Асыл с?з та?дау курсыны? ба?дарламасы (1-4 класс)


Құрастырған: Калиева Айгерим Кабидуллаевна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
29 НЖББМ бастауыш сынып мұғалімі«Асыл сөз»
арнаулы курс бағдарламасы
2015 жыл

Аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінде бекітілген
Хаттама № « » .......................... 2015 жыл
АББ әдіскері: ........................ Ш.У.Бектұрғанова
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Айгерим Кабидуллаевна
Пікір жазғандар: Жоғарғы санатты,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Б.А.Жиенбаева ,
І санатты,орыс тілі мен орыс
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Р.Ж.Аккужина.

«Асыл сөз» арнаулы курс бағдарламасы бастауыш сыныпқа арналып негізделген. Баланың шығармашылық шеберлігін дамытуға арналған. Қазақтың асыл сөздерін жақсы меңгеріп, мәнерлеп оқуға және баланың бойына асыл – қасиет, озық әдет – ғұрып, салт – дәстүрді сіңіретіндей имандылыққа, шешендікке, ізгілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған.
Пікір
Бағдарламадан оқушы ауызша және жазбаша тіл дамыту мақсатында көркем шығарма оқып, әңгіме құрастырып, жатқа өлеңдер оқиды. Кез келген шығарманы оқып, мазмұнын түсінуде оқушының мәнерлеп оқуының мәні зор. Бабалар өсиеті – балаға мұра. Бабаларымыздан қалған мұраларды (ертегілер, аңыз – әңгімелер, мақалдар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, нақыл сөздер мен шешендік сөздер, батырлар жыры) жатқа білуі тиіс. Әдеби – теориялық ұғымдардың негізгі белгілерін (негізгі ой, композиция,портрет, мінездеме) атап көрсете алуды меңгереді. Оқыған шығармасы, кейіпкердің іс – әрекеті туралы айта алу. Жоспар құра білуге, шығармадағы оқиғалардың байланысын сақтап, әңгімелеп беруге үйренеді.
Түсінік хат
«Асыл сөз» курсын бастауыш сыныптарда оқытудың басты мақсаты – балалар әдебиеттің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырман мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік – эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті – елжанды дара тұлға тәрбиелеу. Оқушыларды ұлтымыздың бай ауыз әдебиетімен таныстыра отырып, кез келген шығарманы мәнерлеп оқуға дағдыландырады. Сондықтан әрбір мұғалім жаңа буын оқулықтарының мазмұнын толық ашу үшін әр пәннің өзіндік ерекшелігіне сәйкес мүмкіндігінше кеңейтіп оқытуы керек. Біз, осыған орай әдебиеттік оқу пәніне арнап «Асыл сөз» бағдарламасын құрастырдық. Бағдарлама халық ауыз әдебиеті үлгілерін негізге алдық.
Мақсаты:
-балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік – эстетикалық талғамын арттыру, оқушылардың ой – өрісін кеңейту, тіл байлығын арттыру, шешендікке баулу, оқу қарқынын реттейтін қарапайым тәсілдерді меңгерту, ойлау қабілетін дамыту, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеу, мән – мағыналық кідірістерді айқындау, мәтін мазмұнын өз бетінше түсіну барысында ертегілер мен мысалдардың мәнін анық жеткізу, әңгімедегі кейіпкердің мінез – құлықтық ерекшеліктерін байқата оқу.
Міндеттері:
Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру;
Өмірге көзқарасын ояту;
Жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
Әуенді – сазды ерекшеліктерді сақтап оқыту;
Сөз екпінін дұрыс қойып оқыту;
Ой екпінін дұрыс қойып оқыту;
Кейіпкердің көңіл – күйін сезіне оқыту.
Ұлтымыздың асыл қасиеттері – үлкенді сыйлау, кішіні қамқорлау.
«Асыл сөз» таңдаулы курс бағдарламасы.
1 сынып. Барлығы 33 сағат.
