МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ? ТІРЕК — СЫЗБАЛАРЫ


МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТІРЕК - СЫЗБАЛАРЫ
Тірек-сызбаны қолдану баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін тигізетін әсері көп. Сонымен қатар мұнда тілмен қатар, зейін де, есте сақтау, сөздік қоры да, логикалық ойлаулары да дамиды.Тірек-сызбалар – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Тірек-сызбалар бала қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды.
Тірек-сызба бала тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. Оларды пайдалану,сөздік қорларын дамыту үшін. Мысалы, өз тәжірибемде жиі қолданатын тірек-сызбалар тақпақтарды жаттауда, әңгіме құрастыруда, жұмбақтарды құрастыру мен шешуде, өте тиімді болып табылады.
Көңілді қыс
Балалар шықты далаға,
Ойнап күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады
Алтын күз

Жұмбақ:
Төрт дөңгелегі бар,
Өзі жүреді, дыбыс шығарады
(көлік)

Дәрумендер
Салиманның бағында,
Дәрумендер пісіп тұр.
Әр бұтаққа үлбіреп,
Дәрумен тұр күлімдеп.

Қыс туралы өлең-шумақ

Тірек-сызба белгілерінің пайдасы, материалды қысқаша, жинақы беруге болады.Тірек-сызбалар ‒ оқу материалын оңай меңгеруге, ұзақ есте сақтауға мүмкіндік беретін,балалардың қабілеттерін арттыратын, қажетті дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Мамырбек З. Семей қаласындағы Б.Байғожина атындағы ясли бақшасының тәрбиешісі.