?дебиет 6-сынып ?.Кекілбаев Шы?ырау


Әдебиет 6-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбаев «Шыңырау» 2-сабақ.
Құдық қазу – Еңсептің ата кәсібі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өткен сабақта алған білімдерін тиянақтау, өз ойларын қорытынды жасай білуге дағдыландыру, әңгімені толық оқып меңгергендерін тексере отырып, әңгімедегі кейіпкерлер туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру.
Дамытушылық: түрлі тәсілдер арқылы оқушының байқағыштық, ізденімпаздық, шығармашылық, өз жазбаша, ауызша жүйелі айту қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: әңгіме идеясы негізінде оқушыларды еңбекқорлыққа, достыққа, мейрімділікке, ата-бабамыздың салып кеткен сара жолын жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, жеке тапсырмалар орындау, пікірталас.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: іздену, аралас.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі.
Мотивация: қазіргі заман талабына сай мамандық түрлерімен салыстыру.
Көрнекілік: Ә.Кекілбаевтің портреті, оқулық, белсенді тақта.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
- сыныппен сәлемдесу.
- сыныпты түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Ә.Кекілбаевтің портреті ілінеді. Автор жайында оқушылар мәлімет береді. Сонымен Ә.Кекілбаев кім?(белсенді тақтада толтырады)
- Сөзжұмбақ шешу.
Ш е г е н
қ ұ д Ы қ е Ң с е п ө л г е н
т ұ щ Ы
а қ с а қ а л д а Р б А й с а л
с У 1. Құдық орнату үшін қандай тастарды әкелді?
2. Еңсеп не қазды?
3. Құдық қалай аталды?
4. Құдықтан қандай су шықты?
5. Еңсеп қайтыс болғаннан кейін құдық басында кімдер молда апарып, дұға оқытқызды?
6. Еңсеп қай байға құдық қазды?
7. Құдықтан не шықты?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Әңгіме неден басталды, қалай дамыды, немен аяқталды?
- Сұрақ қою.
1. Бұрын ата-бабаларымыз қандай кәсіппен шұғылданды?
2.Ал Еңсеп ше? Құдық қазуды кімдерден үйренді?
- СТО стартегиясы бойынша Еңсепке 5 жолдық өлең құрау.
1 Зат есім Еңсеп
2 Сые есім еңбекқор, адал
3 Етістік құдық қазды, тас әкелді, еңбектенді
1 Сөйлем Еңсеп өз ісіне адал.
Синоним шебер
- Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Тақырыбы: Еңсептің құдық қазу кәсібі.
Идеясы: Ата-бабамыздан қалған кәсіпті жалғастыру.
-Тапсырмалармен жұмыс.
1-қатар: әңгімені бөлімге бөліп, ат қою.
2-қатар: тақырыпқа сай мақал-мәтел жазу.
3-қатар: ұнаған жерлерін суреттеп салу.
1-қатар: Еңсеп құдықты жалғыз қазды ма? (оқулықтан оқып беру)
2-қатар: Еңсеп қалай қаза болды? (оқулықтан оқып беру)
3-қатар: Құдықты ең соңында қалай атады? (оқулықтан оқып беру)
Ортақ сұрақ: Әңгімеде қандай салт-дәстүр бар? (дұға оқыту)
-Мамандық деген не? Мамандықтың қандай түрлері бар? Олардың қандай пайдасы бар? Ал сендерге қандай мамандықтар ұнайды? Мамандық туралы өлең-тақпақ, әндер білесіңдер ме? (қай тілде болса да)

Мамандық деген не?


Пайдасы пайда
ІҮ. Бекіту.
Оқушылар жұптасып тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
Ү. Рефлексия.
Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?
ҮІ.Үйге тапсырма.
1-қатар: «Кім болам?» тақырыбына шығарма жазу.
2-қатар: Мамандыққа байланысты реферат жазу.
3-қатар. Мамандыққа байланысты мақал-мәтел жазу.
ҮІ. Бағалау.