Математика ?дістерін экономикада тиімді пайдалана отырып о?ушыларды? ойлау ?абілетін арттыру.


Математика әдістерін экономикада тиімді пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Экономикалық тәрбиенің маңызы туралы жалпы түсінік.
Экономикалық төрбие адамзаттың қоғамдық өмірінде айрықша орын алады. Әсіресе, қазіргі таңда жас ұрпақка жүйелі экономикалық тәрбие беру мәселесінің барынша нақты қойылып отыруының өзіндік үлкен мәні бар. Нарықтық қатынастардың қоғамдық өміріміздің барлық салаларына деңдеп енуіне байланысты экономикалы сауаттылықтың қажеттігі күннен-күнге айқын сезіле түсуде. Бұл қажеттіліктің онан әрі өсе түсетіндігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазіргі мектеп оқушылары қоғамымызда болып жатқан әр алуан өзгерістердің және осьіған орай орын алып отырған қиыншылықтардың себептерін білгісі келеді. Бұрынырақ халықтың әлеуметтік тұрмысы жақсы болған, ал казір неге олай емес? Бұрын жалақьіны уақытылы беретін, ал қазір ата-аналарының айлап жалақы ала алмайтыны қалай? Неге электр жарығын жиі өшіріп тастайды? Неліктен ыстық суды тоқтатып қояды немесе газ болмай қалады? Күнделікті тұрмыста орын алып отырған осы сияқты қиындыктардың не себепті туындап отырғанын түсінуге ұмтылған олардың экономикаға деген сезімдері ерте оянып, оған деген әуестіктері күн сайын арта беретіндігі түсінікгі. Балалардың бұрнағы уақыттардағыдай космонавт немесе ұшқыш емес, тіптен бала-бақшаның өзінде ақ кәсіпкер немесе бизнесмен болуды армандай бастауы бүгінгі күні танданарлық нәрсе емес. Осыдан келіп бүгінгі мектеп алдына зкономикалық ой-өрісі мен мәдениеті жоғары, іскер жас ұрпақты тәрбиелеу міндеті қойылатыны өзінен-өзі айқын.
Шын мәнісінде, біздің еліміздегі қиыншылықтардың көпшілігі бүгінгі күні калыптасып отырған экономикалық процестерді меңгеріп, оны халқымыздың әл-ауқатын жақсарту мақсатында шеше аларлықтай терең білімді экономист — ғалымдардың тапшылығынан туындап отыр десек артық айтпағандық болар еді. Ендеше, Казақ елінің тәуелсіздігі баянды, болашағы жарқын болсын десек, оқушыларды тек жоғары немесе орта деңгейлі оқу орындарына түсуге дайындап қана қоймай, қоғамның жаңа келбетін қалыптастыратын, экономикалық ой—өрісі жоғары, іскер азаматтарды тәрбиелеуге бет бұруы керек. Оқушыларға қазіргі заман талабына сай экономикалық тәрбие беру аса маңызды міндеттердің бірі ретінде қарау керек.
Математика экономикалық тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары
Нақты дүниедегі заттар мен құбылыстарды, негізінен алғанда, саны жаңынан зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырауда математика пәні маңызды орын алады. Өйткені, қоғамдық өмірдегі барлық дерлік экономикалық процестерді нормативті сан көрсеткіштерінсіз, әр алуан шамалардың сандық сипаттамаларынсыз және олардың өзара қатынастарынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Тіптен, математиканы білмейінше экономика негіздерін оқып — үйрену де мүмкін емес.
Математика пәнінің мазмұнына бағдарламалық білім, білік және дағдының негізін қүрайтын экономикалық білім элементгерін енгізу — өмір талабы. Біздің пікірімізше, матаматикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық тәрбие беруді жүзеге асырудың нақтылы жолдары мыналар болмақ :
Тиімді іс-әрекеттер орындаумен байланысты практикалық маселелерді шеше білуге оқып-үйрету;
Ең үлкен немесе ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білу дағдыларын калыптастыру;
Экономикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білуге оқып-үйрету;
Оқушылардың есептеу мәдениетін дамыту.
Енді осылардың әрқайсысына жеке—жеке тоқталайық.
Математиканы оқыту барысында экономикалық тәрбие беруді жүзеге асырудың маңызды бір шарасы оқушыларды тиімді іс—әрекеттер орындаумен байланысты мәселелерді шешуге оқып-үйрету больш табылады. Мынадай мәселені қарастырайық
Әкелері Рахат пен Крнатты ертіп жорыкка іиыкты. Біраз жүргеннен кейін олардың алдынан өзсн кездесті. Алайда, жағада түрган сал 100 кг жүкті гана көтере алатын сді. Рахаттың массасы 41 кг, Крнат-38 кг, ал олардың әкелерінің массасы 75 кг. Олар өзеннен Калай өтеді?
