Авторлы? ба?дарлама 1-4 класс Тіл дамыту


Құрастырған: Калиева Айгерим КабидуллаевнаБатыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
29 НЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
«Тіл дамыту»
арнаулы курс бағдарламасы
2015 жыл

Аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінде бекітілді
Хаттама № ___ ____2015 жыл
АББ әдіскері:__________ Ш. Бектұрғанова
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Айгерим Кабидуллаевна
Пікір жазғандар: Жоғарғы санатты,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Б.А.Жиенбаева ,
І санатты,орыс тілі мен орыс
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Р.Ж.Аккужина.
«Тіл дамыту» курсының бағдарламасы – оқушының ойлау, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу тілін және сөздік қорларын ,ой ұшқырлығын дамытуға негізделген.Тақырыптар мен тапсырмалары оқушылардың мүмкіндігін ескере отырып, жұмыс жасауға құрылған, мазмұны «Әдебиеттік оқу» хрестоматиясына ыңғайластырылған.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «Әдебиеттік оқу» хрестоматиясы, «Алматыкітап»
2. «Ойнайық та, ойлайық», Алматыкітап 2012.
3. . «Әдебиеттік оқу» кітабы, «Алматыкітап»
4. Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру стандарты.
Астана, 2012ж.
5. «Бастауыш мектепте білім сапасын арттырудың кешенді жолдары», Ақтөбе 2004 .
6. «Ана тілі»оқулығына әдістемелік нұсқау,Алматы «Рауан» 2003
Түсінік хат
«Тіл дамыту » курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, базистік оқу жоспарына сай негізделіп жасалған. 1 – ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы 33 сағат, 2 – 4 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат. Оқушының шығармашылық қабілеті мен сөйлеу тілін,ой ұшқырлығын дамытуға мүмкіндік беру бастауыш сыныптан басталу керек. Бұл мақсатқа жету үшін әдебиеттік оқу кітабына қосымша оқу құралы ұсынылады. Тапсырмалар оқушылардың мүмкіндігін ескере отырып, деңгейлеп жұмыс жасауға құрылған. Сабақ барысында ауыз әдебиеті тақырыптарымен қатар жұмыс дәптерімен де тапсырмалар орындалады. Бұл арнаулы бағдарламаны оқыту оқушының ой жүйесінің дамуына, ана тілінен алған білімінің кеңеюіне ықпал етеді. Оқушылардың ақыл –ойын дамыту, мінез-құлқын еркін тәрбиелеу мазмұнды, мәнерлі айтылған сөз арқылы да жүзеге асады. Бағдарламада оқушының сөздік қорын, сөйлеу мәнерін жетілдіру арқылы тілі орамды, дыбыстау мәдениеті өрісті тұлғаны қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Пікір
«Тіл дамыту» курсының бағдарламасындағы тақырыптар оқушылардың жас шамаларына лайықталып алынған. Курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа негізделген. Мұндағы тапсырмалары оңайдан біртіндеп күрделіге қарай, оқушының өмірде білетіндеріне сүйеніп, одан әрі білуге мүмкіндік жасайтындай практикалық жұмыстармен қамтылған. «Тіл дамыту» арнаулы курсын оқытудың мақсаты- балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік –эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже :
-оқу жылдамдығын жыл соңына қарай арттырып, шапшаң әрі түсініп оқуды;
-ертегі, мәтіндердің мазмұнын түсінікті етіп толық жеткізуді;
-жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтелдерді жатқа айта білуді;
-сурет бойынша мазмұнды әңгіме құрастыра білуді;
-шығарма, мазмұндама, эссе жазуды;
Мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:
-Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру, тіл байлығын арттыру;
-Мәтін, ертегілердің мазмұнын толық жеткізе білуге дағдыландыру;
-Жатқа айту арқылы есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту;
Міндеттері:
-Сөздік қорларын дамыту;
-Оқыған нәрселерін өмірде қолдана білуге қалыптастыру;
Білім, білік, дағдылары
Білімі:
-Мәнерлеп, шапшаң,дұрыс оқи алу;
-Ойын толық айта білу, тілдік ,сөздік қорын байыту;
-Жатқа айту арқылы есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту;
Біліктілігі:
-Оқығаннан түйгендерін өмірде қолдана алу;
