М??а?алитану арнаулы курсына авторлы? ж?мыс


Шерікбай Алтынгүл 9-сынып Міндеттері :- Мұқағали шығармаларының тақырыптық - идеялық өзектілігін тану ,білу.- Жырларын оқу, түсіну- Ақын поэзииясының құндылығын ұғыну.Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, өрлік, адалдық, патриоттық, әділеттілік сияқты адамзат бойында болуы тиіс асыл қасиеттерге тәрбиелеу.-Ұлт тұлғаларын тани білер ұрпақ тәрбиелеу.-Сөз өнерін, әдебиет мұраларын сақтай біуге, қастерлеп бағасын арттыра білуге тәрбиелеу.- Шәкірт санасында өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру.-Оқушыларды ізденуге, зерттеуге жетелеу.- Тіл байлығын ,поэзиға деген сүйіспеншілігін дамыту. Өзектілігі :1. Мұқағали поэзиясын зерттеу, тану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.2. Дәстүрлі "Мұқағали оқулары "байқауының бір шарасы –ақын шығармаларытуралы ізденіс жұмысын қорғау, сол үшін ақын мұрасын тану және ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындалу қажетілігі туындап отыр.3.Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың басты факторларының бірі -оқушының ізденушілік қырын ашу. Болжам:Бұл Авторлық бағдарламаны оқыту нәтижесінде Мұқағали ақынның түгел зерттеліп болмаған бай мұрасының тілдік,көркемдік ерекшеліктері, рухани-тәрбиелік маңызы, ақын сырының ішкі иірімдері ашылады. 2.Мұқағалитану ісіне аз да болса үлес қосар ұрпақ шығады.3.Жаңа ғылыми жобалар мен зертеу жұмыстарының басы болады.4.Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін көмекші құрал бола алады. Күтілетін нәтиже :- Мұқағали Мақатаев жырларын жатқа білу.- Көркемдік ерекшелігін, тілдік өрнегін талдай алу.-Мазмұндық, тақырыптық идеясын тани алу,ақынның жан сырын, ортаға салар ұранын ұғу.Ғылыми мәнжазбалар,шығармашылық зерттеулер және жобалар жазу.- "Мұқағали оқулары" байқауына оқушы дайындау. Қолданылатын әдіс - тәсілдер:- Оқу,мазмұнын түсіну- Саралау, талдау- Іздену, зерттеу - Тест шешу, тест құрастыру- Ой - толғау, эссе жазу- Ғылыми мәнжазба, жоба жазу Қоғамдық маңызыҰлттық бай әдеби мұраны сақтауға үлес қосуМұқағали секілді дара тұлғаларды тани білуАқынжандылыққа бейімдеуІзденімпаздыққа баулуҒылым мен білімді ұштастыра білуСөз қадіріне мән бере білетін ұрпақ тәрбиелеуОбраз жасай білу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту Түсіндірме жазбаАвторлық бағдарлама орта мектептің 9-класс оқушыларына арналған.Себебі, оқушылардың ақын шығармашылығымен танысу деңгейі бір межеге жетеді.Төменгі кластардан бастап әр түрлі тақырыптарда өлеңдерімен таныса келіп,8-9-сыныпта Мұқағали Мақатаев шығармашылығына мол сағат бөлінеді және барынша кең көлемде мәлімет беріледі.Сонымен қатар,ақынның шығармашылығын тани білуге тақырыптық, мазмұндық мәнін игеруге олардың жас ерекшелктері де сәйкес келеді. 15-16 жаста баланың өзіндік көзқарасы, дүниетанымы,сөз қадірін ұғынуы жақсы жетіледі.Сонымен бірге, бұл бағдарлама дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде көмекші құрал бола алады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қосымша сағат ретінде қолданса да болады, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыа отырып, шәкірттерді болашақта журналистикамен немесе ғылыми жұмыспен айналысуға бейімдейді.