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Әріптерге байланысты өлеңдер жаттау 2 2 Әріп жұмбақтар 2 3 Ертегілер 2 4 Бесік жыры 2 5 Өтірік өлеңдер 2 6 Мақал -мәтелдер жаттау 1 7 Жұмбақтар жаттайық 2 8 Жаңылтпаштар 2 9 Аңыздар 2 10 Үш би 2 11 Шешендік сөздер 2 12 Бата 2 13 Менің Отаным-Қазақстан 1 14 Жиренше шешен мен бала 2 15 Сәлем беру (амандасу түрлері) 2 16 Төрт мезгіл 1 17 Астана 1 18 Отан 1 19 Төрт түлік 1 20 Өткенді қайталау 1 «Асыл сөз» таңдаулы курс бағдарламасы.
2 сынып. Барлығы 34 сағат.
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 «Асыл сөз» туралы түсінік 1 2 Мақал – мәтелдер жаттау 2 3 Өтірік өлеңдер (құрастыру) 2 4 Бесік жыры 2 5 Ертегілер 2 6 Ертегі құрастыру 1 7 Жұмбақтар жаттайық 2 8 Жаңылтпаштар 2 9 Аңыздар 2 10 Шешендік сөздер 3 11 Абай тағылымы 2 12 Бабалар өсиеті 2 13 Айтыс туралы түсінік 1 14 Күлмеңіздер кәріге (шығарма жазғызу) 2 15 Сәлем беру (амандасу түрлері) 2 16 Төрт мезгіл (төрт мезгілді сипаттап әңгіме жазу) 2 17 Нақыл сөздер 1 18 Өлеңдер құрастыру 2 19 Жақсы сөз – жан азығы 1 «Асыл сөз» таңдаулы курс бағдарламасы.
3 сынып. Барлығы 34 сағат.
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Бесік жыры 1 2 Тұсаукесер 2 3 Алдаркөсе мен бай 1 4 Саяхатшы үй 2 5 Ертегілер 2 6 Ертегі құрастыру 2 7 Жұмбақтар жаттайық 2 8 Жаңылтпаштар 2 9 Қожанасыр туралы аңыздар 2 10 Шешендік сөздер 2 11 Билер айтыпты 1 12 Абайдың қара сөздері 2 13 Бата түрлері 2 14 Мақал-мәтелдер 1 15 Төрт түліктің айтысы 2 16 Айтыс 2 17 Төрт мезгілтуралы өлеңдер 2 18 Нақыл сөздер 1 19 Өлеңдер құрастыру 2 20 «Жүзден жүйрік» сайысы 1 «Асыл сөз» таңдаулы курс бағдарламасы.
4 сынып. Барлығы 34 сағат.
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Халық ауыз әдебиеті туралы 1 2 Аңыздар 2 3 Ертегілер 2 4 Ертегі құрастыру 2 5 Шешендік сөздерді жатқа айту 2 6 Қазақтың үш биі 1 7 Мақал – сөздің мәйегі. Мақал – мәтелдер жаттау 2 8 Абайдың қара сөздері 2 9 Бабалар өсиеті (өсиет сөздерді жаттау) 2 10 Айтыстар 2 11 Ұйқас өлеңдер құрастыру (екі, үш шумақ) 2 12 Жаңылтпаштар 1 13 Мысалдар 2 14 Ұлағатты сөздер 2 15 Өтірік өлеңдер (өтірік өлеңдер құрастыру) 2 16 Бесік жыры 1 17 Жұмбақтар құрастыру 1 18 Төрт түлік туралы жырлар 2 19 Өлеңдер құрастыру 1 20 Ертегі сахналау 2 Білім, білік, дағдылары:
Оқу: дұрыс оқи білу, көркем әдеби шығармаларды түсіне білу, шапшаң, дұрыс, мәнерлеп оқи алу.
Сөйлеу: тілдік сөздік қорын байыту, дұрыс, толық ойын айта білу. Фольклор шығармаларын ажырата алу. Оқыған шығармасының тақырыбыман негізгі ойын анықтай алу. Көркем әдебиеттің жанрларын ажырата алу.
Күтілетін нәтиже
Дұрыс оқи білу, көркем әдеби шығармаларды түсіне білу, дауыстап, дұрыс мәнерлеп оқи алу;
Тілдік сөздік қорын байыту, дұрыс толық ойын айта білу. Фольклор шығармаларын ажырата алу;
Оқушының оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын ашық жеткізеді;
Танымдық іс – әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы оянады;
Бабалар өсиетінің мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдана білу біліктілігі артады.
«Пайдаланылған әдебиеттер:
«Әдебиеттік оқу» хрестоматиясы 2,3,4 сыныптар
Ана тілі хрестоматиясы. Т.Әбдікәрімова, Б.Қабатаева. 3 сынып. Алматы «Атамұра» 2010
Ана тілі хрестоматиясы. П.Қ.Жаманқұлова, Г.С.Құрманбай, Ш.Т.Таубаева. 4 сынып. Алматы «Атамұра» 2011
Жыл – он екі ай. Балаларға арналған журналдар. 2010 - 2014 жыл
Әліппе серігі «Алматыкітап» 2012
Әдебиеттік оқу кітабы 2014
Ата -баба мұрасы