Планиерование на тему Суретті баспа?а дайындауКомпьютерді? ?осымша ??рыл?ылары


Сыныбы: 5 «А,Б,В» Бекітемін: ______________________________
Күні: ____________
Тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Сабақ мақсаты: а) ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу.
Б) Компьютердің ішкі құрылымдарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру.
В) Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, қоғам мүлкіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:Кестелер, компьютер құрылымдары, слайд көрсету
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Көрсете түсіндіру
Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Үйге тапсырмаСабақты қорытындылау
Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. Бүгін біз ДК құрылымы мен олардың жұмыс істеу принциптерін қарастырамыз.
ДК-дің құрылғыларының ішіндегі маңыздылары мыналар: жүйелік блок, монитор, пернтақта. Себебі бұларсыз компьютер жұмыс жасамайды. Басқа құрылғылар да пайдалы, бірақ оларсыз компьютер жұмыс жасай алады.
Компьютердің барлық құрылғылары бір-біріммен шнурлар арқылы жалғастырылады.
ДК-дің процессоры мен жедел жады ішкі құрылғысы болып табылады.
Басқалары: монитор, пернетақта, маус, модем, т.б. сыртқы құрылғылар болып табылады.
Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.
Адаптер немесе контроллердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
ПРоцессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна немесе шина деп атайды.
Ал енді компьютердің ішкі құрылғыларымен жақын танысайық.
Жүйелік блок.Жүйелік блок ішінде ең маңызды құраушылар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар қоректендіру блоктарымен (блок питания) бірге қоыйлады.
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп атайды.
Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (перифериялық) деп атайды.
Компьютердің ішкі құрылғылары:
Аналық тақша (материнская плата) – ДК-нің негізгі тақшасы.
Оған мыналар енгізілген:
Жедел жад (ЖЖҚ-жедел жадтайтын құрылғы) – компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
ПРоцессор – көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.
ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) – деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.
Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.
Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар)
Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.
Процессор.
Процессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.
Ең көп тараған процессрдың түрі: Пентиум. Мұндай процессорлар орнатылған компьютерлерді Пентиум деп атайды.
Жедел жад.
Жедел жад бұл деректерді уақытша сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілемі. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бір ұяшықта 1 байт ақпарат сақталады.
Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақшадағы сәйкес ажыратпаларда қондырады.
Жедел жадтың сипаттамасы – оның сыйымдылығы. Қазіргі уақытта жедел жадтың көлемі 128 МБ, 256 МБ, 512 МБ, 1ГБ болып келедіТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі.
Компьютерді қосқан кезде оның жедел жадында ештеңе – деректер де, бағдарламалар да болмайды. Бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Ал жедел жады әзірге бос болғандықтан одан басқару жүрмейді, процессор ТЖҚ-ға қатынасады. ТЖҚ компьютер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт сақтай алады. ТЖҚ-дағы бағдарламалар компьютерді дайындау кезінде жазылады.
ТЖҚ-ға кіретін бағдарламалар комплекті енгізу шығару базалық жүйесін (BIOS – Basic input output system) құрады.
Бұл пакеттік бағдарламалардың міндеті – компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілетілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.
Тақырып бір компьютердің жүйелік блогын ашып, құрылғыларды көрсету арқылы түсіндірледі.
Тақырыпты бекіту сұрақтары:
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
Сыртқы және ішкі құрылғылардың айырмашылығы қандай?
Шина дегеніміз не?
Контроллер немесе адаптердің атқаратын қызмеі не?
Компьютердің ең негізгі тақшасы?
Процессордың атқаратын қызметі қандай?
Жедел жад пен тұрақты жадтың айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Сыныбы: 5а, 5 б, 5 в Бекітемін: ______________________________
Күні: ____________
Тақырыбы: Пернетақта. Пернелелер тобы
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен: монитормен, пернетақтамен таныстыру. Олардың арналуын түсіндіру.
Б) Монитор мен пернетақта сипаттамаларын үйретіп, пернетақтада жұмыс жасауды пернетақталық тренажер арқылы меңгерту.
В) Оқушыларды компьютерде жұмыс жасатып, ұқыпты жұмыстануға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі:«Аленка», «Babytape» пернетақталық тренажерлары, Информатика 3,4 электронды оқулығы.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Баяндау, көрсету, практикум
Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеруЖаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма(компьютерде пернетақталық тренажермен жұмыс жасау)
Үйге тапсырмаСабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасын тексереміз. Үйге берілген тапсырма ЭЕМ-нің даму тарихы және компьютердің ішкі құрылғалары бойынша берілген кестені толтырып келу. Оқушылардың жұмысын қарап, бағалаймын.
