Сырым Дат?лы баста?ан Кіші ж?з ?аза?тарыны? к?терілісі (1783-1797 жж.)


Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсрепов атындағы аудан
15 жылдық Қазақстан селосы
«Жаманшұбар негізгі мектебі»КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының
көтерілісі (1783-1797 жж.)»
9-сынып
Өткізген: Нуртазин Еркин Бексултанович
2015-2016 оқу жылы
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының
көтерілісі (1783-1797 жж.)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кіші жүз қазақтарының соғысына қатысуының алғышарттары мен себептерін қарау, соғыстың қазақтар қатысқан кезеңдеріне сипаттама беру және қазақтардың ұлт-азаттық күресіне Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ықпалын көрсету.
Дамытушылық: Оқушының өз ойларын еркін жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын толықтырп, қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтағы материалдармен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ынтасын көтеріп, пәнге деген қызығушылығын ояту және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Өздігінен іс-әрекетті қалыптастыра отырып, Отанын сүюге, адамгершілікке және тарих пәні салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге ықпалын тәрбиелеу.
Тірек ұғым: Қазақтардың ұлт-азаттық күресіне, Кіші жүз қазақтары соғысының ықпалын көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, салыстыру, талдау, венн диаграммасы топтық, топтастыру стратегиясы, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Схема, интербелсенді тақта, үлестірме.
Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).
Сәлемдесу;
ә) Сабаққа даярлығын байқау.
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин).
а) Сұраққа жауап бер.
Шаруалар соғысының басталуына не себеп болды?
Қазақтардың шаруалар соғысына қатысуын қандай кезеңдерге бөлуге болады?
Орта жүз қазақтары Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қалай қатысты, оның ерекшелігі неде?
Кіші жүз феодалдарының қолдауына соншама үміттенген Пугачев кімге үндеу жолдады? Оның үндеу жолдаудағы мақсаты қандай еді?
Пугачев көтерілісінің жеңілу себебі неде?
ә) «Тапқыр болсаң тауып көр».
Өрнектің мәнін табу арқылы 1774-1775 жж. Үкімет қолдаған Сібір шебінде орналасқан барлық әскер санын білеміз.
(7050) + (620: 10) + (418 – 9) =?


Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин). Негізгі мазмұны:
Көтерілістің алғышарттары мен себептері.
* Көтерілістің басталуына түрткі болған жағдай;
Көтерілістің мақсаты;
Сипаттамасы;
Қозғаушы күштері;
Көтерілістің басшылары;
Көтеріліс барысы мен кезеңдері;
Нәтижесі мен жеңілу себептері;
Тарихи маңызы.
Жаңа сабақты пысықтыру (8 мин).
а) «Ел қорғаны – ер бабаң»
Сырым Датұлы

ә) Венн диаграммасын толтыр.
Е. Пугачев бастаған көтеріліс
Ортақ
С. Датұлы бастаған көтеріліс

б) Көтерілістің барысына диаграмманы жалғастыр.

1783 жылы басталды
в) Сызбаны толтырыңдар.
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің
Себебі
Қозғаушы күші
Сипаты

г) Сергіту сәті.
(Сырым Датұлының шешендік сөзінің мағынасын ашу). Бірде Сырым Нұралы ханнан:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? – деп сұрайды. «Торы» деп Сырым – халықты, «төбелі» деп хандар мен олардың тұқымын айтқан екен. Нұралы хан Сырымға жауап бере алмай қалыпты.
Тағы бір реті келгенде Сырым Нұралы ханға:
Сен аз бен көпті, ақ пен қараны, әлсіз бен мықтыны теңгере алмадың. Біреуді біреу талап жатыр, сен халықты басқара алмадың, - депті.
Хан оған қарсылық білдіріп:
Батырым, тасып жүрсің-ау, депті. Сонда Сырым іркілместен:
Тақсыр, тасып жүргенім жоқ, қайта қазақ баласының басын қоса алмай, сасып жүрмін, - деп жауап қайтарыпты.
д) Артық болмас білгенің.
№ Сұрақтар Жауаптар
А В С Д Е
1 Сырым тұтқыннан қашан босатылды? 1783 ж. 1784 ж. 1785 ж. 1786 ж. 1787 ж.
2 Сырым тобы қай тауға қарай ойысты? Мұғалжар Қаратау Алтай Тарбағатай Сарыарқа
3 Нұралы ұлдарының бірі – Есімнің хан болып сайлануы 1791 ж. 1794 ж. 1795 ж. 1788 ж. 1787 ж.
4 Көтерілістің сипаты Отарлауға қарсы, ұлт-азаттық, анти-феодалдық Монархиялық, отарлауға қарсы, ұлт-азаттық Феодалдық, анти-феодалдық Азаттық, феодалдық Монархиялық отарлау
5 Көтерілістің қозғаушы күші феодалдар ұлттар қазақ шаруалары қазақтар орыстар
6 Сырымның өлімі 1806 ж. 1805 ж. 1804 ж. 1803 ж. 1802 ж.
е) Сұрақтарға жауап бер.
Көтерілістің басты себебі неде?
Көтеріліс қалай басталды?
Барон О. Игельстромның қандай өзгерістер енгізбекші болды?
Сырым батырдың Орынбор билеушілерімен арақатынастары қандай болды?
Көтерілістің жеңілу, себеп-салдарын түсіндір.
Қорытындылау (8 мин)
Рефлексия.
Бұрыннан білемін «Ү» Мен үшін жаңалық «+» Кездескен қиыншылық Тереңірек білгім келеді «9» Қызықты болған не? «!»
Үй тапсырмасын беру және бағалау (5 мин). 6-тақырыпты оқу, түсінгенін айтып, сұрақтарға жауап беру.
Бағалау: Лидер парағы.
Топтың аты Тапсырмалар
Үй тапсырмасы Модуль жасау Диаграмма толтыру Сызбаны толтыру Сергіту сәті Тест шешу Рефлексия Лидер (бағалау) Бекіту сөзі