Бекітемін: О?у ісіні? ме?герушісі. Сыныбы: 8 А К?ні: 10.03.17ж Та?ырыбы: «Сарыар?а» Ма?саты:а) о?ушыларды? ?ткен білімдерін еске т?сіре отырып, жа?а саба?ты салыстырмалы т?рде ме?геру ?) Сарыар?а физгеографиялы? айма?ыны


Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі.
Сыныбы: 8 А Күні: 10.03.17жТақырыбы:  «Сарыарқа»
 Мақсаты:а) оқушылардың өткен білімдерін еске түсіре отырып, жаңа сабақты салыстырмалы түрде меңгеру;
   ә) Сарыарқа физгеографиялық аймағының табиғи ерекшеліктерін оқушылармен бірлесе, қосымша мәліметтерді пайдалана отырап талдау;
   б) оқушыларды шығармашылық ізденіске, туған өлке табиғатын қастерлей білуге, ойларын тиянақты талдап жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, фотосуреттер, видеоматериалдар, қосымша әдебиеттер, шығармашылық жұмыстар. Ақын-жазушылар шығармалары.
Әдіс – түрі: Блум таксаномиясы. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалана отырып, шығармашылақ ізденіске баулу.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Уй тапсырмасын сұрау.Ортадағы қалам сап.
1.Солтүстік  Қазақ жазығының негізгі атауы қандай және не себепті аталған?2.Солтүстік  Қазақ жазығының жер бедері қандай?3.Қандай табиғат зонасында орналасқан?4.Топырағы қандай, шарушылықты қай түріне қолайлы?5.Қандай экологиялық проблемалары бар?
6.Пайдалы қазбалары қандай?
7.Еліміздің бас қаласы Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
8.Солтүстік Қазақ жазығының климаты қандай?
Білу ІІІ. Жаңа сабақ.
«Сарыарқа» күйін тыңдату.
Қандай күй?
Кім жазған?
Құрманғазының суретін слайдтан көрсету
Осы күйді тыңдай отырып, не ойладыңдар, не елестеді?
Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сарыарқа»
Бұл бөліктегі ең биік тау – Қызыларай, оның ең биік нүктесі Ақсораң  (1565м).Қызыларай тауы Қазақстандағы кен көлемде мекен ететін арқарлардың жері. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы тауы, оның ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м).Қарқаралы территориясында Қарқаралы атты ұлттық саябақ бар.Егерде тарихқа сүйенсек «Қарқаралы» деген атау, «Қарқары» деген ертедегі қазақ қыздарының бас киімінен шыққан.Одан кейін Кент тауы, оның ең биік нүктесі Шаңкөз (1460м),Одан әрірек Баянауыл (950м). Баянауыл территортясында Баянауыл ұлттық саябақ орналасқан. Шығысында Шыңғыстау тауы орналасқан (1300м). Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Сарыарқаның территориясында тегіс және ойыс жерлер көп. Мұндағы ірі ойыс – Теңіз Қорғалжың қазаңшұнқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр: Бурабай және Ұлытау (1134м). Климаты. Сарыарқа Еуразияның орталығында орналасқан. Оған айтарлықтай дәрежеде радияциялық факторларға тәуелді шұғыл континенттік, ылғалдығы жеткіліксіз климат, сондай-ақ оңтүстікке қарай тез өсіп отыратын қуаңшылық тән.
Оқулықпен, қосымша әдебиеттер мен жұмыс.
1-топ: – географиялық орны, геологиялық құрылысы.
2-топ: – жер бедері, пайдалы қазбалары.
3-топ: – климаты
4-топ: – табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.
5-топ: – шаруашылық маңызы мен қорғалатын аймақтары.
6-топ:- өзен көлдері.
Қолдану. “Алты қалпақ “ әдісі
Ақ қалпақ Сарыарқаға қатысты деректерді келтіреді
Сары қалпақ-Сарыарқаның сәтті,әдемі табиғатын айтады
Қара қалпақ-Сарыарқаның сәтсіздік жағымсыз пікірлер айтады
Көк қалпақ- Сарыарқаға талдау жасайды климатына,пайдалы қазбаларына
Қызыл қалпақ-сылдырап аққан өзен ,көлдерін оқиғаны,бастан кешкен сезімдерін айтады
Жасыл қалпақ 6-қалпақтың пікірін тыңдай отырып Сарыарқа жайлы қортынды,түйінді сөз айтады)
Талдау,жинақтау: Сарыарқа сұлулығын баяндайтын эссе жазу.
VІ.Бағалау парағы
VІІ. Үйге тапсырма.
§43 оқу.Шығармашылық тапсырма: Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру.Сарыарқа өңірінің жер-су аттарына байланысты аңыз әңгімелер жазу.