Авторлы? шы?арма: жас географтар ?ні


Жас географтар әні
( “Еркем-ай”әнімен)
1.“География” - грек сөзі:
Жер туралы ғылым ол.
Жер шарында жасайсын,
Сондықтан ән мен жырың ол.(2рет)
2.Алты жыл бойы мектепте –
Географияны оқисын.
Табиғаттың заңдарын –
Зердеңе сонан тоқисын. (2рет)
3.Неге қыс – жаз болады,
Неге гүлдер солады?
Іздеген жан жауабын –
Географиядан табады.(2рет)
4.Адасқанда алдыңнан –
Жол көрсетер - география.
Зерттеген жанға жұмбағы көп –
Сарқылмайтын дария. (2рет)
5.Қандай тау бар, қай жерде?
Байлық қайдан шығады?
Оқыған жан бұл пәнді –
Бәрінің сырын ұғады. (2рет)
Қсы: Білім, білім, білім – ай,
Білім жолы қиын – ай.
Ерте кезде болыпты -
Бұл пәнге көп тиым-ай(2рет)
Рудный қаласы , №19-мектептің география мұғалімі: Қалжанова. Сара. Срайловна.
6.”Жер айналады,” дегенде
Коперникті жағыпты.
Дінге қарсы шықтың, деп:
Айып оған тағыпты.
7. Эратосфен, Птоломей
Алғаш карта жасапты.
Экспедицияға шығыпты,
Колумб бастап жасақты.
8.Жердің жүзін айналып,
“Домалақ”, депті Магеллан.
Бастағы жерге қайтып кеп-
Қалыпты оған өзі таң.
9.Сонан бері ғылым боп,
Жинақталды география.
Ал, жер шары – адамға –
Болды пана әрі ұя. (2рет)
Қ-сы: Білім,білім, білім-ай,
Білім жолы қиын-ай.
Барын берген адамға-
Жер анаға сиын-ай. (2рет)
Білім, білім, білім-ай,
Білім жолы қиын-ай.
Кім көп білер бұл пәнді-
Анық болар бүгін – ай. (2рет)