-Ауызша, жазбаша сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Дағдысы:
-Оқу қарқынын, өз ойын толық жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
«Тіл дамыту» курсының бағдарламасы
3 сынып
Барлығы 34 сағат
№ Сабақтың тақырыптары Сағат саны Мерзімі
1 Алтын ұям,армысың! 1 2 Жақсылардың жақсысы 1 3 Бала Абай 1 4 Еңбек пен өнерді сүю 1 5 Жыршы бала 1 6 Күздеу 1 7 Жұмбақтар жаттау 1 8 Қазақстан-Отаным1 9 Туған жер 1 10 Дала 1 11 Алтыннан да ардақты 1 12 Туған жер 1 13 Мақалдар жаттау 1 14 Жасыбай батыр 1 15 Аңшыбай батыр 1 16 Қыс 1 17 Асыл шөп 1 18 Нағыз адам 1 19 Балуан 1 20 Терек пен жиде 1 21 Сыпайылық туралы жыр 1 22 Жаңылтпаштар жаттау 1 23 Әдептілік 1 24 Ардақты ана 1 25 Біздің көктем 1 26 Отырғыз ағаш көктемде 1 27 Жау,жау жаңбыр 1 28 Сұр көжек 1 29 Жанқияр әйел 1 30 Наурыз тойы 1 31 Жаз 1 32 Салт-дәстүрлер 1 33 Асқа бата 1 34 Әйгілі ата-бабалар 1 «Тіл дамыту» курсының бағдарламасы 1 сынып. Барлығы 33 сағат
р\с тақырыбы сағат саны уақыты
1 Кіріспе. Менің алғашқы қадамым 1 2 Менің Отаным-Қазақстан1 3 Біздің мектеп 1 4 Көше тәртібі1 5 Күн тәртібі1 6 Дені саудың – жаны сау1 7 Кім жылдам? 1 8 «Түлкі мен тырна» ертегісі1 9 Жыл мезгілдері1 10 Менің досым1 11 Ертегі кейіпкерлерін суреттеу1 12 «Мақтаншақ қоян» ертегісі1 13 Ас атасы-нан1 14 Санамақ1 15 «Жалғасын тап» ойыны1 16 «Қотыр торғай» ертегісі1 17 Қызықты ребустар1 18 Сөзжұмбақтар 1 19 Мақал- мәтелдер, жаңылтпаштар1 20 Жұмбақтар шешейік1 21 Менің отбасым. Буын1 22 Үй жануарлары1 23 Сөзден сөйлем құрастыру. Тасымал1 24 Кітаптар сөйлейді1 25 Құттықтау мәтіні1 26 Заттың атын білдіретін сөздер. «Мен қонақта болғанда...» 1 27 Заттың сынын білдіретін сөздер. «Мен қандай түсті ұнатамын?» 1 28 Заттың санын білдіретін сөздер.
«7- киелі сан» 1 29 Заттың қимылын білдіретін сөздер. «Мен сиқыршымын» 1 30 «Сылдырмақты қоян» ертегі сахналау1 31 Табиғат кереметтері1 32 Өлеңдер оқу1 33 Қорытынды сабақ1 «Тіл дамыту» курсының бағдарламасы 2 сынып Барлығы 34 сағат
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Ш.Смаханұлы. Қызықты демелыс кезінде. 1 2 Қазақстан, бас иемін мен саған! 1 3 Мақал – мәтелдер жатау. (туған ел, жер туралы) 1 4 Бесік жыры 1 5 Абай тағылымы.(қарасөздері) 1 6 Н.Айтов. Білім - сабақ 1 7 Х.Ерғалиев. Алтын күз 1 8 Күз туралы өлеңдер 1 9 Қайталау 1 10 Б.Ысқақов. Кітап – білім бұлағы 1 11 Мәнерлеп оқу сайысы 1 12 Ұлағатты сөздер 1 13 Ы.Алтынсарин. Мейірімді бала 1 14 Ертегілер 1 15 Төрт түлік туралы жырлар 1 16 «1001 мақал, 101 жұмбақ» 1 17 Т.Момбекұлы. Адалдық 1 18 Сөзжарыс: «Білгенге маржан» 1 19 З.Қыстаубаев. Жәрдемші мопан1 20 Мысалдар оқыту 1 21 Ә.Табылдиев. Тентек балапан 1 22 Аңыз әңгімелер оқу 1 23 Өлеңдер құрастыру 2 24 Ә.Дүйсенбиев. Білгіш 1 25 Мақал – мәтелдер жаттау 1 26 Сайыс: «Дауыс ырғағы» 2 27 Батырлар жыры 2 28 Д.Қасенов. Жалқау балапан 1 29 Ертегілер елінде 2 30 Қайталау 1 «Тіл дамыту» курсының бағдарламасы 4 сынып Барлығы 34 сағат
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Мен қазақпын. Т.Молдағалиев. Монолог (туған ел туралы) 1 2 М.Мақатаев. Туған жерге. Эссе жазу. (туған жер туралы) 1 3 Жатқа өлеңдер оқу 2 4 Күзгі орманның көріністері. Шығармашылық жұмыс 1 5 Мәнерлеп оқу сайысы 1 6 Абайдың қара сөздері 2 7 Қайталау 1 8 Б.Момышұлы. Өнегелілік туралы 1 9 Ертегілер 1 10 Ұлағатты сөздер 1 11 Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар 1 12 Сайыс: «Дауыс ырғағы» 1 13 С.Балғабаев. Тіл және тәуелсіздік 1 14 Қ.Аманжолов. Қазақстан 1 15 М.Дулатов. Жас қазақтар, қайдасың? 1 16 Ә.Тәжібаев. О, туған тіл! 1 17 Достық туралы өлең құрастыру 2 18 М.Дулатов. Жастарға 1 19 Ертегі құрастыру 2 20 Жатқа өлеңдер оқу 1 21 Ә.Табылдиев. Көк байрақ - туымыз 1 22 Оқу – білім туралы мақал – мәтелдер жатқа айту 1 23 «Мәнерлеп оқу» сайысы 1 24 Тіл туралы әңгіме, өлең құрастыру 2 25 Табиғат тамашалары. Мәнерлеп әңгімелер оқу 1 26 Оқу, білім, мектеп, мұғалім туралы өлеңдер құрастыру 2 27 Ертегілер елінде 1 28 Жыл бойы өткенді қайталау 1