?аза? тілінен ашы? саба? Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рлері .


Алматы облысы Жамбыл ауданы
Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы
Бекітемін
Мектеп директоры Жилангозова Г.Т.
Тақырыбы
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері .
Орындаған Алимходжаева Г.А.
Ұзынағаш ауылы

Пән аты : Қазақ тілі .
Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің көпше түрі .
Сабақтың мақсаты :
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру , сөйлем ішінен зат есімнің жекеше жіне көпше түрін таба білуге үйрету .
Сабақтың міндеттері :
Білімділік : Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге , сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету , сауатты жазуға дағдыландыру .
Дамытушылық : Ойын арқылы ізденімпаздық қабілеттерін , ой - өрісін дамыту , түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру .
Тәрбиелік : Оқушыларды ұйымшылдыққа , ауыз біршілікке бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : аралас .
Сабақтың әдіс - тәсілі : түсіндіру , сұрақ - жауап .
Сабақтың көрнекілігі : тапсырмалар , кестелер , суреттар , слайдпен жұмыс .
Пән аралық байланыс : Ана тілі , дене шынықтыру .
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру бөлімі :
Психологиялық дайындық .
ІІ. Үй жұмысын тексеру .
346 - жаттығу.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау .
- Зат есім дегеніміз не ?
- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады ?
- Зат есім түрлері ?
- Кім ? не ? сұрағын қандай зат есімге қоямыз ?
- Кімдер ? нелер ? сұрағын қандай зат есімге қоямыз ?
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық :
- Балалар , кәзір жылдың қай мезгілі ?
- Осы жыл мезгілінде Россияның Сочи қаласында не өтіп
жатыр ?
- Ондай болса біз сол олимпиядаға қатысып жатқан өз спортшылары-мызға жанкүйері болып келейік . Сол кезде Сочиде жүрген спортршы-ларымызға күш - жігер береміз . Олай болса біз самолётқа отырып тез барайық . Самолётқа отыру үшін мынындай тапсырмаларды дұрыс орнындауға тырысайық .
Оқулықпен жұмыс .
Шаңғымен жарыс .
Бұл тапсырманы орындамас бұрын үш қатарға бөлініп отырайық .
Бірінші қатар - зат есім .
Екінші қатар - көпше түрі .
Үшінші қатар - жекеше түрі .
348 – жаттығу . Мәтінді оқып , жекеше және көпше түрдегі зат
есімдерді тап . 1 қатар - зат есімдерге сұрақтар қойыңдар .
2 қатар - көпше түрін теріп оқыңдар .
3 қатар - жекеше түрін теріп оқыңдар .
Конькимен жарыс .
349 – жаттығу . Берілген сөздерді оқы . Оларға сұрақ қой .
1 қатар - кімдер ? сұрағына жауап беретіндей етіп өзгертеді .
2 қатар - осы сөздерге сұрақтар қояды .
3 қатар - нелер ? сұрағына жауап беретіндей етіп өзгертеді .

Ережені талдау :
Сергіту сәті .


" Хоккей " ойыны .
350 - жаттығу . Жаңылтпашты оқып , жатқа жаз .

Бокстан жарысы .
351 - жаттығу . Кімдер ? нелер ? сұрақтарына жауап беретін сөздерді қатыстырып сөйлемдер құра .



Жеңімпаздарды марапаттау сәті .
352 - жаттығу . Мәтінді оқы . Екінші бөлікті көшіріп жазып , зат есімдерге талдау жаса . Мәтін неше бөліктен тұрады ? Әр бөлік қандай жолдан бастап жазылған ? Ү. Жаңа сабақты бекіту .
Поезъдға отыру .
« Кім , жылдам ! » ойыны . Мына кестені толтыруымыз керек .
Зат есім Жекеше түрі Көпше түрі
Кім ? - бала , шебер , ата .
Не ? - дәптер , шаңғы , қар .
Кімдер ? - әжелер , жазушылар , оқушылар .
VІ. Үйге тапсырма беру .
- Балалар үйден 353 - жаттығуды орындап , ережені жаттап келеміз .
Бағалау.