Абай ??нанбай?лыты? ?мірі мен шы?армашылы?ы


Абай Құнанбайұлытың өмірі мен шығармашылығы1. Білімділік: Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын білу.2. Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы туралы айта алу. Оны шығармашылығы туралы айта алу, мәнерлеп оқу, жатқа айту, Оқушылардың өлеңді машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.3. Тәрбиелік: Оқушыларға Абайдың ұлылығын, оның поэзиясын тереңдігін сезіндіру, туған елін, Отанның сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету. Оқушыларға адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.Сабақтың әдістері: Топтастыру, баяндау, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, пікір айтуКөрнекіліктер: Абай портреті, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар,Сабақтың өтілу барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушылардың интеллектуалдық ойынға психологиялық дайындығы. Өз тобының таңбасын жасап келу. Әр топ өзінің атын және ұранын айтуға тиіс. Топтар қолбасшыларын тағайындайды.Синквей әдісі бойынша оқушылар 4 топқа бөлінді 1 топ: Достық. 2 топ: Үміт. 3 топ Әлем. 4 топ Жұлдыз2. Мұғалімнің кіріспе сөзі«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы, ерінбеАдалдықты көздесеңЖаттап тоқы көңілге!» - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сайыс сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде.Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық. Сайыс бес белестен тұрады.1 белес «Көркем сөз» сайысы 5 ұпаймен бағаланады. Үйге берілген тапсырмаӘрбір топ өздерінің «Абайды біз кім деп танимыз?» тақырыбында дайындап келген ақпаратты айтып береді.2 белес. «Бәйге» 5 ұпаймен бағаланадыӘр топтың қолында кәртішкелері болады. Қай топ бірінші көтерсе, сол жауап береді. Егер бірінші топ жауап бере алмаса, келесі топ жауабын айтуына болады. Бұл турға 19 сұрақ қойылады.1. Абай Құнанбаев -..................2. Қай жерде дүниеге келген...............,3. Ол қай жылы туылған..................4. Алғаш хат таныған.......................5. Абай оқыған медресе....................6. Абайдың шын аты....7. Абайдың арғы атасы....................8. Өз әкесі...9. Абайдың шешесі............... әжесі.................10. Абайдың әкесі Абайды.........................11. Абай оқыған шығыс ақындары.......................12 Абай дос болған орыс демократ ғалымдары.........................13. Абай шығармаларын оқыған философтар.........................14 Абай шығармаларын оқыған орыс жазушылары мен ақындары..........15. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем өлеңі..................16. Ол қай жылы жазылған..................17. Абай оқыған орысша журнал.................18 Абай рухани байлық алған үш саласы.....................19. Қай жылы дүниеден озды?...............Жүргізуші: 3 - ші белес «Поэзия сәтіне» кезек беремізИнтерактивті тақтада өлең жолдарынан үзінді берілді, әр топтан бір оқушы ақынның ұнаған өлеңінің жалғасын табады. Тур 5 ұпаймен белгіленген.Күтемін сізден қайта хат,Қуандырып, дертім жаз.....***Ақ киімді, денелі, ақ сақалдыСоқыр мылқау танымас тірі жанды.....***Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы,Сонда да солардың бар таңдамасы....***Ақындық жүріп, анық бас,Еңбегін кетпес далаға....***Интерактивтік тақта арқылы өлеңдердің жалғасын табу.Ол болмаса, шыныңды айт, кінә өзімде, өзіме аз; үсті басы, ақ қырау, түсі суық,басқан жері сықырлап келіп қалды; іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысын, қазақтың келістірер қай баласы; өлең сөздің патшасы, сөз – сарасы; ұстаздық қылған жалықпасүйретуден балаға4 белес «Кім жылдам?» тақырып бойынша сөздерді табуЖүргізуші: Ойымызды жылдам және нақты жеткізуге тырысайық осы тапсырмаға 40 секунд беріледіР Қ Ы С Ж Р ЫУ Ы Х З П Е ВС С Г Е О Б ТС О К Р А Т ЕК Д Ұ Е Р Ө КИ Б Р А Һ И МЙ Ө Л Е Ң И МВ Е С Т Н И К5 белес «Жорға сайысы» әр топтан бір сайыскер шығып, берілген сұрақтарға қанша жауап берсе сонша ұпай жинайды.Бірінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:1. Абай шешесінің аты?2.. Абай қай жылы туды?3. Қай жерде туды?4. Әкесінің аты кім?Екінші сайыскерге қойылатын сұрақтар1. Абайдың орыс достары кімдер?2. Абай қанша нәрседен қашық болуды нұсқайды?3. Абайдың шың аты?4. Абай қанша нәрсеге асық болуды нұсқайды?Жүргізуші: Сонымен балалар сайыс сабағымыз аяқталды. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз. Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңген топты марапаттау қағаздарымен мадақтайды.Мұғалім:Парасатты болып туғанШыңғыстаудың АбайыӘн мен жырын мұра қылғанСарыарқаның Абайы.Нақылымен сана құйғанҚазағымның АбайыАқылмен дана болғанБүкіл әлем АбайыМінекей осылайша бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Осы сайыста сендер өздерінің алған білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Сайыс болғаннан кейін жеңген де болады, жеңілген де болады. Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінетіндеріңе тілектеспін. Сау болыңыздар.