Саба?ты? та?ырыбы: Т?сті метал (9сынып)


Күні
Сыныбы 9А 24.11.2016ж
Тақырыбы: Металлургия кешені, түсті металлургия
Мақсаты: Металлургия кешені,түсті металлургия өнімдері , кәсіпорындарының типтері және өнеркәсіптің орналасу заңдылықтарын түсіндіру
Күтілетін нәтиже Металлургия кешені,Қара металлургия өнімдері туралы біледі,картамен жұмыс істей біледі.
Көрнекіліктер Жұмыс парақтары, стикер, интер тақта, слайдтар, элементтер тақтасы
Әдіс тәсілдері АКТ, диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру
3мин Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түсті металдарға жататын элементттер арқылы топқа бөлу Оқушылар төрт топқа топқа бөлінеді
1топ қорғасын
2 топ мырыш
3 топ мыс
4 топ никель
Білу
7мин Өтілген тақырып бойынша білімдерін тексеру
Сұрақтар бере отырып тексеру.
Қара металлургия өнеркәсіптерінде нені жасап шығарады?
Қара металлургияның шикізаты не?
Қазақстанда қара металлургия негізі қашан қаланды?
Қара металлургия кәсіпорнының типтері?
Еліміздегі темір кен орындары қай жерлерде?
Соколов-сарыбай кен орнын ашқан кім?
Соколов- сарыбай , Лисаков, қашар, Әйет кен орындарын жүниежүзіне әйгілі қай кен орындармен салыстыруға болады?
Темір кенінің қоры жөнінен Қазақстан дүние жүзінде, ТМД елдері бойынша нешінші орында?
Толық циклді қара металлургия комбинаты қай қалада?
Ферроқорытпа зауыты ең алғашқы қай қалада салынды?
Хромит қоры жөнінен Қазақстан ТМД бойынша нешінші орында, ал дүние жүзі бойынша ше?
Сапалы ферроқорытпа зауыты қай қалада?
Марганец кен орны қай аймақтарда?
Марганец қоры жөнінен дүниежүзі бойынша нешінші орында?
1 Кез-келген топтан оқушы шығып сұрақтарға жауап береді
Түсіну
10мин Ой қозғау
Үйге берілген шығармашылық жұмыс бойынша өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстырамын.
Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
а)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады
1топ. Түсті металлургияның дамуы, түсті физикалық қасиеттеріне қарай бөліну түрлері
2 топ. Мыс кені
3топ. Қорғасын, мырыш кені
4 топ. Никель мен қалайы кені
Оқушылар оқулық мәтінімен танысып топта талқылайды.
Қалған топтар тыңдайды, сұрақтар қояды
Қолдану
Талдау
3мин 1 топ. Қара және түсті металлургияны венн диаграммасына салу.
2 топ. Мысты синкуейн әдісі арқылы айтып өтеді.
3 топ. Қорғасынды синкуейн әдісі арқылы айтып өтеді.
4 топ.Мырыш пен никелді венн диаграммасына салу.
Жинақтау
Металлургия өнеркәсібі қандай салалардан тұрады?
Түсті металдар қалай бөлінеді?
3. Ауыр түсті металдарды ата?
4.Неліктен мыс зауыттары шикізат көзіне жақын орналастырылады?
5. мыстың кен орындары?
Қорғасын мен мырышты неге полиметалл кені деп атайды?
6. Никель зауыты қай аймақта салынуға жоспарлануда?
7. Қалайыны неге импорт есебінен алып отырмыз?
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Бағалау Бағдаршам арқылы Кері байланыс Рефлексия, кері байланыс. Сабақтан алған әсері мен ұсынысын жазады.
«бір ауыз сөз» кері байланыс жасалады.
Үйге тапсырма № 19-20. картамен жұмыс Шахта орта мектебі

9 «а» сынып
24.11.2016 жыл