?аза? тілі С?йлем ж?не с?з 2сынып


Қысқа мерзімді жоспар
Бекітемін: Нугманова Р.К23.11.16
Мұғалімі: Қаймолда С.Б
Пәні: Қазақ тілі 2-сынып
Сабақтың тақырыбы Сөйлем және сөз. ІІ тоқсан
Сабақтың мақсаты Сөйлем және сөз туралы оқушылардың білімін пысықтау.
Күтілетін нәтижелер Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Сөйлемнің мазмұны бойынша жалпы,нақты сұраққа жауап береді. Сөйлемнің негізгі ойын анықтап,талдайды,болжау жасайды.Алған білімдерін басқалармен бөлісе алады.
Сабақ түрі Аралас сабақ, топпен жұмыс.
Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер Түсіндіру, сұрақ- жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс,
Керекті жабдықтар Б.А. Тұрғынбаева, З.Муфтибекова «Алматыкітап» оқулығы 2013ж
қарындаш, суреттер.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
1.Оқушылардың оқу құралдарын дайындап, зейіндерін сабаққа аудару.
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз!
Мақсатымыз –білім алу!
Міндетіміз –еңбектену.Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл қызың мәңгі сеніБолашағым, бақытым, дара тілім.- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі -туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз. Барлығы өлең жолдарын айтады.
Тұсаукесер Таратылған кәмпит түрлері бойынша топқа бөліну.
«Сұрақтар бар қорап» әдісі
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою. -Мәтін дегеніміз не?- Мәтіннің атауы не деп аталады?- Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма?
-Мәтін неден құралады?
-Мәтіннің құрылымдарын ата.
-Мәтінннің неше түрі бар? Олар қалай аталады?
- Оқушылар кәмпиттер бойынша топқа барып отырады.
Негізгі бөлім
Сурет арқылы жұмыс.
- Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады ;- Сөйлем аяқталған ойды білдіреді;- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады;- Сөйлемнің соңынан нүкте (.) , сұрау белгісі(?),леп белгісі (!) қойылады.
Оқулықпен жұмыс:Топқа тапсырма беріледі. (жеке жұмыс)1-топ.1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.2-топ.2-жаттығу. Сөздерден сөйлем құрастырып жазу.
3-топ
3-жаттығу.Айжанның не жазғанын оқып көр.
4-топ «Орныңды тап!»
Хабарлы сөйлем. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем.
Айша мектепке барды. Сұраулы сөйлем.
Бекзат,сабаққа барасың ба? Лепті сөйлем.
Күн қандай тамаша! Хабарлы сөйлем.
Сергіту сәті «Тізбек» ойыны Берілген сөздің соңғы дыбысынан басталатын жаңа бір сөз тауып айту.
Топтық жұмыс «Кір жаю» әдісі.
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр.
1 топ
1.Сырғанақ, бірнеше бала, теуіп жүр.
2.Адамға, пайда, келтіреді, құстар көп.
2 топ
Дұрыс тапсаң, мақал шығады.
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ж Р Е І Б Й А Ы Д Ң Л
1 3 2 4 5 7 6 9 8 10 3 11 4 5 7 6
3 топ
Қайсысы сөйлем? Сөйлемді көшіріп жазу.1.Білім, кітап, бұлақ.2.Кітап-білім бұлағы.
4топ
Әріптен сөз, сөзден сөйлем құрастыру.
Қ,с,ы,а,қ,а,қ,а,л,р,а,қ.
Қыс,аққала,қар.
Қар жауып тұр. Балалар аққала жасады. Оқушылар сурет арқылы сөз, сөйлем құрайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға орындайды.
Жұмыстарын басбармақ арқылы бағалап отырады.
Оқушылар бірнеше сөздер айтады.

Тапсырмалады орындап болған соң кірдің жібіне іледі.
Қорытынды
«Ыстық орындық» Ортаға жаңа сабақты жақсы меңгерген бір оқушыны шығарып, жаңа сабақтар бойынша сұрақтар қойғызу; Оқушылар жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды, сұрақтарына жауап алады, түсінбегендерін түсінеді.
1.Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)
2.Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жиғаным. (хабарлы сөйлем)
3.Менде сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құраймын.
Өзгеден жауап сұраймын. (сұраулы сөйлем)
4.Қуану, ренжу, өкіну!
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын
Қарқындап барып қайтамын. ( лепті сөйлем) Үйге тапсырма 5-жаттығу 78-бет Рефлексия
Чемодан- салып аламын, алдағы уақытта қолданамын. Еттартқыш-алған ақпаратты өндеймін. Себет-керек емес ақпарат, лақтырып жіберем. Оқушылар үш суреттің біреуін таңдап көтереді.