Жаңа сабақ Компьютердің сыртқы құрылғылары.
Өткен сабақта біз компьютердің ішкі құрылғыларымен таныстық. Олар негізінен компьютердің жұмысын басқарып отырады. Бірақ компьюттер сыртқы ортамен қатысуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек.
Бұлар:
Деректерді енгізу құрылғылары;
Деректерді шығару құрылғылары;
Деректерді сақтау құрылғылары;
Деректерді алмасу құрылғылары:
Бүгінгі сабақта біз енгізу және шығару құрылғыларын қарастырамыз.
Енгізу құрылғылары көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, ал шығару құрылғылары арқылы машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады.
Енгізу құрылғыларына: пернетақта, маус, джойстик, сканер, т.б. жатады.
Шығару құрылғыларына: принтер, монитор (дисплей), графиксалғыштар, т.б. жатады.
Монитор.
Монитор ақпаратты экранға шығаратын құрылғы. Ол компьютер жұмысы туралы барлық ақпаратты адамға беріп отырады.
Монитор бейнелеу түсі бойынша: Монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді.
Монохромды тек ақ-қара түстерді көрсете алады.
Монитор шығаратын ақпараты бойынша: Символдық және графикалық болып бөлінеді.
Символдық монитор тек мәтіндік ақпарат шығара алады. Ал, графикалық монитор символдық ақпараттан басқа әртүрлі графиктер мен суреттерді де кескіндей алады.
Мониторда кескін кішкентай нүктелерден тұрады. Мұндай нүктелерді пиксельдер деп атайды. Яғни пиксель дегеніміз – монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер. Түрлі түсті монитор экранында әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған үш ұсақ нүктелерден тұрады.
Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Монитор экранында орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, монитор да жақсы болады.
Алғашқы түрлі түсті монитор 1982 жылы жасалды, оны CGA-320x200 (Color graphic adapter-түрлі түсті графикалық адаптер) пиксельді монитор деп атады.
Ал 1984 жылы ЕGA-640x350 (Enhanced graphic adapter-жетілдірелген графикалық адаптер) пиксельді монитор шықты.
Қазіргі компьютерлерде VGA-640x480 (Video graphic adapter-Графикалық бейне адаптер) немесе SVGA-(800x600 – ден 1248х1024-ке дейін) (Super video graphic adapter-Графикалық супер бейне адаптер) мониторлар қолданылады.
Монитор сонымен бірге құрылысына қарай: электронды-сәулелі түтікшелі (ЭСТ) монитор және сұйық кристалды монитор болып бөлінеді.
Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:
Көз тез шаршайды.
Дисплей жұмысы кезінде электр магниттік және ультракүлгін сәулелері таратылады.
Пернетақта.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріп немесе цифр пернелері көмегімен компьютерге кез келген ақпараты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақталарда 100-дің үстінде пернелер орналасады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
-басу пернетақтасы, , (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер: бос орын, 0-9 дейін цифрлар, A-Z латын әріптері, А-Я кириллица символдары, тыныс белгілері, «+», «-», «*», «/», арнайы символдар және т.б.)
- функционалдық пернелер: Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12.
- арнайы операциялар пернелері, олар: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows.
-меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар: Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Left, Right, Up, Down, Delete- сандық пернетақта, олар оң жақта бөлек орналасқан.
-басу пернетақтасы, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі блогы. Оның көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Бұл блокта латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдар орналасқан.
- функционалдық пернелер: Олар Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12 әріптерімен белгіленген. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі программада олар әртүрлі қызмет атқарады.
- арнайы операциялар пернелері, олар:
Enter-ең негізгі перне, операцияның аяқталғандығын көрсетеді.
Esc – Бағдарламаны аяқтау пернесі, операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне кері қайтуды орындайды.
Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстырады.
Ctrl – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.
Alt –арнайы әрекеттер үшін қолданылады.
Backspace – меңзердің сол жағындағы қате символды өшіреді.
Caps Lock – бас әріптер режимін іске қосады және айырады.
Shift – перненің қосалқы мәнін алу үшін қолданылады.
Windows – Пуск менюін ашу шін қолданылады.
-меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар:
Insert – символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосады.
End – меңзерді жол соңына жылжытады.