Күнделікті тұрмыста қандай да бір жағдаяттармен (ситуациялармен) байланысты осы сияқты практикалық мазмұндағы мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Олардың басты ерекшелігі - айналадағы өмір шындығын бейнелейді және оларды шешу барысында математикалық білімді шын мағынасында қолдану керек болады. Сондықтан олардың қай-қайсысы болмасын бастауыш мектеп оқушысы үшін аса пайдалы болмақ. Әрине, жоғарыдағы мәселені шешу барысында математиканың күрделі формулалары мен аса қиын ережелерін білу талап етілмейді. Сондықган, бір қарағанда, ол өте оңай және тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Ойы ұшқыр оқушы оны шешу жолын тез тауып кетуі де мүмкін. Бірақ осы сияқты мәселені шешу тіптен де оңай шаруа емес екендігі аңғарылады. Өйткені, оларды шешудің жалпылама, ортақ әдісі жоқ, әр мәселенің өзіне тән құпия сыры бар. Ал ол сырды шыдамды да, табанды балалар ғана аша алады.
Жоғарыдағыта ұқсас мәселелердің өрбіреуін шешу барысында бала туындап отырган жағдаяттан (ситуациядан) шығу жолын іздей отырып, әр алуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекетгерін (салыстыру, салғастыру, карама-қарсы қою, бақылау, талдау, қорытындылау, т.б.) орындайды. Мәселен, жоғарыда келтірілген жаттығу ұсынылғаннан кейін оқушы мына сияқты талқылаулар жасауы мүмкін. Олардың үшеуін бірге сал көтере алмайды, өйткені 41+38+75=154>100. Сондай-ақ, салга олардың біреуі ғана отыруы да мүмкін емес, себебі салды қайтадан бергі жағаға алып өтетін адам керек. Олай болса, алдымен салға 2 адам отыруы керек. Егер әкелері мен балалардың бірі отырады десек, онда бұл да мүмкін емес, өйткені, 75+41=116> 100 немесе 75+38=113> 100. Ендеше, өзеннен алдымен екі бала өтеді, өйткені олардың екеуін сал көтере алады, яғни 41+38=79< 100. Олардың бірі арғы жағада калады да, екіншісі кайтадан бергі жағаға өтеді. Келесі кезекте олардың әкелері өтеді (75< 100) де, арғы жағада қалған бала садлы алып, бері өтеді. Ең соңыңда балалардың екеуі отырып, арғы жағаға өтеді.
Осы сияқты талқылаулар жүргізу барысында оқушылар біртіндеп тиімді іс—әрекеттер орындауға үйренеді. Бұл, бір жағынан, окушының бойында ойлаудың логикалық стилін дамытуға, екінші жағынан математикалық білімді өмірде қолдана білумен байланысты шеберліктің қалыптаса түсуіне себін тигізеді. Мұның бәрі, сайып келгенде, оны қандай да бір дәрежеде өмірге бейімдейді. Ең бастысы, оның қарапайым экономикалық дағдылары қалыптаса түседі. Математикадан оқушыларының қарапайым экономикалық дағдыларын калыптастырудың маңызды элементтерінің бірі - оларды ең үлкен жөне ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білуге оқып-үйрету болып табылады. Адам баласының күнделікті тұрмыстың қажетті мәселелеріне байланысты тәжірибелік мұқгаждықтары мейлікше әр алуан болып келеді. Осы мұқтаждықтарды өтеу барысында оған кандай да бір нәтижеге жету үшін бірнеше тәсілдермен әрекет етуге тура келеді. Көпшілік жағдайда мұндай мәселелер қандай да бір шаманың ең үлкен немесе ең кіші мәнін табуға келіп тіреледі.
Осындай есептерді шешу барысында балалар бірнеше шешімдер варианттары ішінен есеп шартына сәйкес тиімді шешімді таңдап ала білуге үйренеді. Бұл олардың шығармашылық пен ойлай білу қабілеттерін дамытады, танымдық ой-өрісін кеңейте түседі және математиканы оқытудың өмірмен байланысын нығайтуға көмектеседі. Ең негізгісі, олар оқушылардың бойында қарапайым экономикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мәселенің негізгі түйіні де, міне осында.
