?орша?ан ортамен таныстыру. О?у іс-?рекетіні? та?ырыбы: С?т ?німдері


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №14
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Сүт өнімдері.
Мақсаты: сүттен жасалатын өнімдер туралы түсініктерін кеңейту. Зерттеу жүргізудің қарапайым дағдыларын меңгерте отырып, айраннан йогурт жасауға үйрету. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту.
Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар: азық-түлік туралы айту.
Әдіс – тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сүт өнімдерінен алынатын өнімдерге байланысты суреттер.
Қостілдік құрам: сүт-молоко, қаймақ- сметана, тәтті-сладкий, йогурт-йогурт.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік. Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар, сүттен йогурт, қаймақ, т.б. өнімдерді алу үшін бізге не керек екен?
-Дұрыс айтасыңдар. Сүттен басқа өнімдерді алу үшін бізге арнайы станоктар керек екен. Сол сияқты үй жағдайында да сүттен айран, қатық, ірімшік, құрт, йогурт жасауға болады екен. Қолдан жасаған айран, қатық, қаймақ, ірімшік, құрт, йогурт тіпті дәмді болады. Ал бүгінше айраннан пен йогурт жасауды үйренеміз. Сонда сендер биос пен йогуртты дүкеннен сатып алмай-ақ, үйде өздерің жасап ала аласыңдар.
-Кәне, айранның дәмін татып көріңдерші, дәмі қандай?
-Тәтті болу үшін не істеуге болады?
-Ал тұщы болу үшін ше?
-Қалай ойлайсыңдар йогурт, биос жасау үшін айранға не қосуға болады? (жауап бере алмаса, педагог өзі айтады).
-Енді йогурттың дәмін татып көрейікші.
-Дұрыс айтасыңдар, әртүрлі жемістердің дәмі шығады екен. Сол себепті йогурт пен айраннын дәміне байланысты бөлуге болады. Зауыттарда йогуртқа бөлек, айранның өзіндік ерекшелігі бар қосымша дәмдеуіштер қосады. Ал біз дәмдеуіш қоспай жасаймыз.
Сергіту сәті:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге сабақ оқимыз,
Міне, біздер қандаймыз
Әрқашанда тілектес
Досыңа көмектес.
Ойын: «Дұрысын тап»
Шарты: Ұннан жасалған тағамдарының ішінен сүт өнімдерін табу. -Техника, станок, машина керек.
Балалар педагогтің айтқанын тыңдайды.
-Қышқыл
-Қант қосу керек.
-Тұз қосамыз.
Балалар жауап беруге тырысады.
Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді.
Балалар ойынға белсене қатысады.
Рефлексиялық- түзетушілік Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, не үйренгендерін, немен шұғылданғандарын сұрайды. Алған әсерлерін,көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын айтады.

Күтілетін нәтиже:
біледі: сүттен жасалатын өнімдер (айран, қатық, құрт, ірімшік, май) туралы; айраннан биос, йогурт жасауға болатындығын.
игереді: сүттен айран, қатық, құрт, ірімшік, май жасалатындығын; айраннан биос, йогурт жасауға болатындығын;
меңгереді: айраннан биос пен йогурт жасауды; айранның түсінің, құрамының, дәмінің өзгеретінін зерттеу жасау арқылы.