Презентация .1930 жылдарда?ы ?о?амды? – саяси ?мір.


Сабақтың тақырыбы: §§ 19-20. 1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір. Сабақтың мақсаты:1. Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатының күшеюі негізінде “халық жауларын” түгелдей тамырымен жою үшін партиядағы басқарушылар мен кеңес қызметкерлері арасында тазарту процессі жүргізілгендігі жайлы түсіндіру.2. Өз ойларын жеткізе білуге үйрете отырып оқушылардың ой- өрісін дамыту.3. Оқушыларды ұлтын, халқын, Отанын сүюге, еліне, халқына адал қызмет етуге, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Үй жұмысы:§§ 17-18. Қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және Кеңес үкіметінің жазалау шаралары 1-топ. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы. 2-топ. Көтерілісшілердің жаппай жер аударуы. 3 -топ. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күресі. 4-топ. Екінші Бесжылдық жоспары (1933 — 1937жж.) 1-топ. Қазақстандағы ұжымдастыруға байланысты қандай мәселе қаралды?2-топ. Қазақстандағы ұжымдастырудың себептері қандай болды?3-топ. Қазақстанда күштеп ұжымдастыруға дәлелдер келтір.4-топ. Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың қорытындысы қандай болды? А.Байтұрсынов 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған. М.Дулатұлы  1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болды. Репресияны көзбен көргендерден естеліктер. І –топ. Сталиндік казармалық социолизм. 83-84 -бет ІІ -топ. Зиялы қауымды жаппай қудалау. 84-85- бетІІІ- топ. «Халық жауларын» жазалау. 85-87- бетІҮ-топ. Қуғындауға қарсылық 87-88- бет 1.«Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай түсінесіңдер?2.Неге зиялы қауым өкілдерін жаппай қудалау басталды?3.Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (БМСБ) үштігі «Алашорда» қайраткерлеріне қандай жалған кінәлар жапты? Үйге тапсырма: § 19-20. 1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір. 83-88 -бет. Мазмұнын оқу. «1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін» ізденіс жұмысы.