«Павлодар облысты? мамандандырыл?ан с?билер ?йі» ММ Ашы? саба? Та?ырыбы: ?уырша?ты тама?тандыру


«Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» ММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қуыршақты тамақтандыру
Тәрбиеші: Ералинова Н.К.
Павлодар – 2017 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қуыршақты тамақтандыру
Міндеті: Баланың сөздік қорын толықтыру.
Сөздік жұмыс: қуыршақ, тарелка, қасық, бокал.
Көрнекілік: қуыршақ, тарелка, қасық, бокал.
Жас ерекшелігі: 1 жас 3 айға арналған.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі.
Терезеге қарашы, күн қандай жақсы: тыныш, жылы, күн шығып тұр.
Қарама-қарсы тұрып «қайырлы күн тілейміз».
Бала, бала, балапан,
Кәне қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
(Біраз жүреміз).
Орындыққа барып отырамыз.
Қолың қайда?
Таняның қолы қандай әдемі.
Саусақтары ұзын, қолы жылы.
Алақанды ашып көрейікші, не бар?
«Қуырмаш» санамақ оқимын.
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Тауықтарға тары шаш,
Басбармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкентай бөбек,
Қытық, қытық.
алақанда қытық бар екен.
Ыдыста салынған көрнекіліктер жаттығуға арналған «ұсақ моторика».
Доп кірпіні домалату (алға, артқа, шеңбер домалату).
Таян допты қыс, доп жұмсақ, енді ыдысқа сал.
Таяқшаны артқа, алға домалату, таяқшаны қыс, таяқша қатты, ыдысқа сал.
Щетка: алақандарына жоғары, төмен щеткамен жүргізу.
Алақанына шеңберлеп жүргізу.
Қолғап: алақанын қатты уқалау, қолына киіп, қолдарының сыртынан сипау. Алақан ысыды.
Қуыршақты әдемі орамалмен жауып қоямыз.
Баланың көңілін қуыршаққа бөлу.
Ой, мынау не?
Таня орамалды аш, мынау не?
Қуыршақ.
Қуыршақты балаға беріп, қуыршақты ұстау.
Қуыршақ саған не әкелді?
Қораптың ішінде ыдыс-аяқ, екі тарелка, екі қасық, екі бокал.
Қораптан алып, тарелканы жеке қоямыз, жеке-жеке атын атап.
Мен тарелканы алып көрсетемін
Мынау тарелка..., қасық... бокал.
Тарелканы ал!
Қуыршақты тамақтандырамыз.
Қуыршаққа тарелканы берші...
Қасықты бер...., бокалды бер...
-Тарелкаға каша саламыз, қасықпен жиміз, бокалмен шай ішеміз.(Таня қуыршақты тамақтандырады)
Ыдысқа сал.
Өзім қуыршақты алдыма отырғызып, Таня рахмет саған. Бәрі жақсы болды.
Қуыршақтың қолынан ұстап, орнына тұрып, шығамыз. Қимылдарды бірге қайталау.
Үстел үстінде екі қолын қояды.
Күледі, бірге айту.
Тәрбиешінің іс-қимылын қайталау.
Әр жаттығу сайын көрнекілікті орнына салып қояды.
Ля-ля айтады.
Қуыршақты уату.
Қайталап айтады.
Ыдыста тұрған тарелка, қасық, бокалды алып көрсетеді.
Ля – ля қуыршақ береді.Игереді: тамақтандыру ережесі.
Біледі: қуыршақ.