Сыныптан тыс іс-шара: Таби?атты аялайы?


Жармуханбетова Улболсын Койжановна
ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені КММ-нің кітапханашысы
Тақырыбы: Табиғатты аялайық.
Мақсаты: Оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жанашырлық сезімге баулу.
Қатысушылар: 3-4 сынып оқушыларынан құрылған әр сыныптан 5 сайыскер қатынасады.
Жоспар:
«Мен елімнің перзентімін». (Таныстыру, топ аты, ұраны, төс белгі)
Бәйге. (Сұрақ-жауап бөлімі)
Мақал сөздің мәйегі. (Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдерді жалғасын табу)
Өзіңдік тапсырма. (Табиғатқа байланысты мәнерлеп оқу)
«Кім тапқыр?» (Жұмбақтар шешу)
«Кім жүйрік?» (Тыйым сөздер айтып жарысу)
«Өнерлі өрге жүзеді» (Өз өнерлерін көрсету яғни ән-би т.б)
«Ойлан тап» (Топ басшылары қағазда жазылған жасырын сөзді ашып, тапсырманы орындайды)
Өткізілу барысы: Кітапханашының кіріспе сөзі.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Адам мен табиғат қашан да егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік мәселеге айналуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау» деп қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән берді. Соған орай экология тақырыбына байланысты «Табиғатты аялайық» атты танымдық сайыс кешімізге қош келдіңіздер! Бұл кештің мақсаты оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жанашырлық сезімге баулу.

Сайыс 8 бөлімнен тұрады:
«Мен елімнің перзентімін». (Таныстыру, топ аты, ұраны, төс белгі)
Бәйге. (Сұрақ-жауап бөлімі)
Мақал сөздің мәйегі. (Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдерді жалғасын табу)
Өзіңдік тапсырма. (Табиғатқа байланысты мәнерлеп оқу)
«Кім тапқыр?» (Жұмбақтар шешу)
«Кім жүйрік?» (Тыйым сөздер айтып жарысу)
«Өнерлі өрге жүзеді» (Өз өнерлерін көрсету яғни ән-би т.б)
«Ойлан тап» (Топ басшылары қағазда жазылған жасырын сөзді ашып, тапсырманы орындайды).
Осы топтарға өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар:
Иманғалиева Гүлжиян Сайлауқызы.
Анесова Айгерім Сайынқызы.
Жүргізуші: О менің перзенттерім! Менің қойным кең. Сіздерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен-көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіп өтіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ сендерге аманат дей келе сайыстың бірінші бөлімі «Мен елімнің перзентімін» бөліміне сайысушы топтарды шақырайық. Олар өздерің таныстырып өтсін.
Жүргізуші: Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын.
Басталады бәйге атты жарысың,
Шықсын шәкірт шындарға қол бұлғайтын.
Бәйге сұрақтары:
Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты? (1978ж.)
Қазақстанда неше қорық бар? (9.)
Мәңгілік жасыл ағаш? (Шырша.)
Ең терең көл? (Байкал.)
Шөлге төзімді жануар? (Түйе.)
Табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге.)
Гүл қандай табиғат түріне жатады? (Тірі.)
Топырақ қандай табиғат түріне жатады? (Өлі.)
Ғаламшардағы ең кіші құс? (Колибри.)
Жүргізуші: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік. - дей келе сайысымыздың 3-ші бөлімі «Мақыл сөздің мәйегі не» келейік. Яғни мен мақал жасырамын, сіздер жалғасын табасыздар.
Аяз би әліңді біл, (Құмырсқа жолыңды біл).
Ерді талап ұшырар, (Құсты қанат ұшырар).
Көлдің көркі - құрақ, (Таудың көркі – бұлақ).
Сөз анасы – құлақ, ( Су анасы – бұлақ).
Бұлақ көрсең (көзін аш).
Жалғыз ағаш (орман болмас).
Сулы жер (нулы жер).
Жаңбырменен жер көгерер, (Батаменен ел көгерер).
Жаңбыр жауса жер ырысы, ( Егін ексе ел ырысы).
Жүргізуші: Табиғат әсемдіктің төркінісің.
Ән саламын сенің көркің үшін
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сеннен алып тұрғандай бар тыным. - деп келесі кезекті «Өзіңдік тапсырмаға берейік». Яғни үй тапсырмасы табиғатқа байланысты өлеңді мәнерлеп оқу.
Жүргізуші: Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты.
Адам менен табиғат егіз
Табиғат асыраушың, қамқоршың деп «Кім тапқыр?» бөліміне, яғни жұмбақтар шешуге кезек берейік.
Болса да көкте мекені, кездеспейді екеуі. (Ай мен күн)
Төгілген жерге ақ мамық, ғайып болды сол шақта-ақ. (Бұршақ).
Бар ма, жоқ па оны білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. (Ауа).
Тақиям толған сөк, азанда тұсам жоқ. (Жұлдыз).
Жазда жатсаң көлеңкесіне алады, қыста жақсаң жанын рахаттанады. (Ағаш).
Таңертен бар, сәскеде жоқ. (Қырау).
Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. (Жер аспан)
Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)
Жүргізуші: Қадыр тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
Мал қалғанша атаңнан тал қалсын деп,
Бабам айтқан орынды өсиетін. - дей келе сайыстың «Кім жүйрік?» бөліміне де жеттік. Яғни тыйым сөздерді кім көп біледі екен.
Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?
Ағашты кеспе, шөпті жұлма, орманды өртеме.
Құстарға байлынысты тыйым сөздер: Аққуды атпа, құстың ұясын бұзба, құмырсқаның илеуін бұзба.
Жануарға байлынысты тыйым сөздер: Малды теппе, малдын баснан ұрма.
Ауаға суға байлынысты тыйым сөздер: Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, адамға сушашпа, судың бетін ашық қалдырма
Жүргізуші: Мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат!
Жүрегімнін тамылжыған жырысың
Ей адамдар!
Қалайғана қатыгездік жасайсын.
Ол анаңғой, ал сен оның ұлысын. - дей келе келесі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі. Сайысуға қатысушы топтар өздерінін дайындап әкелген өнерлерін ортаға салады.
Жүргізуші: Білсең егер, табиғатта зор мән бар,
Онда аң, құс, жануарлар, ормандар.
Жерің, суың, таза ауаң қажеті.
Шын жүректен оны сендер қарандар. - деп кезекті «Ойлантап»бөліміне берейік. Бұл кезеңде әрбір топтын топ басшысы шығып, қағазда берілген тапсырманы орындайды.
Табиғат туралы сурет салу.
Суретке қарап әнгіме құрастыру.
Табиғатқа байланысты төрт жол өлен құрастыру.
Табиғатты қалай қорғайсындар тақырыбында әнгіме құрау.
Кітапханашының қортынды сөзі:
Өсиет айтар едім жамағатқа,
Байлықтын қайнар көзі табиғатта.
Баршаға табиғатты қорғау парыз,
Заңда да, шариғатта, ата салтта.
Қамқорлық жануарға, жасылдарға.
Атадан қалған асыл мұра.
Міне балалар!
Табиғатпен адам бір-бірімен тығыз байланыста екен. Адамдардың табиғатсыз тіршілігі жоқ. Бізді қоршағанның бәрі табиғат. Ол жазиралы дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, жан-жануарлар, құстар. Барлығымызда табиғат ананың баласымыз. Сондықтанда барлығымыз табиғатты қорғайық, аялайық. Деніміз сау болсын, аспанымыз ашақ болсын деп келесі сөзді әділ қазыларға берейік.