8 сынып?а арнал?ан саба? жоспары. Та?ырыбы: Ал?аш?ы химиялы? ??ымдар


Сабақ жоспары
Күні: 27.10.2016 жыл
Пәні: химия
Пән мұғалімі:Мукушева Гульмира Серикпековна
Сыныбы 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы химиялық ұғымдарды қайталау
Мақсаты: Алғашқы химиялық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Алғашқы химиялық ұғымдарды біледі. Реакция теңдеулерін жаза алады, теңестіреді, есептер шығарады.
Қолданылатын модульдер:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Талантты және дарынды балаларды оқыту; ОүБ және ОБ; АКТ; Оқытуды басқару және көшбасшылық;
Стратегиялар: «Блоб ағашы»; «Химиялық жүріс»; «Химиялық домино», «Үлестірмелі карточкамен жұмыс», «Кластер», «Тәжірибе», «Ақылдың алты қалпағы»; Сергіту сәті.
Сабақ кезеңдері Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекет Бағалау Ресурстар
Ұйымд астыру:
1-2 минут
«Блоб ағашы» стратегиясы.
Мақсаты: оқушылардың сабақ басындағы көңіл күйін анықтау Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру.
Оқушыларға көңіл күйлерін білдіретін «Блоб ағашы» таратылады
Сәлемдесіп,
таратылған «Блоб ағашынан» өзіне тең келетін көңіл- күй белгісін бояйды
Ауызша мадақтау. «Жарайсыңдар!»
Интерактивті тақта
жазылған қағаздар «Блоб ағашы»
Тұсау кесер
5 минут «Химиялық жүріс» стратегиясы.
Мақсаты:
өткен білімді еске түсірту, шолу жасау.
Екі қатардан бір бір оқушыдан ортаға шығарады. Оқушыларға белгіленген жерге дейін әр адым басқан сайын химиялық элементті үш тілде айтып адымдап жету керек екендігін түсіндіреді. Әр дұрыс жауапқа бір күлегеш беріп отырады. Белгіленген жерге жеткенде күлегештерін санайды. Кім көп күлегеш жинады сол жақсы нәтиже көрсетті деген сөз. Әр оқушы кезектесіп химиялық элементтерді үш тілде айтып адым жасап отырады. Әр дұрыс жауапқа бір күлегеш алады.
Белгіленген жерге жеткенде күлегештерін санайды. Кім көп күлегеш жинады сол жақсы нәтиже көрсетті деген сөз. Күлегештермен бағалау Күлегештер.
Негізгі бөлім:
5 минут «Химиялық домино»
Мақсаты:
ой қозғау
«химиялық домино» әдісі арқылы зат мөлшері, моль, авогадро саны, масса,мольдік көлем, көлем қолданылатын формулаларды тиянақтайды. ( флипчарт тақтада химиялық домино ойнайды.
ACTIV STUDIO бағдарламасы бойынша жасалған слайдта құрастырылған
«Химиялық доминоны» ойнайды (қаламсап арқылы доминоны құрастырады) Жұлдызшалармен бағалау
Интерактивті тақта (ACTIV STUDIO бағдарламасы).
Жұлдызшалар.
10 минут «Мәтінмен жұмыс»
Деңгейлік тапсырмалар А оқушыға - химиялық элементтердің валенттігін пайдаланып берілген таңбалардан формула құрастыру.
Б оқушыға- формула бойынша есептер шығару
С оқушыға - химиялық ракция теңдеулерін аяқтап, теңестіру. Берілген тапсырманы орындайды. Алғашқы болып орындағандар тақтаға жазады. Үлестірмелі қарточкаларИнтерактивті тақта.
Күлегештермен бағалау.
3 минут «Кластер» құру Электрондық тақтаның ортасында «химиялық реакция белгілері» деген жазу жазады, оқушыларға кластер құру туралы тапсырма береді. Әр бала тақтаға шығып химиялық реакцияның жүру белгілерін кезектесіп жазады, нәтижесінде бір оқушы жалпы мәліметтерді біріктіріп қорғайды. Күлегештермен бағалау. 7 минут «Тәжірибе» Техника қауіпсіздік ережесін сақтауды естеріне салады.
Тәжірибе. «Газдың бөлінуі» ( марганцовка ерітіндісі+ сірке қышқылы + ас содасы)
Тәжірибе. « Тұнбаның түсуі»
Тәжірибе. «Газ бен жылудың бөлінуі» (Мырыш + азот қышқылы) Тәжірибені бақылайды, өздері орындайды. Көрген тәжірибенің реакция теңдеуін тақтаға жазады. 3 минут Сергіту сәті. «Менің бейнем» оқушыларға түрлі түсті қағаздан өз бейнелерін жасатады. Түрлі түсті қағаздан өз бейнелерін жасайды. Түрлі түсті қағаз
Қорытынды:
7 минут «Ақылдың алты қалпағы»
Оқушыларға алты түсті қалпақ таратады. Қалпақтың міндеттерін түсіндіреді. Қалпақты киеді, қалпақтың түсіне байланысты мәлімет береді.

Күлегештермен бағалау
3 минут Рефлексия «Блоб ағашы» Оқушылардың жинаған күлегещтерін санап жиынтық бағасын шығарады. «Блоб ағашын» бояйды
Жинаған күлегештерін санайды. Жиынтық бағасын біледі. Карточка №1
Мына элементтердің оттегімен қосылыстарының формуласын құрастырыңдар: Na, Cl (V), S(VI), Mg, Zn, H, Ba
Карточка №2
Мына элементтердің оттегімен қосылыстарының формуласын құрастырыңдар: S (IV), N (V), AI, C (IV), P (V)
Карточка №3
Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар: KCl; H2SO4
Карточка №4
Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар: H3PO4; MgCl2
Карточка №5
5 моль судың массасын есептеКарточка №6
0,5 моль көмірқышқыл газының (СО2) массасын есептеКарточка №7
химиялық ракция теңдеулерін аяқтап, теңестір
Zn+ 2HCl = Mg + H2SO4 =
             CaO + 2HCl= BaCl2 + H2SO4=
Карточка №7
химиялық ракция теңдеулерін аяқтап, теңестір
Zn+ 2HCl = Mg + H2SO4 =
             CaO + 2HCl= BaCl2 + H2SO4=

m=

v * M v=

N / NA V=

v * VM V=
22,4 л/моль NA =
6,02* 10 23 М(СаО)=
56 г/моль