?аза? тілі мен ?дебиеті презентациясы. Саба?ты? та?ырыбы: Отбасы-ша?ын мемлекет(2сынып)


2 сыныпҚазақ тілі және әдебиеті3-бөлім: Менің отбасым және достарымТақырыбы: Отбасы-шағын мемлекет. Сабақтың мақсаты:Т/А Тірек сөздерді дұрыс қолдана отыра, сөйлеу қабілетін дамыту.О2 Берілген ақпаратты түсіну.Ж2 Тірек сөздерден сөйлемдер құрап жазады Жетістік критерийлері: - Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді : - тірек сөздерді дұрыс қолдана отырып, сөйлемдерді ауызша және жазбаша құрастырады. Құндылықтар:сыйластық;еңбек пен шығармашылық;жауапкершілік.  Психологиялық ахуал.-Амандасу рәсімін көрсету.Мақсаты: сыныпта жылы, мейірімді атмосфераны орнату.Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрады, бір-бірімен жұптасып, мұғалімнің нұсқаулығы бойынша жұмыс жасайды.Үнді елі - қос қолын маңдайына жақындатып, иіліп сәлемдеседі.Тайвань елі - бір - бірінің мұрынын уқалап амандасады.Қазақтар - төс қағысып амандасады. «Қар ұлпасы» ойыныОйынның шарты:Ақ қағазда отбасы мүшелерінің аттары жазылады.Қағазды ұлпаға айналдырып, қар атысып ойнайды. Ойын тоқталған кезде, қолдарына түскен ұлпада жазылған сөзге сөйлемдер құрастырады. Топтарға бөлу. Оқушыларға отбасы мүшелерінің сөздерін беру арқылы бес топқа бөлу.1-топ «Ана» тобы2-топ «Әке» тобы3-топ «Бала» тобы4-топ «Ата» тобы5-топ «Әже» тобы Қызығушылықты ояту. Отбасын әдетте үш тұлға құрайды: әке, ана, бала. Осы сөздерді енді орыс және ағылшын тілінде қалай айтуға болады? Аудиожазбаны тыңдау. Әке- асқар тау, Ана-бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ. Жұппен жұмыс . Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Аудиожазбаны тыңдау: Әке-бала үшін шыңы биік асқар тау.Ана –тау бауырында ағып жатқан бұлақ.Бала- су жағасындағы шөп сияқты, яғни бала ананың қамқорлығымен өседі.Ендеше бүгінгі сабағымыз не жайында болмақшы? Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.Сабақтың тақырыбы: Отбасы-шағын мемлекет.Сабақтың мақсаты:Берілген тірек сөздерді қолдана отыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.2) Берілген ақпаратты түсіну. 3) Тірек сөздерден сөйлемдер құрап жазу.Оқушылармен бірлесе отыра, оқу мақсатына жету үшін жетістік критерийлерін құрап алу.- Тірек сөздерді қолдана отырып, ауызша және жазбаша сөйлемдер құрастыру. Тақтамен жұмыс. «Тездет, бірақ қателеспе!» Ана, әке, бала, ата, әже, аға, сіңлі, қарындас, іні, әпке ,шеше,ұл, қыз, апа.Ер адамға қатысты сөздер Әйел адамға қатысты сөздер: Сергіту сәті: «Қаңқалар биі» Топпен жұмыс.Топ ережесі:1-ереже. Бір-бірімізді тыңдаймыз.2-ереже. Басқаның пікірін сыйлаймыз.3-ереже. Тақырып көлемінде сөйлейміз.4-ереже. Бір-бірімізге көмектесеміз.5-ереже. Сабақта белсенді боламыз. Топпен жұмыс. Отбасы-шағын мемлекет тақырыбында постер жасау. 1- топ «Әке» Отбасындағы әкенің рөлі2-топ «Ана» Отбасындағы ананың рөлі.3-топ «Бала» Отбасындағы баланың рөлі.4-топ «Әже» Отбасындағы әженің рөлі5-топ «Ата» Отбасындағы атаның рөлі Топтар бір-бірін «Саусақ» әдісі бойынша бағалау. - келісемін - келіспеймін -қосарым бар, немесе сұрағым бар Топтық жұмысты берілген критерийлер бойынша бағалау. № Жетістік критерийлері ия жоқ 1. Жұмыс таза, ұқыпты орындалған. 2. Сурет бойынша сөйлемдер жазу. 3. Бас әріп, тыныс белгілері бар. 4. Тірек сөздерді дұрыс қолдана білу. Қалыптастырушы бағалау ОБ сілтеме Бағалауға арналған ұсыныс1-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз: _________ ................................................................................................................................................. Дағдылар Жетістік критерийлері Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді Жазылым Тірек сөздерді дұрыс қолдана отырып, сөйлемдер құрап жазады. Қорытынды«Полюс» ойыны арқылы қорытынды жасау.1.Ата мен әже –отбасы тірегі.2.Отбасы мүшелері бір-біріне көмектесу керек.3.Балалар ата-анасын тыңдамайды 4. Отбасы-шағын мемлекет.5.Отбасы тату болмайды.5.Отбасы мүшелері бір-бірін ренжітеді.7.Ата-ана өмірдегі қымбатты адамдар.8.Ана - отбасының жылуы, шуағы.9.Әке -отбасының асыраушысы, қамқоршысы.10.Бала- әкеден ақыл, анадан мейірім алмайды. «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау. Қызыл түс- нашар жұмыс істедім. Сары түс –орташа жұмыс істедім.Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім. Үйге тапсырма: Ертең сендер 12 сыныпты аяқтап шетелге оқуға түссеңдер, сол кезде өз отбасыларыңа арнап хат жазуларың керек. Сол хатты үй тапсырмасы ретінде қос параққа жазып келу.