Адам баласының күнделікті тіршілік әрекеттері, жалпы алғанда, өзі өмір сүріп отырған қоғамның жағдайын жақсарта түсуге, сондай-ақ өзінің әл-ауқатының өсе түсуіне, күннен күнге өз тұрмысының жеңілірек, дастарқанының молырақ бола түсуіне бағытталады. Ал, бәріміздің де және жеке-жеке алғанда әркайсысымыздың да әл-ауқатымыздың өсуінің негізі материалдық игіліктерді тиімді және үнемді пайдалана білуде жатыр. Сондықган күнделікті тұрмыстағы экономикалық сипаттағы мәселелермен байланысты есептерді қарастырудың зор маңызы бар.
Мысалы: Пойыз Алматыдан Үштөбе станциясына дейін 7 сағат жүреді және билеттің багасы 3830 теңге тұрады. Үштөбеге 6000 теңге төлеп, жеңіл машинамен 4 сағатта жетуге де болады. Жолаушы үшін осының қайсысы тиімді болар еді?
Егер “тез жету” тұрғысынан алып қарасақ, жолаушының екінші жағдаймен әрекет еткені тиімді болады. Ал, егер “ақшаны үнемдеу” тұрғысынан алып қарағанда, жолаушыға пойызбен жүру тиімді болатындыны түсінікті.
Әрине, бұл аса күрделі мәселе емес және оны шешу де соншалықты үлкен қиындық тудырмайды. Алайда, шаруашылықгың әр түрлі салаларыңда, сондай—ақ ғылым мен техникада осыған ұқсас, бірақ бұдан күрделі мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Көпшілік жағдайларда шаруашылықты ұйымдастыруды дұрыс жолға қою мәселесі мейлінше аз шығын жұмсай және жоғары еңбек көрсеткішін сақтай отырып, материаддық игіліктерді тиімді пайдаланумен байланысты болады. Мәселен, ракеталардың, спутниктер мен космос корабльдерінің ұшатын жолдарының (траекторияларының) ең тиімдісін алдын ала анықтау осыларға ұқсас, бірақ аса күрделі есепгерді шешуді талап етеді. Сол сияқты спутникті көздеген орбитаға шығару үшін шығынды (мәселен, отынды) мейлінше аз жүмсауға байланысты есептерді алдын ала шешіп алуға тура келеді.
Байқап қарасақ, осындай мазмұндағы қарапайым тәжірибелік мәселелермен байланысты есептермен күнделікті тұрмыста жиі істес болып отырамыз. Әсіресе, казіргі нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептер айрықша мәнге ие болып, оларға деген қызығушылығы арта түсуде. Оларды шығару оқушылардың бойында ұқыптылық, үнемділік, ақшааны ойластырып жұмсау сияқғы қасиеттердің қалыптасуына пәрменді әсер етеді. Сонымен бірге математиканың практикалық маңызын, оның күнделікті тұрмыстағы, экономикадағы, ғылым мен техникадағы ролін терең түсіне білуге жәрдемдеседі. Ең маңыздысы, осы сипаттағы есептерді шығару барысында оқушылардын карапайым экономикалық дағдыларын қалыптастыруға кең жол ашылады. Олар қарапайым экономикалық үғымдарды меңгерумек бірге, нақты тәжірибелік мәселелерді экономикалық талдау шеберлігіне бейімделе түседі. Әрине, ұсынылатын есептердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай болуын басты назарда ұстаған жөн. Бұл біздің ғалым-әдіскерлер мен мүғалімдеріміз үшін педагогикалық ізденіс пен сынақгың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Қолданылатын әдісіне қарай есептеулер жүргізудің үш негізгі түрі бар. Олар: ауызша есептеу, жазбаша есептеу және есептегіш құралдарды пайдаланып есептеу.
Есептеулерді неғұрлым дәл, шапшаң, әрі мінсіз орындау қажырлылық пен табандылықты , байыптылықты және тапқырлықты қажет ететін аса қиын жұмыстардың бірі болып табылады. Әрине, қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында есептеу жұмыстарын жеңілдету электронды-есептеу техникасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Алайда, әрдайым микрокалькуляторды қолдану мүмкіндігі бола бермейтіндігі белгілі. Оларға шектен тыс сеніп кету, дау жоқ, оқушының есептеу мәдениетін дамытуға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Бүгінгі күні ол біздің бәрімізге де анығырақ көрініп отырған ақиқат. Көпшілік жағдайда, есеп-қисап жұмыстарын кейде баска бір жұмыстар кезінде немесе қысылтаяң уақытта тез және дәл орындауға да тура келеді. Мұндай жағдайда ауызша немесе жазбаша есептеудің тиімді, қолайлы тәсілдеріне жүгініп, сол арқылы есеп-қисапты жылдам орындауға болады. Бұл тәсілдерді меңгеру әрбір оқушы үшін қажетті іс болып табылады. Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай оқу үдерісінде оқушылардың математика әдістерін экономикада тиімді пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.