Дене шыны?тыру п?нінен саба?тан тыс іс-шара Та?ырыбы Денсаулы? зор байлы?


HYPERLINK "http://sabaqtar.kz/bayandama/11913-dene-trbies-densauly-kz.html" \o "Дене тәрбиесі – денсаулық көз" ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ – ДЕНСАУЛЫҚ КӨЗ
ШҚО Жарма ауданы Т.Хасенұлы орта мектебі«Дене тәрбиесі» пәнінің мұғалімі Мусралимов Серғазы Майтұрсынұлы«Дене тәрбиесі – денсаулық көзі»Дене тәрбиесі – денсаулық көзіОқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану. Жанды дене қозғалыста болмаса өледі. Адам баласы сонау ерте заманнан бері ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда.Әрине, қанша өмір сүрсе де әркім өзіне жауапты. Себебі, барлық адам бірдей бір уақытта өліп жатқан жоқ қой. Демек, әр адамның өмір сүру ұзақтығы өзіне байланысты.Осылайша адамзат күні бүгінге дейін ұзақ өмір сүрудің жолын қаншалықты іздегенмен, жетістіктің шыңы көрінбейді. Ұзақ өмір сүрудің негізі – денсаулықты сақтау. Денсаулықты сақтау - ұзақ өмір сүру үшін күрес. Кезінде әйгілі француз дәрігері Тиссо – қандай да болмасын ауруға қолданатын дәріні дене қозғалысы-ақ алмастыра алады, ал дүниедегі емдеудің барлық құралы адамның саналы қозғалысын алмастыра алмайды, - депті. Демек, осындай ғылыми қағидаға сүйенсек, яғни ұзақ өмір сүру үшін бізге қозғалыс керек екен. Ол үшін әр адам өзінің шама-шарқына қарай дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуға тиісті көрінеді.Сонда дене қозғалысы дегеніміз не?Адамзаттың таңертең орнынан тұрғаннан, кешке қайтадан орнына жатқанға дейін қозғалыста болатындығы баршамызға аян. Денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүру үшін бұл қозғалыс тіршілік талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да дене шынықтыратын жаттығуларының бір түрімен, яғни спортпен айналысу немесе шұғылдану әр азаматтың жеке басының міндеті деп есептейміз.Спортпен шұғылдану деген сөз, міндетті түрде спорттық жеңіске жету деген мақсат емес, денсаулықты сақтау, организмді дұрыс қалыптастыру, денені дұрыс шынықтыру мақсаты болу керек.Адам өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек процесінде толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыс жасайды. Осының бәрі кейбір жекеленген мүшелердің қалыптасып жетілуіне зор әсер етеді. Кейбір жағдайларда мұндай ықпалдардың керісінше әсер етуі де мүмкін.Спортпен жаттыға бастаған кезде қай спорттың түрі болмасын, оның мән-мағынасын білген жөн. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, волейбол, футбол т. б. Жаттығулардың кестесі дұрыс дұрыс құрылса ғана өз нәтижесін береді. Сонда ғана шұғылданушыны қызықтырып әр уақытта бір жаттығудан келесісіне ынталандырып отырады. Егер керісінше болса, ол шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып ол бұл спортты тастап кетуге мәжбүр болады.Жаттығумен ойдағыдай шұғылдану, негізінен жаттықтырушыға байланысты. Жаттығуды белгілі бір ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына қарай ынталандырып отырса ғана көзге түсетін спортшы дайындауға болады. Жалпы, қазіргі кезде күллі халықтың спортпен шұғылданатындай мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан да көпшілікке денсаулық сақтау мақсатында табиғи ортаны дұрыс жолмен пайдалану қажет. Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи ортаға жататындар жанды дененің тіршілік көзі – ауа, су және күн сәулесі. Аталған табиғи ортаны пайдаланудың денсаулық үшін баға жетпейтін әсері бар.Қорыта келгенде, жаттығу – дене тәрбиесі саласындағы ең жоғары көрсеткіштерге жету жолында жеке бастың көп жылдар бойы үзбей, жүйелі түрде спортпен шұғылдануы. Соның нәтижесінде спортшының қабілеттілігі артып, күннен күнге дене мүсіні жетіліп, күш-қуаты қалыптаса береді.