Home – меңзерді жол басына жылжытады.
PageUp – меңзерді бір бетке жоғары жылжытады.
PageDown – меңзерді бір бетке төмен жылжытады.
Left – меңзерді бір орынға солға жылжытады.
Right – меңзерді бір орынға оңға жылжытады.
Up – меңзерді бір жолға жоғары жылжытады.
Down – меңзерді бір жолға төмен жылжытады.
Delete – меңзердің оң жағындағы символды өшіреді.
- сандық пернетақта, олар Num Lock пернесі қосылып тұрса сандарды енгізуді, айыруыл тұрса меңзерді басқару операцтяларын іске асырады.
Пернетақтамен жұммыс істеу техникасы.
Жеке пернені басқанда күш қолданбай, жай басу керек. Егер бір перне көп басылып тұрса, машина оны көп рет басылды деп түсініп, бірнеше символ салынады. Кейбір операцияларды орындау үшін екі немесе үш пернелер комбинациясын қолданады. Мысалы, Ctrl+L, бұл сендерге алдымен Ctrl пернесін басып, содан соң оны жібермей тұрып, L пернесін басу керек екенін білдіреді. Содан соң Ctrl-ды босатуға болады.
Меңзер.
Меңзер – экранда жыпылықтап тұратын белгі. Меңзер экранда алфавитті-цифрлық пернені басқанда символ қай жолға енгізілетінін көрсетеді. Символды енгізгеннен соң, меңзер оңға қарай бір қадам жылжиды. Меңзердің экранда пайда болуының мәні – алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге шақыру. Enter пернесін басу арқылы ақпаратты енгізу аяқталады.
Сабақтың соңғы 20 минутында компьютерде оқушылар пернетақталық тренажермен жұмыс жасайды.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу, пернелердің атқаратын қызметін жаттау.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Пән: Информатика Бекітемін: _____________________________
Сыныбы: 5 а, 5 б, 5 в Күні: _________________
Тақырып: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттер:
Білімділік: Оқушылар информатика сыныбында техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіру және компьютерді дұрыс қолдануды көрсету, сабақ өту тәртібі.
Дамытушылық: Оқушыларға есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі бойынша компьютерге дұрыс отыру, шаршаған кездегі жаттығуларды жасауды көрсету.
Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу.
Мақсаты: Бүгінгі сабақта оқушыларға қауіпсіздік ережені жазғызу арқылы компьютерде жұмыс істеуді түсіндіру, сынып ішіндегі үкімет бағалы заттарды ерекше жолмен пайдалану.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, және бағдарламалар мен сынып техникалары:
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру

Жаңа сабақ
Компьютер түсінігі қауіпсіз жұмыспен тығыз байланысты. Ата-аналарың сендерге үнемі компьютер алдында ұзақ отыруға болмайтынын айтып отыратын шығар.
Компьютерде жұмыс істеу ең алдымен көзге күш түсіреді. Компьтерлік программалармен айналысқанда сендер жұмыстың қызығына түсіп кетесіңдер. Көздеріңнің жыпылықтауы біртіндеп азая бастайды. Сондықтан көз жаспен аз ылғалданады. Ал бұл көздің көру қабілетінің нашарлауының бір себебі болып табылады.
Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай? Ол үшін мына талаптарды орындау керек:
Мониторға дейінгі арақашықтық 55-65 см кем болмауы керек. (созылған қолдың ұзындығындай)
Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспауы керек.
Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.
Экранның ортасына қарау керек
Жұмыс істеу үшін дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар компьютер алдында міндетті түрде көзілдірік киіп отырулары керек. Ол көру қабілетін одан әрі нашарлатпайды.
Төменде келтірілген көзге арналған гимнастиканы компьютермен жұмыс істеген әрбір 10-15 минут сайын орындап отыру керек. Гимнастика кезінде көздеріңді демалдырасыңдар.
Көзге арналған гимнастика
Жаттығулар тұрып немесе отырып, экраннан теріс қарап, ритмді тыныс алып, көз қозғалысының амплитудасын неғұрлым үлкен етіп орындалады. Жаттығуларды 4-5 реттен қайталау керек.
1-ден 4-ке дейін көзді күштеп қатты жұмып, одан кейін көздің бұлшық еттерін босатып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қарау керек.
Мұрынның ұшына қарап, 1-ден 4-ке дейін назарыңды алма. Көзіңді шаршатуға болмайды. Егер көзің талса, жұмып отыра бер. Одан кейін көзіңді ашып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қара.
