Ашы? саба? ?аза?станды мекендейтін жануарлар


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің
технологиялық картасы
Білімдік сала: Таным.Қатынас.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Қазақстанды мекендейтін жануарлар.
Мақсаты:
1..Қазақстан жерін мекендейтін жануарлармен таныстыру; олардың тіршілігі туралы мағлумат беру.
2.Балалардың жануарлар туралы білімдерін әрі қарай кеңейту; өз білімдерін қолдана алуға жағдай туғызу.
3.Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімдерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: арқар, барыс, саршұнақ, дала тасбақасы, қосаяқ, құлан суреттері; тау, далатабиғат көрінісіндегі жануарлар суреті, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: арқар, барыс, қосаяқ, құлан.
Билингвальды компонент: арқар-архар, барыс-барс, ирбис,қосаяқ- тушканчик, құлан-кулан (дикий осел).
Оқу ісж
әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық -Бүгін бізге ерекше көңіл күй
қажет.Ол үшін бір-біріңі қарап
күлімсің жақсы тілектер айтыңдар.Мен сендерді табиғатқа
саяхатқа шығуға шақырамын. Балалар бір-біріне қарап, жақсы тілектер айтады. Назарларын бүгінгі оқу іс-әрекетіне аударады.
Ұйымдастырушылық-
іздеңістік Жағымды музыка қойылады.
-Балалар, біздің жеріміздің табиғатына қараңдаршы(таудың, даланың әдемі табиғат көрісінісі көрсетеледі).
Біздің жеріміз кең-байтақ.Онда
алуан түрлі жануарлар мекендейді.Қаңдай жануарларды білесіңдер?
Тақтаға әртүрлі жануарлар суреті ілінеді (арқар, барыс, қосаяқ, құлан, дала тасбақасы):
-Мына суретте көрсетілген жануарлар түрі қандай көп, оларға сүйсіне қарайсың.
Сергіту сәті:
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір,
Денемізді дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап.
Алтай арқары- өте бағалы аң.
Биік тау беткейлерін мекендейді.
Шөптесіп өсімдіктермен қоректенеді.Ол бағалы аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған.Оның жасын мүйізіндегі сақинасына қарап аңықтайды.
Құлжасының мүйізі ірі, бұралып
иіліп тұрады.12-14 жыл өмір сүреді.
Барыс-мысық тұқымдас жыртқыш аң.Ол басын мәңгі қар басқан тауларды мекендейді.Оның терісі бағалы.Қимылы жылдам, епті.
Жемістігін қуғанда 7-8м биітікке дейін секіреді.Олар ойынпаз, қарға аунап ойнағанды жақсы көреді.Қазақ ежелден барыстың тектілігі, батылдығын пір тұтқан.
Қосаяқ-кішкентай кеміргіш аң.
Балқаш өңірінде тіршілік етеді.Сирек кездеседі.Ол өсімдік дәнімен , жемісімен, қоңыз, шегірткемен қоректенеді.Қыстай денесіне жинаған майымен қоректеніп, ұйықтап жатады.
Құлан шөлді жерді мекендейді .
Алматы, Қарағанды хайуанаттар бағында бағылады.Түрікмен жерінен әкеліп жерсіндірілген.Ол есекке де, жылқыға да ұқсайды.Олар бұрын Қазақстан жерінде үйір-үйірімен жүретін.Оны есепсіз аулап, азайып кетті.Қазір қорғауға алынған.
Дала тасбақасы шөлде жерлерді мекендейді.Ол қауіп төнгенде , басын сауытының ішіне жиып алады.150 жылдай тіршілік етеді.Өсімдіктермен қоректенеді.
Жылына 3-4 ай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады.
Саршұнақ ашық дала кеңістігінде өмір сүреді.Олар ін қазып, топырағын сыртқа үйіп тастайды.Егінге көп зиян келтіреді.Бірақ оның терісі бағалы.
-Бұл жануарларды сендер қай жерден көріңдер?
Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар табиғат көрініс туралы өздерінің алған әсерлерін әңгімелейді.
Өздері білетін жануарларды атайды.Балалар педагог көмегімен жануарлардың атауымен танысады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Мұқият тыңдап, әңгімеге кіріседі.
Бұл жануарларды теледидардан, кітап-тан көргендерін айтады.Өздерінің не білетіндерін әңгімелейді.
Рефлексиялық-
түзетушілік Балалардың жануарлардың пайдасы, оларды қорғау туралы қорытынды ойлары тыңдалады.
«Мұқият бол!» ойыны.
Ал енді мен сендерге бүгінгі танысқан жануарлардың бір белгісін айтады, сендер қаңдай аң екенін табасыңдар. Балалар педагогтің айтқан сипаттамасы бойынша қандай жануар екенін табады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Қазақстан жерінде мекендейтін жануарлардың кейбір түрін сурет бойынша ажыратады; олардың тіршілігі мен мекені туралы мәліметтер іздейді;
Түсінеді: Қазақстан жануарларының алуан түрлі екнін; жануарларлардың пайдасын, оларды қорғауды;
Қолданады: жануарлар туралы білімді.