«Сыни т?р?ыдан ойлау технологиясыны? тарих саба?ында ?олдануды? тиімділігі».Шы?армашылы? ж?мыс


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мұнайлы ауданы
№3 орта мектеп "Бекітемін" "Келісемін"
Мектеп директоры Директордың оқу ісінің меңгерушісі _________ Байназарова Ж.А _________Емешова Ж.М.

«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының
тарих сабағында қолданудың тиімділігі».
(Шығармашылық жұмыс)

Тарих пәнінің мұғалімі: Құлтумаева А.С
Мақсаты:
оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.
Міндеттері:
педагогикалық-әдістемелік білімді тереңдету;
педагогика ғылымының жетістіктерін, озат тәжірибені оқып-үйрену;
жалпы мәдени деңгейді көтеру.
Негізгі принциптері:
ғылымдылығы:
саналылықпен меңгеру;
практикамен байланысты теориялық іздену;
қажетті дағдыларды меңгеру;
жүйелілігі мен жоспарлылығы;
мұғалімнің білімге қызығушылығы;
дайындық дәрежесіне сай өзгешелігі.
Маңыздылығы:
ҚР «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген;
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тарих сабағында қолданудың тиімділігі».
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалаптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция» деген сөзіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының болашағы жастардың қолында десек, білімді, ойы ұшқыр тұлға қалаптастыру, тәрбиелеу ұстаздардың қолында. Сол себепті заман талабына сай, бүгінгі ғылым мен техниканың қатар дамып келе жатқанын ескеріп, оқу үдерісінде, жаңа технологияларды жолға қою тұлғаның алған біліміне деген қызығушылығы мен ізденушілігін арыттырады деп сенемін. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының  8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби  шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу ға қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткені барша ұстаздар қауымына таныс деп білемін. Оқу үшін оқытуда өзара белсенділікті арттыру әдістері , СТО стратегиялары кіріктіріледі.
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтарДж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;• Өздеріне белгілі пайдалана алады;• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:- қызығушылықты ояту;- мағынаны ашу;- ой толғаныс.Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»Кезеңнің мақсаттары:- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;- оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдероқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б. Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»Кезеңнің мақсаты:- жаңа ақпаратпен танысу;- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.Белсенді оқу әдістерін қолдану:- инсерт;- екі жақты күнделік;- қосымша журнал;- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.Үшінші кезең «Ой толғау»Кезеңнің мақсаты:- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.- оқылған материалды талдау және қорытындылау.- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. - кластер құру- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.- түйін сөздерге қайта оралу.- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.- рефлексивті сұрақтар- пікір алмасу.- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.Технологияны оқыту стратегиялары (тәсілдері)Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады.
Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:«V» - білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» - түсінбедім, тереңірек білгім келедіКестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді.Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатарКубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту. «Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді.«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытыныдылауға болады.Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.
«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сол үшін де әрбір ұстаз өзі өткізетін дәрісін мазмұнды да, әрі қызықты етіп өткізуі үшін жаңа технологияларды қолданып келеді. Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану кезінде сабақтың жан – жақты мазмұнды, әрі оқушыларға әсерлі, түсінікті өтетініне көзім жетті. Тағы бір айта кететіні, тұлғаны тиянақтылыққа, ойлау қабілетінің ашылуына, өз ойын жасқанбай айта алуына кең жол ашады. «Сыни тұрғыдан ойлауға уйрету» модулінің «топпен жұмыс» әдіс-тәсілі арқылы да көп нәрсені жүзеге асыруға болатынын байқадым. Топтық жұмыс барысында, оқушылар сабақтың бастапқы кезінде тақырыпты ашуға сәл қиналатындығын бақылайтынмын, осы әдіске оқушылар қалыптасып, тақырыпты топтық талдау жасау, бірінің айтқанын бірі түсіну арқылы, өздігінше тақырыпты ашуға үйренеді. Мәтінмен жұмыс барысында үлгірімі жақсы оқушылар, мәтінің мағынасын тез айқындап, жанындағы үлгірімі төмендеу серіктестеріне түсіндіріп үлгіріп жатқанын да көрдім. Сабақтың келесі бөлімдерінде «суретті сөйлету» әдісін қолданғанымда, оқушылардың сөйлеу шеберлігінің шыңдалып, сыни тұрғыдан ойлауға, сындарлы сөйлеуге уйреніп шығармашылық қабілетінің дамуына мол мүмкіндік бергенін де айтып өткім келеді.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
Оқытушының уақытын үнемдейді
Қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
Барлық  баланы оқыту;
Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау,сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдары: әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады.   Мұнда әр оқушының  ойы шыңдалып,өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады
Өзіне деген сенімі артадыОқу процесіне белсенді қатысады
Жолдастарының пікірін сыйлайды.
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар  қоя біледі.
Сараптауға, бағалауға  дағдыланады
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау  жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту;
Мағынаны тану:
Ой толғаныс
Бұл технологияда  бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында  тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген     сұрақтарды есінен шығармауы керек.
Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне  жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Қорытынды жасай келе айтарым, өз іс тәжірибемнен жаңа технологияларды қолданып өткізген дәрістердің, оқушының бойына білімнің нәрі болып сіңетініне және оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын, ізденіп, берілген тапсырмаларды ұстазбен қатынаста болып орындауларына куә болып та жүрмін.
Ұлы данамыз Ы.Алтынсарин «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтып кеткендей, білімді ұрпақты тәрбиелеу сонымен қоса бағыт беру ұстаздың қолында екенін ұмытпауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу — әдістемелік  құрал Алматы. 2008.
Қазақстан мектебі журналы 2008 ж
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдаулары.
«Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары«Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал» 2004, № 8. 2008ж
Интернет материалдары