Бағдарлама 34 сағатқа негізделген. Оның 17сағаты теория жүзінде жүзеге асырылса, 17 сағаты практика жүзінде жүргізіледі. Бағдарлама 6 бөлімнен тұрады.1-бөлім ақынның өмір жолымен танысуға арналады. Бұл бөлімде білім теория жүзінде өтеді оқушылар ақынның өміріне қатысты деректер мен мәліметтерден мол хабар алады.2- бөлім шығармашылығының жанрлық ерекшелігін тануға арналады.Ақын шығармашылығы жанр түріне бай. Сабақта теория мен практика қатар жүреді.Прозасы белгілі прозаиктердің туындылармен терезесі тең. Ал "Қош махаббат" пьесасы Қазақстан театрларының басты қойылымдарының бірі. Аудармалары қазақ әдебиетіне қосылған мол игілік болды. Поэзиясы - қазақ поэзиясының аса бағалы қазынасы. 3- бөлім "Тіл өрнегі" деп аталады. Шығармашылығының өрнекті тіліне талдау жасалады. Негізіне практикалық сағаттар себебі, біріңғай талдау жұмысы жүреді.Мақал -мәтел, тұрақты тіркестер,кейіптеулер, афоризмдер туралы білімдерін қайталай отырып, ақын өлеңдерінде қолданылуын зерттейді.4-бөлім Тақырыптық идеялық мазмұнына талдау, теория мен пракикалық жұмыс қатар жүреді. Ақынның әр туындысы бір әлем .Табиғат пен адамзат біте қайнасып жатқан мынау дүниедені сан қырлы бояюмен әшекейлейді, оқушысын тәрбиелейді, рухтандырады, шабыттандырады.5- бөлім Шығармаларындағы тұлғалар бейнесі. Мұқағали Абайдан бастап қазақ тарихындағы белгілі тұлғалардың көбіне жыр жолдарын арнаған,олардың өзіндік бейнесін жасаған, өз шығармашылық мақсаттарымен байланыстырған.6- бөлім осы курс барысында алған білімдерін саралауға ,талдауға бекітуге бағытталған. Оқушылар тест, диктант арқылы өз білімдерін бекіте отырып, шығармашылық тұрғысынан ой-түйін жасайды.Ақын туралы айтылған ұлы адамдар сөзімен таныса отырып, өздері де теңеу сөз табуға талпынады.Курс барысында шығармалар, мәнжазбалар, жобалар жазу, тест құрастыру сияқты жұмыстар жүргізіледі. І бөлім Ақынның өмір жолымен танысу.2сағат-Туған жері, ата -тегі-Балалық шағы ,тәрбие алған мекені-Білім жолы,еңбек жолы- Шығармашылық өрлеу сатысы. ІІ бөлім Мұқағали шығармаларының жанрлық түрлері 6сағат- Поэзиясы-Прозасы-Драмасы- Аудармалары ІІІ бөлімТіл өрнегі 10 сағат- мақал - мәтелдер- афоризмдер - тұрақты тіркестер- анафора мен эпифора-кейіптеулер-Шешендік өнер үлгісі үрдістері ІV бөлім Алуан түрлі тақырып пен идеялық мазмұн. 6сағат-Азаматтық тұлға (адами қасиеттер)-Өрлік, өршіл рух- Аспан -жер бейнелері- Түн және таң суреті- Тау, қыран ұғымдары- Өмір сүруге құштарлық V бөлім Шығармаларына өзек боған, тағзым еткен тұлғалар 6сағат- Райымбек батыр-Абай- Бауыржан Момышұлы-Ана, әке бейнесі- ФаризаПушкин,Есенин VІ бөлім Білім бекіту 4сағат- Тест жұмыс- Әдеби диктант"Мен таныған Мұқағали" шығармашылық жұмысБелгілі адамдар Мұқағали туралы Қорытынды:І. " Мұқағали шығармашылығы көркемсөздің өрнегі“ Ғылыми - шығармашылық конференция өткізу. -Мәнжазбалар. -Ізденіс жұмыстар. - Талдау, саралау жұмыстары.ІІ. Альбом жасақтау, газет шығару.ІІІ. Шығармалар байқауын тұйымдастыру.