Көздің бұлшық еттерін босатып, 1-ден 4-ке дейін көзді жұмып, одан кейін көзіңді айқара ашып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қара.
Басыңды бұрмастан (тік ұстап), көздеріңмен жоғары-солға-төмен-оңға қарай дөңгелете қимылдар жаса. Одан кейін 1-ден 6-ға дейін алсқа қара.
Көздеріңді күш түсірмей 10-15 рет жыпылықтат.
1-ден 4-ке дейін көздеріңнен 25-30 см қашықтықтағы сұқ саусағына қарап, одан кейін, 1-ден 6-ға дейін алысқа назар аудар.
Орташа жылдамдықпен оң жаққа қарай 3-4, одан кейін сол жаққа қарай 3-4 дөңгелете қимылдар жасап, көздің бұлшық еттерін босатып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қара.

Компьютердің қауіпсіздігі
Компьютермен жұмыс істегенде тек өз денсаулығыңды қауіпсіздендіріп қана
Қоймай, қымбат тұратын компьютерлік техниканы да бұзып алмауың керек.
Компьютерде таза қолмен жұмыс істеу.
Компьютерге ылғал тимеуін қадағалау.
Мониторды қолмен ұстамау.
Компьютерді қосу және ажырату ережелерін сақтау.
Компьютердің шаңын уақытында сүртіп отыру.
Компьютердің жүйелік блогын, мониторды және басқа да құрылғыларын бөлшектемеу
Компьютерге қосылған сымдар мен құрылғыларды ажыратпау
Бекіту: Оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін жазғызып сұрақтар мен тапсырма беру
Сабақты қорытындылау: Сұрақтар мен жауаптар беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын беру: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
Пән: Информатика Бекітемін: _____________________________
Сыныбы: 5 а, 5 б, 5в Күні: _________________
Тақырып: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға программалық қамтамасыз ету жайлы түсіндіру
Дамытушылық: Программалық қамтамасыз етудің түрлері жайлы баянда
Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу.
Мақсаты: Оқушыларға программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен жіктелуін түсіндіру
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, және бағдарламалар мен сынып техникалары:
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй жұмысын сұрау:
Пернетақта дегеніміз не?
Пернетақта қандай бөліктерден тұрады?
Caps Lock пернесі қандай қызмет атқарады?
Пернелерді қалай дұрыс басу керек?

Жаңа сабақ
Алдыңғы тарауларда біз адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырдық. Бүгінде компьютерді қолданылмайтын сала кемде-кем. Бұған түрлі программалық жабдықтаманы қолдану арқылы қол жетті.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын құрайды. Программалық жабдықтамалар өздерінің қызметі бойынша түрлі топтарға бөлінеді.
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ-ға мына программалар жатады:
Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
Драйверер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа драйвер керек. Драйверді – құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері операциялық жүйелердің құрамына енген.
Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе прцессор) фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар – браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Қосымшалар өте көп, жаңалар тұрақты пайда болып отырады.
Кез-келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суреттермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады.
Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар қолданылады. Оларға әртүрлі браузерлер (сайттардың мазмұнын қарайтын программалар), пошталық программалар және басқалар жатады.
Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйретуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға, тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі.
Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты қолданбалы программалар да орын алған.
Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.

Бекіту: Оқушыларға программалық жабдықтамаларды жазғызып, сұрақтар мен тапсырмалар беру
Сабақты қорытындылау: Сұрақтар мен жауаптар беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын беру: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Бағалау
Пән: Информатика Бекітемін: _____________________________
Сыныбы: 5 а, 5 б, 5в Күні: _________________
Тақырып: Информатика. Ақпарат
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға информатиканың қандай ғылым екенін, ақпараттың не екенін түсіндіру
Дамытушылық: Ақпараттың қасиеттерімен таныстыру
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Мақсаты: Оқушыларға информатика және ақпарат жайлы түсіндіру
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, және бағдарламалар мен сынып техникалары:
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй жұмысын сұрау:
Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
Көзге арналған гимнастикалар бар?

Жаңа сабақ
Алдыңғы тарауларда біз адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырдық. Бүгінде компьютерді қолданылмайтын сала кемде-кем. Бұған түрлі программалық жабдықтаманы қолдану арқылы қол жетті.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын құрайды. Программалық жабдықтамалар өздерінің қызметі бойынша түрлі топтарға бөлінеді.
