Информатика п?ні АЛГОРИТМДЕР Ж?НЕ ОНЫ ОРЫНДАУШЫЛАР (7 сынып)


Пәні Информатика
Сыныбы 6
Күні Сабақтың тақырыбы Алгоритмдер және оны орындаушылар.
Сілтеме Оқулық Информатика 6- сынып «Арман ПВ»
Оқып – үйренудің негізгі мақсаттары: 1.Алгоритмнің берілу тәсілдері туралы мағұлмат беру.
2.Алгоритмнің ерекшеліктерін түсіну.
3.Алгоритмнің берілу тәсілдерімен жұмыс жасауға үйрену.
Оқып – үйренудің нәтижесі: Барлық оқушылар:
1.Алгоритмнің берілу тәсілдері туралы білетін болады.
Оқушылардың басым бөлігі:
2.Алгоритмнің ерекшеліктерін түсінеді.
Кейбір оқушылар:
3.Алгоритмнің берілу тәсілдерімен жұмыс жасауға үйренеді.
Сабақ барысы: Уақыты: Мұғалімнің іс - әрекеті: Оқушының іс - әрекеті:
3-мин Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу
1-топ программа
2-топ алгоритм Оқушылар стикерлерді таңдау арқылы 2 топқа топтасады.
1-топ программа
2-топ алгоритм
5-мин Үй жұмысын тексеру.
«Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы жүргізіледі.
Қорапта қалдырылған сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді.
Басбармақ арқылы бағалау жүргізіледі. 1.Вирус деген не?
2.Вирустар қалай тарайды?
3.Компьютер вируспен зақымдалса не істеу керек?
4.Зақымданбаудың алдын алу ережелері қандай?
5.Қандай вирусқа қарсы программалар бар?
Басбармақ арқылы бағалайды
15-мин
Жаңа сабақ
(тұсаукесер)
Жаңа сабақ Паракшадағы сөздерді құрастыру арқылы тақырыпты ашады.
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.
Алгоритмнің орындалу
Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:
Мектепті тәмамдау.
Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.
Конкурстан өту.
Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.
Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.
Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.
Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.
Алгоритм қасиеттері
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі-үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.
10-мин
2-мин Пилот және навигатор әдісі
Жұптарда өзара бағалау Ғаламтор желісін пайдалана отырып, кестені толтыру
№ Өнертабыс,құрылғы Мезгіл Қайда және кім жасады?
1 Шоттар ХҮІ – ХҮІІ ғасыр Ресейде
2 Механикалық есеп машинасы 3 Есептеуіш автомат 4 Аналитикалық машина Жұптар бір – біріне бағалау жүргізеді.
5-мин
2-мин Жадыны дамытуға арналған ойын
Өзін - өзі бағалау жүргізіледі Жадыны дамытуға арналған ойын әдісі арқылы берілген сөздерді дәптерге орындайды. Алгоритм, тармақталу алгоритмі,сөздік алгоритм,сызықтық алгоритм, циклдік алгоритм,командалар жүйесі
Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіре отырып,өзін - өзі бағалайды.
2-мин Рефлексия
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.

Рефлексия
Не білдім? Не үйрендім? Маған қиын болды
1-мин Кейінгі тапсырма
Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.