?й жануарлары мен жабайы жануарлар


Қош келдіңіздер Сабақтың түрі: дәстүрлі емесСабақтың типі: аралас сабақ (І кезең – 5 минут; ІІ кезең – 25 минут; ІІІ кезең – 15 минут)Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстырып, ауыл мекемелерінен хабардар ету;2. Оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке баулу, өз елінің байлығын дұрыс пайдалануға үйрету;3. Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту. Сабақтың мазмұны:І – ІІІ кезеңдік тапсырмалар (төменде оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар – кілтінде берілген)Сабақтың әдіс-тәсілі:І кезеңде: сұрақ – жауап арқылы;ІІ кезеңде: а) оқулықпен өз бетімен ізденіс әдісі; б) практикада бекіту әдісі;ІІ кезеңде: үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері.Көрнекіліктер: І кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім жеке журналдары;ІІ кезеңде: а) оқулық, слайдтар, интерактивті тақта;б) оқулық, жұмыс дәптері;в) оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.ІІІ кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім жеке журналдары. Сабақтың өту барысы:І кезеңде:а) ұйымдастыру;б) үй тапсырмасын тексеріп, «ашық журналға» белгілеу;ІІ кезеңде:а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі;б) интерактивті тақтамен, оқушымен жеке жұмыс;ІІІ кезеңде:Дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілеп отырғызу. Үш деңгейді толық орындаған оқушыларға төртінші деңгей тапсырмаларын орындату. І кезең. Ұйымдастыру кезеңі 1. Мектеп балаларға не береді?Жауабы: Білім береді 2. Мектеп ісін басқаратын кім?Жауабы: Директор3. Оқушыларды кім оқытады?Жауабы: Мұғалім4. Сен партада кіммен отырасың?Жауабы:Ән: Мектебім Біздің ауыл Біздің мектеп ІІ кезең. Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр.Теориясы «Білу»(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)1. Мынау не?Жауабы: Ауыл2. Сендер қайда тұрасыңдар?Жауабы: Шалқарда, (ауылда)3. Біздің салып алған жеке неміз бар?Жауабы: Үйіміз4. Үй жанындағы бақшаға не егемізЖауабы: Сәбіз, қарбыз, қызанақ5. Ауылда не ұстаймыз?Жауабы: мал, қой, сиыр, жылқы6. Төмендегі суретте көрсетілген мекеменің атын жазЖауабы: аурухана, кітапхана, дүкен Бақша дақылдары 1. Ауылда біз неліктен мал ұстаймыз?Жауабы: Пайдасы көпПрактикасы «Қолдану» (қарапайым тапсырмалар) Өзің білетін жемістердің атын жаз.Жауабы: алма, алмұрт ...Практикасы «Баға беру»(сен қалай ойлайсын? Не істер едің? Ауылда адамдар қандай шаруашылықпен айналысады деп ойлайсың?Менің ойымша, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындаңдарТеориясы «Білу»(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді? ) Сұраққа жауап бер1. Сен қайда тұрасың?Жауабы: Мен ______тұрамын2. Көкөністердің атын жаз.Жауабы: қарбыз, қияр ...3. Мынау не?Жауабы: көлТеориясы «Қолдану»(ІІ кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша) Мақалды толықтыр.Ауылым – алтын бесік ІІ деңгей Теориясы «Түсіну» (Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)1. Сен қай көшеде тұрасың?Жауабы: ____________2. Не себепті ауыл өте бай?Себебі, мал, егін шаруашылығы бар3. Ауырсаң кімге қараласың?Жауабы: Дәрігерге, себебі ол науқасты емдейдіБасты идеясын жаз:Екеуі де маман иелері.Практикасы «Қолдану» (өзгертілген жағдайда) Сұраққа жауап бер.Көлде нелер болады?Жауабы: Балықтар ІІІ деңгей. Теориясы «Жинақтау» (қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле) Практикасы «Баға беру»(сен қалай ойлайсын? Не істер едің?) Сен басшы болсаң, ауылға не істер едің?Жауабы: Ауылды көркейтер едім.Ауылдық жерде тұрсаң, қандай шаруашылықпен айналысар едің?Жауабы: мал шаруашылығы, егін шаруашылығы Жарайсыңдар!