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ-ға мына программалар жатады:
Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
Драйверер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа драйвер керек. Драйверді – құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері операциялық жүйелердің құрамына енген.
Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе прцессор) фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар – браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Қосымшалар өте көп, жаңалар тұрақты пайда болып отырады.
Кез-келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суреттермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады.
Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар қолданылады. Оларға әртүрлі браузерлер (сайттардың мазмұнын қарайтын программалар), пошталық программалар және басқалар жатады.
Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйретуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға, тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі.
Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты қолданбалы программалар да орын алған.
Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.

Бекіту: Оқушыларға программалық жабдықтамаларды жазғызып, сұрақтар мен тапсырмалар беру
Сабақты қорытындылау: Сұрақтар мен жауаптар беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын беру: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Бағалау
Пән: Информатика Бекітемін: _____________________________
Сыныбы: 5 «А,Б,В» Күні: _________________
Тақырып: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Мақсаты: а) Оқушыларды операциялық жүйе түрлерімен таныстыру. Оқушылар жаңа сабақта Windows жүйесінің түрлерімен таныстыру арқылы білімін көтеру.
б) Оқу есептеуіш техника кешені, Windows 98. Windows XP операциялық жүйесі .
в) Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.
Сабақтың типі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі - көрнекіліктер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ Парктика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер. Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Оқулықтар. Жұмыс дәптері.
Сабақ барысы. I Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
II Үй жұмысын сұрау
1) Дербес компьютердің негізгі құрауыштарын атап шығыңдар?
2) Аналық (жүйелік) тақшаның құрауыштарын атаңдар?
3) Монитор деген не?
III Үй тапсырмасын бекіту
IV Жаңа сабаққа кіріспе
V Жаңа сабақ
VI Жаңа сабақты бекіту
VII Қорытындылау
VIII Үйге тапсырма беру
IX Бағалау
Жаңа сабақ
Операциялық жүйе – компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Қазіргі компьютерде пайдаланатын программалардың бәрі программалық қаматамасыз ету (ПҚ - software) деп аталады. ПҚ – ның құрайтын программаларды үш топқа бөлуге болады: жүйелік ПҚ, программалау жүйесі, қолданбалы ПҚ. Бұлардың алғашқы екеуін кейде базалық ПҚ деп атайды. Жүйелік ПҚ ядросы операциялық жүйе (ОЖ) болып табылады.
ОЖ – компьютердің техникалық жабдықтарымен (hardware) ең тығыз байланысты ПҚ бөлігі. Операциялық жүйенің негізгі міндеттері:
1) компьютер ресурстарын: процессорлық уақыты, ішкі жадты, файылдарды, сыртқы құрылғыларды басқару; 2) пайдаланушымен диологті ұйымдастыру.
ОЖ – ның резиденттік бөлігі (ОЖ ядросы) компьютердің жедел жад бөлімінде тұрақты орын алады. Оған ол машинаны іске қосқан кезде жүйелік дискіден жүктеледі. Бұл процедура бастапқы жүктеу деп аталады. Компьютердің бұдан кейінгі жұмысшының бәрі ОЖ – ның бақылауымен және басқаруымен жүргізіледі. Операциялық жүйе барлық программаларды жедел жадтқа жүктеуді жүзеге асырады, олар жұмыс бастағанда соларға басқаруды береді, орындалатын программалар шақыруы бойынша әр түрлі әрекеттерді орындайды, программалар жұмысын аяқтаған кезде жедел жадтағы олардың орындарын босатады
ОЖ - ның ең маңызды міндеті – файылдарменжұмыс жасау болып табылады. Сыртқы тасығыштағы файылдарда программалар, деректер, ОЖ – ның өзі сақталады. Операциялық жүйе жабдықтары арқылы сыртқы тасығыштарға файылдар құрылымымен анықталатын файылдық жүйе жасалады. Файылдармен орындалатын әрекеттердің бәрін (жасау, өшіру, көшірмелеу, атау және т. б.) пайдаланушы операциялық жүйенің көмегімен жүргізеді.
