісі бойынша 3-ші көрінісін салыңдар

Табанының өлшемдері 60*20 мм, биіктігі 40 мм тік бұрышты параллелепипед. Табаны 40 мм шеңбер, биіктігі 60 мм конус. Қыры 40 мм текше.

Төсемнің толық кескінін салыңдар

Көріністің техникалық суретін сал

Тетіктің фронталь проекциясын қайта сызыңдар. Көрнекі кескінді пайдаланып, горизонталь және профиль проекцияларды салыңдар. Өлшемдерді түсіріңдер.

1 – табанының өлшемдері 60*40 мм, ал биіктігіі 20 мм-ге тең болатын тік бұрышты параллелепипед;
2 – табанында 40 мм шеңбер, биіктігі 60 мм болатын конус;
3 – табанының өлшемдері 40*40 мм, биіктігі 60 мм төртбұрышты тік пирамида

Тесігі бар шаршының екі проекциясын сызу
4.Интерактикті тақтамен жұмыс
5.Қортынды тест
6.Бағалау