Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар сыныптан тыс шара


Тақырыбы:  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте  сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Түрі: Топтық сайыс
Барысы:
 1.Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау) 2.Кіріспе бөлім.
          Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»-деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда, ойынымызда өзімізді жаңаша қырыннан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,-дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Бөлімдермен таныстырып өтейін: 
 
Әр пәннің сырлары ,
Қызықтырды біздерді .
Ойынға бірге қатысуға,
                                             Шақырамыз сіздерді- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ-қазылар алқасымен танысып өтейік.      
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді
Білімдінің сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар енді тілейін!
І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуі мен таныстыруын айтады, әр топта 5 оқушыдан қатысады)   
1топ «Алғырлар»
Ұраны: Жарыс десе жанамыз              Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз                   Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз                  Қияларға самғап ұшқан құстаймыз                  Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз2топ. «Тапқырлар»
Ұраны: Білікті бірді жығады             Білімді мыңды жығадыСәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым                 Көрсетеміз бізде қандай күш барын               Алға қойған мақсатымыз бір екен              Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
ІІ – кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».
 Нұсқау:  Әр топқа берілген жиырма лездік сұрақтарға жауап беру.
 
ІІІ – кезең: «Ойлан, тап!».
  Нұсқау: Кестеде құс аттары жасырылған. Егер дұрыс тапсаңдар, Қазақстан жерінде тіршілік ететін құстардың аттарын білесіңдер.
ІV- кезең: «Ойна да ойла».
Нұсқау:  топ басшылары ортаға шығып, орындыққа отырады. Сіздерге көрсеткен суретіндегі бейнені тек қана қимыл-әрекет, ым-ишарамен топ басшыға түсіндірулеріңіз шарт.
 
V – кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Нұсқау: Тапсырмадағы сұраққа ойланып жауап беру.
 
Көрермендермен жұмыс.
Есептер шығару1.     Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
2.     Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұр. 72 сағаттан кейін күнді көруге бола ма?
3. Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, ал аяқтарының саны 50 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?
 
VI – кезең: «Әрі қысқа, әрі нұсқа».
Нұсқау: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше бір сөзбен қысқаша айту керек.
 
VII – кезең: «Тілұстарту».
Нұсқау:  Табиғатта байланысты өлең шумағын құрастыру.
 
Сонымен оқушылар сайыстың ақ пен қарасын шешетін кезеңде келіп жетті. Жеңіске жеткен топты білу үшін әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Олай болса, ұщқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырыңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсіңдер демекпін. Өздеріңнің құрбыларың әдемі биден шашуын тамашалайық.
Келесі кездескенше аман болайық!
 
 Бағалау парағы 
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Зияткерлік сайыс 
Кезеңдері «Алғырлар» тобы«Тапқырлар» тобыІ- Таныстыру   
ІІ-«Жүйрік болсаң шауып көр   
ІІІ- «Сөзтапқанға қолқа жоқ»
   
IV- «Әрі қысқа, әрі нұсқа»
   
V- «Ойна да ойла»
     
VI- «Ойлан, тап!»
     
VII- «Тіл ұстарту»
     
Жалпы  ұпай саны