ОЖ – ның пайдаланушымен қатынас жасауы үшін арнайы командалық тіл ОЖ (ОС) пайдаланылады. Дербес падаланылатын компьютерде бұндай қатынас жасау диологтік режімде өтеді. Операциялық жүйе белгілі түрде экранға пайдаланушыны шақыруды шығарады, пайдаланушы жауап ретінде анықталған әрекет (программаны іске қосу, дискінің директриін шығару, файылды өшіру және т. б.) жасау ұйғарылған
Операциялық жүйелерді кластарға бөлу
Операциялық жүйені кластарға бөлупараметрлері Операциялық жүйе түрлері
Бір мезгілде орындайтын міндеттер саны бойынша Бірміндетті
Көпміндетті
Компьютерде бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар саны бойынша Бір адам пайдаланатын
Бірнеше адам пайдаланатын
Интерфейс, яғни пайдаланушының компьютермен қатынас жасау тәсілі бойынша Командалық интерфейс
Графикалық көптерзелі интерфейс
Бекіту: 1) Операциялық жүйе дегіміз не?
2) Операциялық жүйе не үшін қажет?
3) Интерфейс деген не?
Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене
Қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасын беру: Операциялық жүйесі дегеніміз не?
Бағалау:
Пән: Информатика (үйден оқыту) Бекітемін: _____________________________
Сыныбы: 5 б Күні: _________________
Тақырып: Тест тапсырмалары
Мақсаты: а) Оқушыға тест тапсырмаларын беру арқылы өткен сабақтарды қайталату
б)Оқушыны тест тапсырмаларын орындау арқылы ой-өрісін дамыту
в) Оқушыны өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.
Сабақтың типі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі - көрнекіліктер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ Парктика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер. Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Оқулықтар. Жұмыс дәптері.
Сабақ барысы. I Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
II Үй жұмысын сұрау
1) Операциялық жүйе дегіміз не?
2) Операциялық жүйе не үшін қажет?
3) Интерфейс деген не?
III Үй тапсырмасын бекіту
IV Жаңа сабаққа кіріспе
V Жаңа сабақ
VI Жаңа сабақты бекіту
VII Қорытындылау
VIII Үйге тапсырма беру
IX Бағағау

1. Информацияның өлшем бірлігі:
АКилоБутВБайт
СКилометр
DМегадрайв2. Дербес компьютерді іске қосу батырмасы:
A 110 v
BPower
C Reset
D Turbo
3. Компьютердің жұмысын басқаратын негізгі құрылғысы:
AМаус
BМонитор
CЖүйелік блок
DПернетақта
4. Компьютер нені өңдеуге арналған:
AАбстракцияны
BАқпаратты
CМотивацияны
DЦифрларды, белгілерді, иероглифтерді
5. Компьютерге ақпарат енгізу құрылғыларын ата:
AСканер және маус
BПринтер және трекбол
CМаус, пернетақта және кілемше
DШина және пернетақта
6. Пернетақтада қандай пернелер тобы бар:
AӘріптік-цифрлық
BТүзету пернелері
CКурсорды басқару пернелері
DҚосымша әріптік пернетақта
7. Enter пернесі:
AБолдырмау пернесі
BЕнгізу пернесі
CКурсорды келесі абзацқа көшіру пернесі
DКурсорды келесі жолға көшіру пернесі8. Қате символды өшіру пернесі:
AEnterBInsert
CDelete
DПробел
9. Caps Lock индикаторы жанып тұрған кезде:
AТек орыс әріптері енгізіледі
BАрнайы символдар енгізіледі
CБас әріптер енгізіледі
DShift пернесін басқан кезде бас әріптер енгізіледі
10. Терезені жинап қою (свернуть) үшін:
A батырмасында шерту керекB батырмасында шерту керекCТерезенің өлшемін кішірейту керекD батырмасында шерту керек11. Терезені жаймалау (развернуть) үшін :
A батырмасында шерту керекB батырмасында шерту керекC батырмасында шерту керекD батырмасында шерту керек12. Алмастыру буферіндегі ақпаратты қалай қоюға болады:
AҮзіндіні белгілеп, Правка → Вырезать
BВыделить все → Правка → Вставить
CПравка → Вставить из файла
DПравка → Вставить
13. Курсорды осы жолдың басына жылжытатын перне:
AF1
BHome
CEsc
DEnd
14. Курсорды осы жолдың аяғына жылжытатын перне:
AEnter
BEnd
CTab
DHome
15. Ақпаратты енгізу құрылғысы:
Aмонитор
Bпринтер
Cпернетақта
Dмодем
16. Ақпаратты шығару құрылғысы:
Aсканер
Bпринтер
Cпернетақта
DмаусБекіту:
Сабақты қорытындылау:
Үй тапсырмасын беру: Өткенді қайталау
Бағалау: