Т?лкіні? ту?ан к?ні ертегісі сахналы? ?ойылым (балаба?ша)


№2«Бөбек»санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күннің II-жартысы
Тақырыбы:«Ормандағы түлкінің туған күні»
театрландырылған қойылым
Тобы: «Болашақ» ересектер
Тәрбиеші: Есекеева Камшат Жаңбырбекқызы
Қызылорда 2015-2016оқу ж.ж
Мақсаты :Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру.
Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. . Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға,қимыл-қозғалыс, дауыс ырғағын келтіре білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру. Түлкінің мінез - құлқын, іс - әрекетін атап өту.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды жанашырлыққа адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлердің костюмдері,орман
бейнесі кейіпкерлердің музыка жанырындағы
дауысы.


Мотивациялық қозғаушылық:
-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?Сендерге ертегі кейіпкерлері ұнайды ма?
-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде не жауады? Қыс мезгілінде қандай меркені тойладық.Жаңа жылда біздің балабақшамызға кімдер келді? Аяз ата мен ақшақар сендерге ұнады ма? Аяз атаға еріп келген түлкіні көрдіңдер ме? Түлкі қандай аң? Ол қу,айлакер және құйрығы әдемі сұлу аң.Сол түлкінің туған күні қыс мезгілінде екен.
Тосын сый: Сауысқан ұшып келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар?Бүгін балабақшада балалар көңілді ғой.Сендердің балабақшаларыңда түлкінің туған күнін тойлап жатыр деп естідім,менде түкінің туған күніне қатысып, көңілімді көтергім келіп тұр.
Олай болса біз бүгін біз қойылым арқылы «ормандағы түлкінің туған күні» атты ертегіні тамашалап көрейікші. Оны бізге достарымыз қойып береді.
Ұйымдастыру кезеңі:
Орман.Әр шыршының түбінде бір-бір аңнан отырады.Залға көңілді әуенмен билеп түлкі кіреді,аңдармен амандасады да әндетіп кетіп қалады.Аңдар таңданып бір-бірінен сұрайды.
Аю:Түлкі бүгін көңілді ғой.
Қасқыр:Оның себебі бар шығар.
Қоян:Сендер білмейсіңдер ме?Бүгін түлкінің туған күні.
Аю:Ендеше неғып тұрмыз,түлкіні барып құттықтайық.
Қоян:Бос барғанымыз жарамас,дүкенге барып сыйлық алайық.(Бәрі дүкенге келеді)
Хормен: Сәлеметсіз бе,тиін!
Тиін:Сәлеметсіздер ме?Бәрің жиналып қайда барасыңдар?
Қоян:Түлкінің туған күніне.
Қасқыр:Айтыңызшы, түлкіге не сыйласақ болады.
Тиін:Биыл мешін жылы ғой,түлкіге қойдың ойыншығын сыйлаңдар.
Аю:Бұлда дұрыс екен,бұл ойыншығыңыз қанша тұрады?
Тиін:Жүз теңге тұрады
Қасқыр:Тиін сізде бізбен бірге жүріңіз.
Тиін:Жарайды,менде түлкіні құттықтап келейін.(Бәрі дүкеннен шығады.)
Қоян:Енді шаштаразға барып,шашымызды сәндейік.
Хормен:Сәлеметсіз бе кірпі!
Кірпі:Сәлеметсіздер ме!Бәрің жиналып қайда барасыңдар?
Қоян: Түлкінің туған күніне бара жатырмыз.
Аю:Шашымызды сәндеп бересіз бе?
Кірпі: Жақсы бір-бірлеп отыра қойыңдар.(шаштарын сәндейді)
Аю:Рақмет кірпі,сіз де бізбен жүріңіз?
Кірпі:Жақсы,барсам барайын.Бәрі бірге жолға шығады.Жолда абайсызда
қоян аяғынауыртып алады.
Қоян:Аяғым-аяғым.
Аңдар: НЕ болды, қоян?
Қоян: Аяғымды ауыртып алдым,баса алар емеспін.
Аю:Онда сені Айболитке апарайық.Аңдар қолынан ұстап Айболитке әкеледі
Аңдар:Сәлеметсіз бе,Айболит ата!
Айболит:Сәлемтсіздер ме!Қоян саған не болды.
Қасқыр:Айболит ата,бүгін түлкінің туған күні еді,бәріміз соған бара жатыр едік,жолда қоян аяғын ауыртып алды,қарап бересіз бе?
Айболит:Қане,қоян аяғыңды көрейін.(аяғын ұстап көреді)Ештеңе етпейді.аяғыңды байлап беремін.
Қоян:Рахмет,Айболит ата,сізде бізбен бірге жүріңіз.
Айболит:Жарайды, барсам барайын.(бәрі түлкінің үйіне келеді)Алдарынан түлкі шығады:
Түлкі:Сәлеметсіңдер ме,достарым!
Аңдар:Сәлеметсің бе, түлкі!Түлкі туған күнің құтты болсын!
Аю: Қымбатты түлкі мынау біздің сыйлығымыз, қабыл алыңыз.
Түлкі:Рахмет достарым,үйге кіріңдер. Менің дастарханымнан дәм татыңдар.(Барлық аңдар үстелге жайғасып отырады,үстелдің үстінде бал,сәбіз, ет, алма, жаңғақ тұрады. Әркім өзі жақсы көретін тағамдарын
алып жейді
Қоян: Асың дәмді екен рақмет!Түлкіге жақсы тілегімізді айтайық.
Денің сау болсын!
Аю: Мен түлкінің туған күніне арнап,тақпақ айтып берейін:
Алып батыр балпаңмын.
Ақ ниетті дарханмын,
Барлық аңға тимеймін.
Балпаң-балпаң билеймін!
Қасқыр: Аю, сені қолдаймын
Арам ниет болмаймын
Барлық аңдар достасып,
Туған күнде бас қостық.
Тиін: Мен тиінмін, тиінмін,
Қыста жылы киімім
Көк майсаға аунаймын
Түлкіден бір аумаймын.

Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбіз жеуді қоймадым
Түлкінің туған күніне
Тәтті сәбіз сыйладым!
Кірпі: Тұмсығында түймесі
Деп тұрғандай түймесі
Азулыдан сақтайтын,
Кірпінің көп инесі,
Өзін қорғай алады.
Домалана қалады
Содан кейін тиіп көр,
Тура «уколын» салады.
Бәрі түлкіге өлең айтып берді:
«Ақ қоян» ойыны: Барлығы ойын ойнайды.
Шарты: шеңбер жасап бір баланы ортаға ақ қоянғып отырғызады. Оған ақ қоян туралы өлең жолдарын айтады.
Рефлексивті коррекциялаушы:
-Балалар күннің II-жартысында нені тамашаладық?
-Театрланған қойылым сендерге ұнады ма?
-Түлкінің туған күні қызықты болды ма?
-Сау болыңдар!