Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рлері пысы?тау 2 сынып


Сандарды таңда да, жаңа білім алуға дайындал! ЖекешеҚайың, ағаш, сырға, дәрі, сыпырғыш, жеміс-жидек, себет, ыдыс. КөпшеГүлдер, шеберлер. Ереже: Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар, өзендер. ЕлЖылқыТөліҚұлынТүйеБота Ереже: Зат есімнің көпше түрі –лар, -лер, -дар, -дер, тар, -тер жалғаулары жалғануы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар көптік жалғау деп аталады. 3 – жаттығу. Көп нүктенің орнына көптік жалғауын қойып, өлеңді көшіріп жаз.(145-бет)Ай бетінен із кескен,Жұлдыз... мен тілдескен.Кең әлемнің қойнынан Құпия... іздескенАстроном аға... !М.Әлімбаев Сергіту сәті.Ал, балалар, тұрайықАлақанды ұрайық.Бір отырып,бір тұрып,Біз демалып алайық. 4 – жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Көптік жалғаулы зат есімдерді тауып, құрамына талдау жаса. 1. Құрылыс заттарын тиеген жүк машиналары келе бастады. 2. Ұзын бетон діңгектерді автокрандар тиісті орынға қойып жатыр. 3. Әсеттің әкесі жабайы балапандар ұстап әкелді. 4. Өзен жағасындағы қамыстар желмен баяу қозғалады. 5. Үш күнге созылған жарыста жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.